16.06.2016 ж Боралдай кенті әкімінің аппараты ауыз ашар берді  
 

16.06.2016ж Боралдай кенті әкімінің аппараты «Самұрық» мейрамханасында ораза ұстаған кент тұрғындарына ауыз ашар берді. Қасиетті Рамазан айында ниет етіп ораза ұстаған жандарға кент әкімі М.Салимбаев «Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлік бар жерде ғана тірлік болады. Әркез кентімізде бірлігімізді сақтап, осылай татулықта өмір сүрейік» деп ақ тілегін білдірді.
Жиналған қауымға Боралдай кенті Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Үдербаев жыл сайын ораза ұстайтындардың саны көбейіп келе жатқанына қуанып тұрғанын айтып, ақ батасын берсе, Боралдай кентіндегі «Арын қажы» мешітінің бас имамы Б.Ахтаев ғибратты уағыздарын айтты.
Келген қонақтар кент әкіміне алғыстарын айтып, келесі Рамазан айында аман-есен жүздесуге тілек білдірісіп, ризашылықпен қайтты.