7 мамырда – Боралдай кентінде кент әкімі аппаратының ғимараты жанындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің алдында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды, екі тілде жүргізілді. Салтанатты жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, мекеме басшылары мен кент тұрғындары, 2177 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Мәңгілік алауда сарбаздар қарауылда тұрды.
Салтанатты жиынды кент әкімі М.Салимбаев ашты. Әкім өз сөзінде бүгінгі ұрпақтың Отан үшін жанын қиған жерлестер рухына әркез тағзым ететінін және соғысқа қатысып жеңіспен оралған ортамыздағы ардақты ардагерлерге басын иетінін айтты. Сондай-ақ сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері А.П.Лысенко мен Ауған соғысының ардагері А.Сейітұлы да Отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтап, бүгінгі жауынгерлердің ешқашан соғыс көрмей тек бейбіт елдің тыныштығын ғана күзетуін тіледі.
Келесі кезекте Боралдай кентінің мекемелері мен тұрғындарының Отан үшін азаматтық борышын өтеу жолында қаза тапқан жерлес-жауынгерлердің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен аяқталды.








|