БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі > Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарған жұмысы

 
 
 
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылы атқарған жұмысы, 2016 жылға арналған
жұмыс жоспары және
әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы
М Ә Л І М Е Т
 

Биыл Тәуелсіз еліміздің қалыптасқанына 25 жыл толады. Елбасы саясатының арқасында біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырмыз. Еліміздің ұлттық идеясы- «Мәңгілік ел» ретінде қалыптасу, осы идеяны орындау мақсатында Елбасы Қазақстан халқына 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын ұсынды. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Біз бойымыздағы озығымызды үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле би ауылдарынан және 42 саяжайдан тұрады.
Округ тұрғындарының саны 2016 жылдың 1-қаңтарына, статистикалық есеп бойынша 24 795 адамды, округің орналасқан орны 9,59 шаршы километр ауданды құрайды. Округіміз кезінде тек қана егін, мал шаруашылығымен айналысқан болса, соңғы жылдары округ аумағында орта, шағын бизнестің дамуына байланысты көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестітер жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр.

Өнеркәсіп саласы бойынша

Елбасы Жолдауында кәсіпкерлер мен іскер азаматтарға мемлекет тарапынан бизнестерінің дамып, аяққа нық тұруларына барлық жағдай жасалып отырғандығын және бүгінгідей сын сағаттарда бизнес секторына үлкен жауапкершілік артылып, сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» деген логотипті әрбір бұйымда төрт қасиет - сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек, сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады деп атап өтті.
Бүгінде округ аумағында жалпы 147 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. оның 10-ы 2015 жылы округтің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланысты Первомай өндірістік аймағынан қосылды.
2015 жылдың қорытындысы негізінде: «Первый Пивзавод» ЖШС–нің сыра шығаратын зауыты 22 млн 735 мың литр өнім шығарып, бюджетке 774 млн 556 мың 743 теңге салық төледі.
«Ботабеков» ЖШС кірпіш зауытында 3 млн. 255 мың 945 кірпіш, жалпы құны 71 млн. 630 мың теңгені құрайтын өнім шығарды. 2015 жылдың желтоқсан айында «Ботабеков» ЖШС «Теплоблок» шығаратын заманауи техникалармен жабдықталған зауыт құрылысын іске қосты.
«Росс Прокат» ЖШС-нің құбыр шығаратын зауыты 750 мың тонна, жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын құбыр шығарды.
«Дормаш ЧТЗ» ЖШС 23 дана «Б-10» маркалы булдозерін жинақтады және ЧТЗ зауыты шығаратын ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етуде.
«Дизайн Пласт» полиэтилен пакеттерін шығаратын зауытты 175 мың тонна, жалпы құны 175 млн теңгені құрайтын өнім шығарды.
2015 жылдың 2 шілдесінде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен телекөпір арқылы «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығаратын зауыт іске қосылып, ағымдағы уақытқа дейін 1000 тоннадай өнім шығарды. Алдағы уақытта, бұл өнімді 3 есеге дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС дәрі-дәрмек шығаратын зауыты іске қосылды. Первомай өндірістік аймағынан қосылға тауық еті мен жұмыртқа өнімдерін шығаратын «Аллель Агро» АҚ 2015 жылы 31 мың 900 тонна өнім алып, Қазақстанның азық-түлік рыногында өз орын алып отыр. Дайын өнімдерді сақтап, ел аумағына және шетелге тасымалдаумен айналысатын «Фрилайн дистрьбюшн» және «Премиум Логистик» ЖШС және жоғарыда аталған кәсіпорындарды қоса есептегенде жалпы 2 мың 309 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жеке кәсіпкер Д. Абдраймовтың «Мерей» кондитер цехы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 426 тонна, құндық өлшемі 3 млн. 858 мың тенгелік кондитер өнімдерін шығарып, бүгінгі таңда кондитер цехы өнімінің сапасы мен түрлерін көбейту мақсатында жаңа цех ғимараты құрылысын бітіріп жаңа линияларды енгізу жұмыстары жүріп жатыр. «Акшол» ЖШС 2015 жылдың