БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > Энергетический ауылдық округ әкім есебі

 
 
 
Байсерке ауылдық округі әкімінің 2015 жылы атқарылған жұмыстары мен
2016 жылға міндеттері туралы жылдық есебі.
 
Бүгінгі кездесу 2013 жылдың 15 тамызындағы «Жергілікті атқару органдары әкімдерінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуін өткізу туралы» Елбасының №615 Жарлығын орындау мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің жылына бір рет өзіне жүктелген міндеттермен қызметтердің орындалуы туралы тұрғындар алдында есеп беруіне сәйкес өткізіледі.
Байсерке ауылдық округі 7 елді мекендерден тұрады. Байсерке, Әли, Көктерек, Ынтымақ, Жаңадәуір, және Жаңаталап, Қоянкус.Округ бойынша тұрғындар саны - 29761 адам және жерінің көлемі – 26693 га. Барлық аула саны 5424. Орталығы Байсерке ауылы.
2014 жылдың 24 қараша айында өткен аудандық мәслихат шешімімен Байсерке ауылдық округіне Қоянқұс ауылы 2905 тұрғындар санымен және жер көлемі 1070 гектармен қосылды.
Округ бойынша өткен 2014 жылы экономика саласында жақсы динамикалық көрсеткіштер көрсетті.

Өндіріс, шағын және орта бизнес

Байсерке ауылдық округінде 2015 жылға 448 өндіріс орындары тіркелген, оның ішінде 164 өндіріс орындары жұмыс істейді, ірі кәсіпорын бар. Есепберу уақытында 1 жаңа жоба іске қосылды ол ЖШС-гі «Санафи» орамал қағаз шығару цехі іске қосылды «Даму» логистикалық орталығының аумағында. Жұмыс істеп тұрған 2 өндіріс объектісі кеңейтілді олар: ЖШС «Алматинский Вентиляторный Завод» вентеляторлық және тор жабдықтарын шығару Қоянқұс ауылы, ЖШС «Дольче»-фармацевтикалық заводы Ынтымақ ауылы.
Шағын бизнес саласында 745 жеке меншік кәсіпкерлікпен айналысады. Округ бойынша экономикалық белсенді азаматтар саны 13198 адамды құрайды.
Округтің өндірісін дамуға 2015 жылдың 11 айлығында 4млд. 268млн. 300мың тенге инвестиция беріліп,
Байсерке ауылдық округі бойынша 137 сауда және қызмет көрсету объектілері бар. Оның ішінде: 83- сауда саттық дүкендері, 3 - шағын базар, 10 -қоғамдық тамақтану орындары, 32- күнделікті қажетті халыққа қызмет көрсету орындары, 8- техникалық жөндеу орны, 5 жанар- жағармай станциялары жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы
 
