«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы барысында аудан әкімі жанындағы «Тіл және қоғамдық ономастика» жұмысшы тобының мүшелері Боралдай кентінің әкімдігімен, қоғамдық ұйым мүшелерімен бірге Боралдай кентіндегі жеке кәсіпорындар мен халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін 28 нысанға (дүкен, шаштараз, дәмхана, базарлар, сұлулық салондары т.б) кәсіпорындарға сондай-ақ «Жедел» ЖШС жолаушылар тасмалдайтын мекемеге маңдайшалар, хабарландырулар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, деректемелер мен т.б көрнекі ақпараттардың орналастыру талаптары мен тіл заңдылықтарын сақтау туралы зерделеу жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетті.
Денсаулық сақтау, білім салалары бойынша орталық аурухана мен «Дәулет Центр» ЖШС нің медицина орталығы, «Балдаурен», «Әдемі» «Гүлдер» балабақшалары мен № 15, 17, 23 мектептерде ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы әдістемелік көмектер көрсетіліп, нұсқаулықтар таратылды.
P.S : «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы барысында мемлекеттік тілге құрметпен қарайтын кент тұрғындары мен мекеме, кәсіпорын басшылары, оның ішінде өзге ұлт өкілдері иелік ететін кәсіпорындар өз кезегінде акцияның жалғасын табуына және әдістемелік көмек көрсеткен үшін ризашылығын білдірді. Жарымжан жарнамалардан арылып, мемлекеттік тіліміздің таза болуына үлес қосу әрбір аудан тұрғындарының қасиетті парызы деп білеміз.
Аталаған акция маусым айына дейін жалғасатынын назарларыңызға салғымыз келеді.



|