Астана күні

 
 
                                                        

6-маусым 2016 жылы Боралдай кенті, Водник-1 ықшам ауданындағы мемориалды саябақта «Астана күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын ҚР Мемлекетті Гимнімен ашылды. Ортаға ҚР Мемлекеттік Туы шығарылды.

Боралдай кентінің әкімі Сәлімбаев Мұрат Орынбайұлы тұрғындарды «Астана күні» мерекесімен құттықтады. Әкім өз сөзінде «Құрметті боралдайлықтар! Сіздерді бүгінгі «Астана күні» мерекесімен құттықтаймын! «Астана күні» тек астаналықтар үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Өйткені Астана – Қазақстан халқының бірлесу және нығаю орталығы, бейбіт пен келісімнің бейнесі. Астана 18 жыл ішінде әлемнің заманауи әдемі қалаларының біріне, Орта Азия аймағынының экономикалық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Құрметті жерлестер!Бүгінгі жарқын да, мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен гүлденуді тілеймін! Сіздердің үйлеріңізге, жақындарыңыз бен туыстарыңызға бейбіт өмір тілеймін! 

Бәрімізді біріктіретін күн сайын көріктеніп келе жатқан Астанамыз, бейбіт пен келісім символы ретінде, толерантты және мәдениаралық диалог орталығы болып, гүлдене берсін!» деді. Екінші болып Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Үдербаев құттықтап, тұрғындарғы батасын берді.

«Астана күні» мерекесіне орай Боралдай кентінің білім, денсаулық салаларына еңбегі сіңген қызметкерлері кент әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік жиынға кент әкімі аппаратының қызметкерлері, білім, денсаулық, бизнес саласының өкілдері мен кент тұрғындары және ҰОС ардагерлері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі мүшелері қатысты.  

Салтанатты іс-шара «Астана күні» мерекесіне арналған жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен және «Өрлеу» өнер мектебінің талантты жастарының концертімен жалғасты.  

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығындағы маңызды іс-шараның бірі «Астана күні» мерекесі болып табылады. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болған Астана қаласы бүгінде сәні мен сәулеті жарасқан, әлемдегі ең әдемі қалалардың біріне айналды. 

Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.