Байсерке ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық жер көлемі -55204 га, оның ішінде жайылымдар – 45635 га, егістік жер -9334 га, суармалы-5379 га,тәлім (богара) – 3955 га.
Байсерке ауылдық округі бойынша 259 шаруа қожалықтары тіркелген және 2- өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорындары «Комбиснаб» АҚ, «Байсерке Агро»АҚ ұжымдары жұмыс істейді.
2015 ж жалпы егістік көлемі 9334 гектар. оның ішінде – күздік бидай-865 га, күздік арпа-970 га,жаздық арпа- 1667га майлы дақылдар -468 га,(оның ішінде соя-381га), астықты жүгері -820 га,сүрлемдік жүгері-120га көкөніс-804 га, бақша -120 га, картоп-246га, көпжылдық шөптер-2899 га, (оның ішінде людцерна-1224га).
2015 жылы ШҚ –мен ылғал сақтау технологиясы -1940 га жерге,интенсивтік технология 655га жерге қолданылды.
В 2015 жылы 40 га тамшылатып суғару әдісі игерілді, Машичуван ШҚ-30га, Филимонов ШҚ-10 га.
Округінде сыйымдылығы 2400 тонна болатын 5 қойма бар, Машичуван ШҚ 3 көкөніс сақтайтын және 1 картоп сақтайтын қойма, Көктерек ауылында сыйымдылығы 600 тонна көкөніс сақтайтын Қызылтаев ШҚ қоймасы бар. Ынтымақ ауылында «Қашағанов» шаруа қожалығында 5 гектар алма бағын өсіреді.
Байсерке ауылдық округінде 2015 жылы 24 шаруа қожалықтарына 31,3 млн. теңге субсидия берілді.
1300 га күздік жер, 1055 га сүдігер (пар) жер жыртылды.
Бүгінгі күнге округ бойынша шаруа қожалықтарының игерілмеген 1312 га жері, оның ішінде 400 га жер иелерінің құжаттары аудандық прокуратураға жіберілді.
Округте жыл сайын аудандық, облыстық және Астана қаласында өткізілетін ауыл шаруашылық жәрменкесіне «Жаз-Ай», «Люхай Р.К.», «Омаров», «Режеп», «Магай», «Исаев », шаруа қожалықтары белсенді қатысады.
2015ж. «Ырыс» бағдарламасы Чанлы ШҚ орындалды,бөлінген қаржыға 100 бас асыл тұқымды құнажын,сүт сауатын қондырғы,ауыл шаруашылық техникалары сатып алынады.
Округте ветеринарлық участок,1 мал сою алаңы бар
Округте 2015 ж 1 қантарына 3874 бас ірі қара, 5893 бас қой, 1075 бас шошқа, 217 бас жылқы, 16700 бас әр түрлі құстар бар.
Округ бойынша ветеринарлық алдын алу жұмыстарының іс-шаралары 100 пайызға орындалды.
Оны ішінде бруцеллезге қарсы ІҚМ-4412 бас, оның 24 бруцеллезге оң нәтиже берді (2014ж қарағанда 6 басқа кем), ҰММ-5893 бас тексеріліп, оның 10 бруцеллезге оң нәтиже берді(-16 басқа кем). Ауыру анықталған мал ошақтарынына ветеринарлық іс-шаралар жүргізіліп, аулалардан басқа шаруа қожалықтарының залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы ауылдық округте 343 иесіз қаңғыбас иттер аудандық бюджет тарапынан ұсталып, жойылды.

Налог

Байсерке ауылдық округі бойынша 2015 жылында жер, мүлік және сая-жай жер салығының жиналғаны:
- болжам бойынша мүлік салығы 3 млн.150 мың теңге, орындалғаны 3 177,9 мың тенге түсіп 100,9 %-ға,
- жер салығы болжаммен 4 млн. 500 мың теңге, орындалғаны 4 млн 507 мың тг. түсіп 101%-ға,
- саяжай жер салығы 650,0 мың тенге, орындалғаны 653,8 мың теңге түсіп 100,6%-ға артығымен орындалды.
01.12.2015 жылында Байсерке ауылдық округінің жергілікті бюджет есеп шотына 4 млн 883тенге жарнамалардан түсті.
Әлеуметтік саласы
Байсерке ауылдық округі бойынша 2015 жылы 6 –отбасына мемлекеттік- әлеуметтік көмек көрсетілді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы- 103 жанұяға берілді. Тұрғын үй жәрдем ақысын 48 отбасы алды. 50- мүгедек балаларды үйден оқытып және тәрбиеленуде.
2015 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қайта дайарлау мамандығы бойынша -410 адам, кәсіби білімін көтеруге-2, жастар тәжірибесі бойынша-6 адам және қоғамдық жұмысқа-35 адам жолдама берілді.
 
