15 ақпанда – сағат 1200-де Боралдай кентіндегі Водник 1 ықшам ауданының саябағында Кеңес әскерлерінің Ауған Республикасынан шығуына 27 жыл толуына орай, Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу жиыны өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен ашылды. Жиын мемлекеттік және ресми тілде жүргізді. Алғашқы сөзді кент әкімі М.О.Салимбаев алды. Келесі кезекте Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Үдербаев, Ауған соғысы Ардагерлерінің төрағасы С.Шүреновтер сөз алды. Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің даңқының мәңгі өлмейтіндігін, олардың ерлігі, азаматтығы ұрпаққа үлгі болып қалатындығын айтты. Ауған соғысында қаза тапқан азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін, салтанатты жиын «Ұлы Отан және Ауған соғыстарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған» ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу жиынына кент тұрғындары мен Ауған соғысы ардагерлері, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары, оқушылар мен жастар қатысты. Салтанатты жиын Боралдай кенті әкімі аппараты мен мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
   

   
|