01 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі Боралдай кенті Водник-2 ықшамауданындағы мемориалды саябақта өтті.
Балалар мен тұрғындарды мерекемен құттықтаған кент әкімі М.Салимбаев «Бүгінгі 1 маусым - Балаларды қорғау күнімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын! Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні – ең ерекше мерекелердің бірі. Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып отыр.
Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы.
Қазіргі таңда кентімізде 4 мектеп, 12 балабақша жұмыс жасайды. Бұл мекемелерде балалардың білім мен тәрбие алуына барлық мүмкіндік жасалған, сондай-ақ бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында да түрлі спорттық және шығармашылық секциялары жұмыс жасайды» дей келе балдырғандарға «Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп-өніңіздер! Ата-ананың, еліміздің мақтанышы болыңыздар. Жақсылық, жарқын болашақ тілеймін!» деп өз лебізін білдірді.
Келесі кезекте Боралдай кенті ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Үдербаев балаларды мейрамдарымен құттықтап, балдырғандарға «Бүгін балалардың мейрамы! Бала – біздің болашағымыз! Бала – біздің бақытымыз! Сондықтан да болашағымыз жарқын, балаларымыз бақытты болсын!» деп ақ батасын берді.
Сондай-ақ демеушілер тарапынан кенттегі жетім және көп балалы отбасынан шыққан 350 балаға балмұздақ пен сусындар таратылды.












|