Санитарлық тазалау

Жыл басынан округте санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және аббатандыруға (көріктендіру) кешенді іс-шаралары жүргізілді. Округке қарасты жеке үйлерден шығатын қоқыстарды шығару және ауыл көшелері, мүрде аймағымен бас жолдарда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
23.02.2015 ж келісім-шартқа сәйкес «ТҮКШ» ЖШС-гі, атап айтқанда: Байсерке, Коктерек, Али, Жанаталап, Жаңадәуір, Ынтымақ, Қоянқұс ауылдарында жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен 85,5% келісім шартқа отырды. Мекеме басшылары санитарлық тазалау жұмыстары және де тұрғындармен келісім шартқа отырғызу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Округ бойынша санитарлық тазалауды жүргізу үшін аудандық бюджеттен 2 млн.80 мың тенге бөлінді. Аталған қаражатты игеру үшін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу тендірі өткізілді. Тендірдің қортындысы бойынша «ТҮКШ» ЖШС-гі округ бойынша жаяу жүргіншіге, ағаштарды әктеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратына тұрғындардан түскен өтініштерін есекере отырып, «Іле Су құбыры» мамандарымен электр желілері және тұрғын үйлер жанындағы апат туғызып тұрған санитарлық ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда қазіргі таңда апат туғызып тұрған 180 ағаш кесіліп, 2016 жылға 1347 апат туғызып тұрған ағаштарды кесу жоспарлануда.

Электр жүйесі

ЖШС «kazluxстрой» Жанаталап ауыл тұрғындарын электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 193 бағана, 6 шақырым 230 м электр сымдары, 1 трансформатор Мұқанов көшесіне орнатылды және Қонаев көшесіндегі 1 трансформатор қуаттылығы жоғары тарнсформаторға ауыстырылды. Сондай-ақ, сол көшеде жалпы соммасы 33 млн. 898 мың 569 тенгеге 23 көше жарықтандыру бағаналары орнатылды
Али ауылының Бұхар жырау көшесіне соммасы 9 млн. 217 мың 185 теңгеге 40 бағана, 2 шақырым 720 м электр сымдары, 1 трансфарматор орнатылды.
Көктерек ауылына ЖШС «Асыл Тау» мердігерлерімен соммасы 11 млн. 657 мың тенге 52 бағана,1 трансформатор, 1 шақырым 300 м электр жүйелері жүргізілді.
Коянкус ауылына ЖШС «Фуд-МС» мердігерлерімен соммасы 50 млн. 400 мың теңге 160 бағана, 63 дана- сыртқы көше жарықтандыру бағаналары орнатылды.
Байсерке ауылдық округінің аймақтарында көшелерді жарықтарымен қаматамасыз ету және қызмет көрсетуге 2 млн 80 мың тенге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Traffic&DN» ЖШС-гі айналысады.
 
