9 мамырда – Боралдай кентіндн Водник-1 ықшам ауданындағы мемориалды саябақта ҰОС және Ауған соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіштің алдында Ұлы Жеңістің 71 - жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Боралдай кенті әкімі аппаратының қызметкерлері, Ұлы Отан және Ауған соғысының ардагерлері, Боралдай кентінің Ақсақалдар кеңесі, Қоғамдық кеңесі, Аналар кеңесі, мекеме басшылары мен кент тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиынды ашқан кент әкімі М.Салимбаев ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына биыл 71 жыл толып отыр. Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге алғыс айтты.
Келесі кезекте Боралдай кентінің мекемелері мен тұрғындарының Отан үшін азаматтық борышын өтеу жолында қаза тапқан жерлес-жауынгерлердің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жауын құйып тұрса да соғыста қаза тапқан ата-әжелердің суреттерін ұстап ұрпақтары «Мәңгілік полк» рәсімін де өткізді. Жеңіс күні Боралдай кентінің көркем өнерпаздар концертімен жалғасын тапты.








|