Боралдай кенті бойынша Тәуелсіздік күнін атап өту іс-шаралары бойынша дайындық 2015 жылы 11 желтоқсанда басталды. 10 желтоқсанда кеңес өтті, оған мекеме басшылары, кәсіпкерлер қатысып, мереке күнін атап өтудің жоспарымен танысты.
16 желтоқсан күні сағат 1100-де салтанатты жиналыс Водник 1 ықшамауданының саябағында өтті. Мереке Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Кешті мәдениет үйінің қызметкерлері мемлекеттік және ресми тілде жүргізді. Алғашқы сөзді кент әкімі М.О. Салимбаев алды. Еліміздің тыныштығы мен бірлігін мақтан етіп өтіп, кенттегі болып жатқан әр түрлі жақсы жаңалықтарды тұрғындарға жеткізді. Кент тұрғындарын мейрамдарымен құттықтап, барша қауымға бақыт тіледі. Сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық дамуына ат салысып жүрген белсенді азаматтарды арнайы мадақтамалармен мараппаттады.
Келесі кезекте ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Үрдебаев, аудан маслихатының депутаты В.Син сөз алды. Олар барша қауымды бүгінгі мейраммен құттықтап, ғасырлар бойы күткен Тәуелсіздік туын жоғары ұстау болашақ ұрпақтың үлесі екенін атап, елге тыныштық пен бейбітшілік тілеп, қыршын кеткен жастар рухына тағзым етіп тұру бүгінгі ұрпақтың үлесі екенін атап айтты. Сонымен қатар елін, жерін, туын сыйлайтын ұрпақты тәрбиелейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеуші кент ұстаздарына зор денсаулық пен қажымас қайрат тілеп, әкім мен әкім аппаратына ізгі істерді жүргізе беруіне тілектестігін білдірді.
Мерекелік жиналыс мектеп және мәдениет үйінің ұжымдары көркем өнерпаздарының дайындаған концертімен жалғасын тапты.
Салтанатты жиын аяқталысымен мейрам мерекелік спорттық ойындарға ұласты. Боралдай кенті бойынша 02-15.12.2015ж аралығында жастар мен тұрғындар арасында өткізілген спорттық ойындар (түрлі эстафеталық ойындар, шахмат жарысы) қорытындыланып, жүлделі орын иегерлері арнайы грамоталармен марапатталды.
Мерекелік жиналыс өз дәрежесіне сай өтті.
.jpg) .jpg) .jpg) .jpg)
|