Газбен қамтамасыз ету
 
Байсерке ауылдық округінде 1100-ге жуық жеке тұрғын үйге магистральды газ трубаларын орнатып, 278 үй техникалық келісім-шартқа сұраныстарын ЖШС «КазТрансГаз-Аймақ»-қа жолдап, оның ішінде 160 үй техникалық келісім-шарттарын алды. Байсерке ауылында 57 көшеге магистралды газ трубаларына газ жіберілді. Қазіргі таңда 1 куб газға 29 теңге (НДС). Байсерке ауылдық округінің әкім аппараты және ЖШС «КазТрансГаз-Аймақ» мамандарымен бірігіп газ жүйесін тарту бойынша жиындар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сумен қамтамасыз ету
Округке қарасты елді мекендегі тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін «Сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және құрылыс» жұмыс жобасына қаражат бөлінді. Жұмыс барысы ЖШС «Сейсмостройпроект» компаниясымен жүргізілуде. Жобалық-сметалық жұмыстарын өңдеуден соң, құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сұрақтар қозғалады.
Жаңадаур ауылы орталық сумен жабдықталған, су қорабының торабы 8,2 шақырым, 1 ұңғыма бар.
Жанадаур ауылындағы жаңадан салынған үйлерге су тарту мақсатында келісім шарт жасалды, Іле ауданының Жаңадаур, Қоянқұс, Жанаталап ауылдарын сумен жабдықтау және су ұңғымаларын бұрғылау жүйесін қайта қалпына келтіру мен құрылысына 37,6 млн. тенге қаражат бөлінді. Мердігер ЖШС «ИнститутАлматыэнергосетьпроект».Жобалық-сметалық жұмыстары соңында, құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сұрақтар қозғалады.
Жолдар және абаттандыру
Байсерке ауылдық округі бойынша абаттандыруға 77 млн. тенге бөлінді. Атап айтқанда:
1. Набережная 1500м
2. Юбилейная 1085м
3. Абылай-хана 1006м
4. Мусрепова 795м
Күрделі жөндеу жұмыстарына 385 млн. тенге бөлінді. РСУ-1 ЖШС-гі Байсерке ауылы 12 км Арқабай көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыруға 2016 жылы 160 млн. 246 мың тенге бөлінді. «МАКС Дор Строй Сервис-21» ЖШС-гі Байсерке ауылы көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
№ Атауы Ұзындығы Жабынды көлемі Жабынды түрі Соммасы
1. Байсерке ауылы, Солнечная көшесі 244м 1112 асфальт 3 444 774
2. Байсерке ауылы, Жамбыл көшесі 265м 1206 асфальт 3 733 764
3. Байсерке ауылы, Жетысу көшесі 482м 2195 асфальт 7 038 936
4. Байсерке ауылы, Интернациональная көшесі 246м 1236 тас құм 1 082 125
5. Байсерке ауылы, Есімхан көшесі 231м 1173 тас құм 1 734 120
6. Байсерке ауылы, Қасымхан көшесі 341м 1705 тас құм 2 520 606
7. Байсерке ауылы, Школьная көшесі 904м 4993 асфальт 18 596 030
8. Ынтымак ауылы, Школьная көшесі 1324м 7909 асфальт 29 307 430
9. Байсерке ауылы, Өтеміс ұлы көшесі 295м 1351 асфальт 4155 457
10. Байсерке ауылы, Б. Момыш-Улы көшесі 243м 1118 асфальт 3 458 180
11. Байсерке ауылы, Чапаев көшесі 399м 1954 асфальт 6 003 048
12. Байсерке ауылы, Казахстан көшесі 532м 2663 тас құм 4 144 079
13. Байсерке ауылы, Болтірік батыр көшесі 542м 2718 тас құм 4 229 668
14. Байсерке ауылы, Сырым Датұлы көшесі 308м 1542 тас құм 2 399 610
15. Байсерке ауылы, Тауке хан көшесі 279м 1398 тас құм 2 175 520
16. Байсерке ауылы, Полевая көшесі 341м 1608 асфальт 5 105 043
17. Байсерке ауылы, Мусрепов көшесі ямочный 235пм 235 асфальт 730472т
18. Жанаталап ауылы, Мұқанов көшесі 738м 3710 тас құм 5 484 718
19. Жанаталап ауылы , Набережная көшесі 344м 1736 тас құм 2 566 433
20. Жанадаур ауылы, Қорқыт ата көшесі қиылысымен 315м 1585 тас құм 2 466 000
21. Жанадаур ауылы, Қазанғап көшесі 154м тас құм 1 206031
22. Жанадаур ауылы, Уалиханов көшесі жалғасы 302м тас құм 2 390 280
23. Жанадаур ауылы, Ықылас көшесі қиылысымен 273м тас құм 2 166 190
24. Жанадаур ауылы, Школьная көшесі 1510 асфальт 18 801 470
25. Қоянқұс ауылы, Жастар, Гулдер көшесі 812м 3790 асфальт 12 109 160
26. Қоянқұс ауылы, Көктөбе көшесі 419м 1992 асфальт 6 201 960
Барлығы: 160246061,51

Телекоммуникация

Бүгінгі күнде Байсерке округі бойынша 2100 абонентке қызмет көрсетеді. Тұрғындардың сұранысы бойынша 500 абонентке қалалық желісі орнатылды. Ағымдағы жылы округ бойынша 3000 абонентке аудандық желісі орнатылды. Атап айтқанда: Байсерке-300, Жанаталап-128, Коктерек-100, Жанадаур-56. Мегалайн (интернет) қызметін 1000 абонент пайдаланады.
Ынтымақ ауылы бойынша 600 автоматты телефон станциясы орнатылған, оның-300 жұмыс істейді. Мегалайн (интернет) қызметін 1000 абонент пайдаланады
Жаңаталап ауылы бойынша 300 автоматты телефон станциясы орнатылған,
Қоянкұс ауылы бойынша 2200 абонент қалалық желіге, 1000 абонент сымсыз желіге, 575 абонент жылдамдығы жоғары Мегелайн интернетіне қосылған.
2016 жылы Абылай-хана көшесіне телекоммуникация сымдарын жүргізу жоспарлануда.

