Боралдай кентінде мерекелік іс-шараны атап өту дайындығы 2015 жылдың 23 қарашасында басталды. 23 қарашада әкімшілікте жиын өтті, оған мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер қатысып, мереке күнін атап өтудің жоспарымен танысты.
27 қарашада мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары аулаларын тазартып, санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмысты жүргізу барысы кент әкімі аппаратының жетекші маманы Н. Дінмұхамедұлына тапсырылды. Сонымен қатар кент аумағына безендіру жұмыстарын жүргізді.
1 желтоқсан күні сағат 1000-де салтанатты жиын Водник-1 ықшамауданының саябағында өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Жиын мемлекеттік және ресми тілде жүргізілді. Алғашқы сөзді кент әкімі М.О.Салимбаев алды. Еліміздің тыныштығы мен бірлігін мақтан етіп, кенттегі көптеген жұмыстар және басқа да ізгі шаралар жүргізіліп жатқанын айтып, тұрғындарды мейрамдарымен құттықтап, барша қауымға бақыт тіледі.
Жиын аудандық маслихат депутаты В.А. Син, қоғамдық кеңесінің төрағасы К. Найзабековтың құттықтау сөздерімен жалғасты.
Жиын аяқталысымен мейрам мерекелік спорттық ойындарға ұласты.
Мерекелік сауда орындары ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын көркемөнерпаздардың және МҮ ұжымы дайындаған концертімен жалғасын тапты.
.jpeg) .jpeg) .jpeg) .jpeg) .jpeg) .jpeg)
|