Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу»
заңын іске асыру мақсатында Байсерке әкімшілігінің ұйымдастыруымен №9 орта мектепте «Жасөспірімдер және кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге Іле аудандық әкімдігі және құқық қорғау органдарының өкілдері,ауылдық қоғамдық кеңес мүшелері,тәрбие ісі жөніндегі мектеп орынбасарлары және құқық пән мұғалімдері,ата-аналар шақырылады.Айтылған іс-шараға 9-сынып оқушылары тартылды.Дөңгелек үстелдің мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандарарасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу,құқық бұзушылық алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Байсерке ауылдық округі ювеналдық полиция тобының инспектор капитаны Тоғызбаева А.Д. аталмыш іс-шараны алғы сөзімен ашып, сөз кезегін №9 орта мектеп директорның тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрсейтова Әсемгүл Болатқызына берді.Әсемгүл Болатқызы сөзінде құқық бұзушылықтың мәселелері, олардың негізгі себептері туралы, құқық бұзушыларға қолданылатын арнайы шаралар жайлы айтып өтті.Осы міндеттерді орындау барысында мынандай талаптар қойылды: -Құқықты сауатты тұлға тәрбиелеу;
-Заңды құрметтеу, оны сақтау; басқа адамдардың құқығын бұзбау; -Әр түрлі өмірдегі жағдайларда құқықтық жағынан дұрыс іс әрекетке бейімдеу; Дөңгелек үстел барысында негізгі 2 сұрақ бойынша әңгіме өрбіді: оқушылар арасында құқық бұзушылықтың шығуы және оны шешу жолдары. Аталған тақырыпта оқушылар тек оны талқылап қана қойған жоқ, сондай-ақ бейне ролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар берілген тақырыпта қызу пікір талас жүргізді.Заңға қайшы әрекеттердің шығуы оның алдын алу, болдырмау тұрғысында өз ойларын ортаға салып, кейбірі тіпті өз өмірлерінде кездескен сәттерін айтып, тығырықтан шығу жолдарын іздеді.Бұл дөңгелек үстелде оқушылар белсенді қатысты, әр мәселенің шешіміне өз көз қарастарын ұсынды. Сондықтанда болар,мәжілістің алдына қойылған мақсат міндеттер толығымен іске асты. Кездесуді №9 орта мектеп директоры Нурмуханбетов Г.К қорытындылап, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастарға дұрыс тәрбие беруге, олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет деді.
|
Байсерке ауылдық округі бойынша 2014 жылдың сәуір айының 28 күнде өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет
28.04.2014 жылы Байсерке ауылдық округінің «Жас Ұлан» жасөспірімдер арасындағы КВН лигасының «Маусымашар-2014» конкурысы «Көңілді жастар»атты КВН байқауы өтті .Мектеп көңілділер мен тапқырлар шығармашылығын дамыту, жас буынды тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамыту; балалар мен жасөспірімдер бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру; мектеп көңілділер мен тапқырлар шығармашылығын, «Жас Ұлан» жасөспірімдер КВН лигасын құру және дамыту; КВН ойынын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бір саласы ретінде насихаттау; КВН мектеп лигасы командалары арасында шығармашылық және достық қарым қатынасты күшейту; Дарынды жастарды іздеу; балалар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру.
28.04.2014 г прошел конкурс открытие сезона – 2014 г «Лиги КВН» среди молодежий «»Жас Ұлан» Байсеркенского сельского округа «Веселая молодежь »Клуб веселых и нахочивых развивайет творчиство молодых и талантливых ребят поднимает дух молодежь пропогандируем ребят для успешного использования своего досуга. • Развивать начинающие молодежь и подростков использовать свободное времия молодежь и подростков с пользой для себя . • В недрить и развивать талантливых творческих ребят- школьников в КВН «Жас Ұлан»
• Вести пропогандо среди молодежь и вести ее как отдельную структуру
• Активно содействать участие подросков из школ в КВН
• Искать талантливых ребят, подимать профисионального уревень творческой молодежь .
|
Байсерке ауылдық округі бойынша 9-мамыр «Жеңіс күні» туралы
АҚПАРАТ
06.05.2014ж. округтегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері Алматы қаласындағы «28- Панфиловшылар ескерткішіне» соғыс жылдарындағы құрбандарды еске алып, Боралдай кентінде ашылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
29.04.14ж.- 07.05.14ж аралығында округ мектептерінің оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесулер үйымдастырып, мерекемен құттықтап, мерекелік концерттер өткізді. ҰОС ардагерлері жас ұрпаққа өсиеттерін, соғыс жылдарындағы еңбектері туралы әңгіме айтты. Оқушылар үйлеріне барып бақша отырғызу, аула сыпыру жұмыстарына көмектесті. Жүре алмайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін оқушылар үйіне барып мерекемен құттықтады, сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды. 09.05.2014ж. сағ. 10.00-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 69-жылдығына арналған салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мерекеге жиналғандарды Байсерке ауылдық округ әкімі С.Қ.Ерекешев құттықтап, Отан үшін ерлікпен қаза тапқан батырларымызды еске алып, бір минуг үнсіздік жариялады. Мерекеге жиналғандарды ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Жампейсов, ҰОС ардагері М.Түлкібаев, аудандық мәслихат депутаты Б.Сүлейменова мерекемен құттықтады.
Ауыл тұрғындары мен жасөспірімдер арасында әр түрлі спорттық ойындар жүргізілді. 09.05.2014 жылы сағат 11.00-де округтегі жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмегі арқылы «Самал» кафесінде Ұлы Отан соғысы, еңбек және жалғыз басты ардагерлеріне 70 адамға түскі қайырымдылық ас берілді. Сондай-ақ жүре алмайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін округ әкімі және әкім аппаратының мамандары үйіне барып мерекемен құттықтады, сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Дольче фарм» ЖШС 10 адамға азық-түлік пакеттерімен көмек көрсетті. Әкімшіліктің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлеріне 15 азық-түлік пакеттері үлестірілді.
Әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Эн-Уай-Кей Ауто Лоджистикс» ЖШС мекемесі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берді.
|
|
|