Білім саласы

Білім басқармасының «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудағы жұмыс туралы» аудан әкімдігінің 2012 жылғы мамыр айының 24 күні № 139 бекітлген қаулысына сәйкес, Байсерке ауылдық округінде 9 білім беру мекемесі бар.
Мектептердегі барлық мұғалімдер саны-553, оның ішінде жоғарғы білімділері-490, арнаулы орта білімді- 63.
Оқушылар саны-7370 ,оның ішінде мектептке дейінгі -728, төменгі буындағы-3211, орта буындағы-3018, жоғарғы буындағы-413, үздік оқушылар саны- 935 , екпінді оқушылар саны- 1638,белсенді ата-аналар саны-142.
2015 жылғы түлектер саны-173, оның ішінде ҰБТ-ге қатысқандар саны-135, емтихан тапсырғандар саны-36, денсаулықтарына байланысты қатыспағандар саны-1, Халықаралық пәндер олимпиядасының жүлдегері-3, алтын белгі иегерлері-5
Округ бойынша ҰБТ-тің нәтижесі № 01 ОМ-87,5%, № 05 ОМ-85%,
№ 09 ОМ-77%, № 12 ОМ-96% , № 22 ОМ-38 % , № 25 ОМ-82%, № 30 ОМ-68,9%
Биылғы оқуға түскендердің саны- 319, оның ішінде жоғарғы оқу орындарына-130 арнаулы орта оқу орындарына-102.Грант иегерлері -20
Мектепке ағымды жөндеу /сырлау әктеу т.б/ жұмыстарына бөлінген қаражат көлемі 1,518 млн 125 мың.тенге.
Балабақшалар
Округте барлық балабақша саны-13, оның ішінде 1 мемлекеттік,12 жеке меншік балабақшалар халыққа қызмет көрсетуде.
Байсерке ауылында – 7 балабақша «Ақбота» балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Ақпейіл», «Ниет-ай», «Ай-Ару», «Ертөстік», «Гнездышко», «Диас».
Қоянқұс ауылында -2 балабақша « Балдырған», «Балақай», Жаңадәуір ауылында-1 балабақша « Ақжелкен», Ынтымақ ауылында-2 балабақша «Балапан», « Байбота»
Али ауылында-1 балабақша «Нұрай», Мемлекеттік балабақшада -180 бала, жеке меншік балабақшада-364 бала тәрбиеленуде.
 
Денсаулық саласы

Байсерке ауылдық окургі бойынша 4 дәрігерлік емхана, 3 медициналық пункт орналасқан. Емханаларда 81 дәрігерлік қызметкерлері,14 дәрігер, 69 медбике жұмыс істейді.
Округ бойынша жыл сайын мектептерде алдын-алу жұмыстары және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
 
