11 ақпанда – Боралдай кенті №15 орта мектептің мәжіліс залында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының 2016 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес «Діни экстремизм мен терроризм – дәстүрлі діннің жауы» тақырыбында «Іле ауданы Ішкі саясат бөлімі» ММ және Боралдай кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесуді Боралдай кенті әкімінің орынбасары А.Таңатар жүргізді. Кездесудің мақсаты:
1. Діни экстремизмнің адам және қоғам, мемлекеттің болашағы үшін қатерлі екенін жеткізу.
2. Пікір алмасу арқылы проблемалық мәселелерді анықтау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кездесуге арнайы шақырылған «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның бөлім басшысы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы баяндама оқыды. Ол жастарға дәстүрлі діннің тура жолынан адаспау үшін біріншіден білім мен иман керек екендігін баса айтты. Сондай-ақ дін істері басқармасының сенім телефоны (8-800-080-28-95) жұмыс істейтінін айтты.
Рухани кездесуге Боралдай кентінің тұрғындары, жастар мен колледж студенттері және медресе, мектеп оқушылар қатысты.







|