Мәдениет және спорт
 
Округ бойынша 7 қоғамдық кеңес, төрағасы Валиев Қайсар Валиұлы және 217 көше комитеттері құрылып, округте өтетін барлық іс-шараларға қатысып отырады.
Байсерке ауылында «Байсерке» көркем- өнерпаздар үйірмесінің құрамында 12 адам жұмыс істейді, олар мәдени іс- шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсете концерттік бағдарламалар ұйымдастырады.
Округ бойынша екі ескерткіш бар. Олар: Ұлы Отан соғысында шейіт болған отандастар рухына арналған ескерткіш; 1975 жылы салынған Байсерек ауылында Школьная көшесінде орналасқан. Екінші Кеңес үкіметінің комсомол ұйымының құрылғанына арналған ескерткіш «Алматы-Талдықорған» тас жолында «Дос» кафесінің басшылары қадағалайды.
ҰОС-ның 70 жылдығына орай 5 елді мекенде Жаңталап, Жаңадәуір, Ынтымақ, Қоянқұс, Али ауылдарында ескерткіштер орнатылды.
Округ бойынша 7 мешіт, 1 хрестиан церкві бар.
Байсерке аулында «Жастолқын» жасөспірімдер аулалық клубында 52 бала қатысады, онда әнге, биге, вокалдық, қол өнер, тоқумен айналысады.
Округте жылдың басында бекітілген жоспар бойынша әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.Спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалынып, салауатты өмір салтын жүргізу.
Округ бойынша 2015 жылы түрлі мәдени және спорттық шаралар өтуге арналған 6 - спорт залы, 7 - футбол , 9- волейбол, 7- баскетбол, 3 -шағын футбол алаңдары бар. «Мереке» , «Бастау», «Родник», «Алатау», сынды жеке құрылым мекемелері әр түрлі мәдени спорттық шараларды өткізеді.
Өткен жылы округте өткізілген мәдени іс-шараларға, тұрмысы төмен өтбасы балаларына, жетім, мүгедек балаларға, жалғыс басты адамдарға және демеушілік көмек көрсеткендері үшін жеке кәсіпкерлерді және шаруа қожалықтары Жаңабергенова Әділбек, Чегебаева Малика, Бычкова Василий, Дөненбаев Советбек,, Құрманғалиева Нұрлан, Тагиева Гейдар, «Дос» кафесі, «Әлькасар»кафесінің басшысы, «Даму»ЖШС, «УМР»ЖШС, «Стэм»ЖШС, «Байсерке Агро»ЖШС, «Марк»ЖШС және т.б. басшыларына алғыс айта кеткім келеді.
 
Құқық саласы

Бүгінгі таңда округтегі орын алып жатқан үлкен қылмыс ұрлық-230 оның ішінде мал ұрлығы 7, ашылғаны-1. Ұялы телефон ұрлығы-32 ашылғаны-5, ашылмағаны-27.
Тонау-15, ашылғаны -12. Заңсыз есірткі сақтау - 9 ашылғаны – 5. Басқа қылмыстар 33 оның ішінде ашылғаны -25 ашылмағаны -8
2015жылдың қаңтар, желтоқсан айы аралығында 364-әкімшілік құқық бұзушылық орын алып, 943250 тенге айыппұл салынған, 245-ескерту берілді.
 
Мемлекеттік орган
 
Ауылдық округ аппаратының жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы және ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес, 2015 жылы Байсерке ауылдык округі бойынша 669 өтініш қаралып оның ішінде заңды тұлға-3, жеке тұлғалар-666 уақытымен тиісті жауаптар берілді.
 
2016 жылға арналған жоспары

Ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында 2 инновациялық объектілердің ашылуы жоспарланған олар: ЖШС «Вест-Груп сервис» (тұшпара жасау цехы) Байсерке ауылы, ЖШС «У-Ай» (көкініс сақтау қоймасы). «Даму» логистикалық аумағында ағымдағы жылдың соңына дейін келес объектілердің ашылуаы жоспарланған олар: ЖШС «Шинлайн» (балмұздақ, полуфабрикат өнімдерін сақтау салқындатқыш қоймалары), ЖШС «Ультра Спектр» (мобилдік шағын үйлер құрастыру цехы), ЖШС «Нэктрис» (мототехниканы құрастыру цехы), АҚ «Казмунай өнімдері» (ЖЖБ) Алматы-Жетыіген тас жлы бойында 18 км.
2016 жылға 112 көшенің жолдарын жөндеу жұмыстарына сұраныс хат жолданды. 2016 жылда Байсерке ауылдық округіне қарасты көшелерін жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінетін қаражатты көбейту жоспарлануда. Сонымен қатар, 2016 жылға Байсерке ауылындағы Медицинская көшесін абаттандыру жұмысын жүргізу үшін 17 млн. 840мың. тенге бөлінді. 2016 жылға жобалық-сметалық құжаттар Байсерке ауылындағы №12 орта мектепке қосымша 300 орын, Ынтымақ ауылында 600 орынға мектеп және Қоян-құс ауылында 280 орынға бала-бақша салыну жоспарлануда.
Рахмет!