қорытындысы 232 мың тонна шарап өндіріп, жалпы құны 46 млн 495 мың теңгені құрады. «Рамазан Мақпал» ЖК 2015 жылдың қорытындысы бойынша 69 мың 615 дана тандыр нан өнімдерін шығарып, шығарылған өнімнің жалпы құны 4 млн 176 мың 900 теңгені құрайды, алдағы уақытта нан өнімдерін шығаруды екі-үш есеге көбейтуді мақсат етіп отыр, бірақ округ тұрғындарын толық нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бізге әліде наубайханалар ашу қажет. «Люкс қағаз» ЖШС тазалық сүлгілерін шығаратын зауыт 2015 жылдың ақпан айында іске қосылып, жыл соңында 300 тонна өнім өндіріп, жалпы құны 1 млн 80 мың теңге құрады.
Округ аумағында жұмыс істейтін өндірістік орындарға тартылған инвестициялар көлемі аудан бойынша инвестиция тарту көлемінің 16,4 пайызын құрайды. Атап өтсек, «Плодоимпорт» ЖШС қоймасының құрылысына 45 млн. теңге, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС дәрі-дәрмек шығаратын зауытының құрласына 3,5 млрд. 720 млн. теңге, «Дизайн Пласт» ЖШС полиэтилен пакеттерін шығаратын зауыт құрылысына 318 млн.500 мың теңге, «Шмидт» есік-терезе шығаратын зауыт құрылысына 65 млрд.522 млн. теңге, «Азия Темир ЛТД» ЖШС тазалық сүлгілерін шығаратын зауытқа 2 млрд. 800 млн. теңге, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығаратын зауыттына 3 млрд 200 млн. теңге инвестиция тартылды.
Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен 174 жеке тұлға айналысады, оның ішінде 90 дүкен, «Нұр Әлі», «Шолпан» әмбебап сауда орындары, «Green Mart» азық-түлік сауда орыны, 3 қонақ үй, 1 тойхана, 1 мейрамхана, 7 кафе, 5 асхана, 11 шаштараз, 9 дәріхана, 4 жеке тіс емдеу орны, 7 жанармай құю бекеті, 1 шағын базар, 4 киім тігетін ателье, 2 нотариалдық қызмет көрсету орны, 5 ТЖО (СТО) жұмыс істейді, 7 көлік жуу орталығы, 8 дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс атқаруда. 2015 жылы М.Түймебаев ауылында 8 сауда орыны, «Үміт» медициналық қызмет көрсету орталығы мен өндірістік аумақта «Royal Petrol» жанармай құю бекеті, «Орхидея» сән салоны, спорт жаттықтыру залы және Көкқайнар ауылында «Бәйтерек» шағын маркеті ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Округ тұрғындарына 2 монша қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, коньки тебу сырғанағының (каток) құрылысы жүргізілуде. Шағын кәсіпкерлік саласында округ бойынша 1350 адам жұмыс істейді.
Округ аумағында орналасқан дүкендер 1000 адамға шаққанда бекітілген мөлшер бойынша 96 пайызға, қоғамдық тамақтандыру орыны бекітілген мөлшер бойынша 55 пайызға қамтылса, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары бекітілген мөлшер бойынша 47 пайызға, монша бекітілген мөлшер бойынша 45 пайызға қамтылған.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ киім жөндеу, кілт жасайтын цехтар, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, банкомат, тұрмысқа қажетті техникаларды жөндеу шағын кәсіпорындарын, ойын-сауықтыру орталықтарын, ашу қажеттілігі туындап отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында округте 76 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың қарамағына 7139 гектар жер бекітіліп берілген, 510 адам тұрақты жұмыс жасайды. Д.Дәдібаевтың 350 шаршы метр жылыжайы, Ж.Сұртаевтың 350 шаршы метр жылыжайы, Н.Н.Бандюков басқаратын «Самал» ЖШС көкөністі тамшылап суғару әдісімен өсіретін, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын жылыжай, «Әле Монтай» шаруа қожалығы 1,6 га жер аумағына 16 000 шаршы метр жылыжай және Д.Дәдібаевтың 400 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды. «Дәдибаев» шаруа қожалығының сыйымдылығы 300 тонналық көкөніс сақтау қоймасына 2015 жылы 20 тонна картоп, 10 тонна пияз сақтауға қойылды.
Жеке кәсіпкер Шень Синь 2015 жылы жаңадан 300 шаршы метр жер аумағына саңырауқұлақ өсіретін жылыжай салып, 100 тонна көлемінде өнім өндірді. Жеке кәсіпкер Жалалқызы Әмина Көкқайнар ауылының 1,35 га жер аумағына 800 шаршы метрді құрайтын жылыжай құрылысы жұмыстарын жүргізуде.
Жылыжайлардан 2015 жылы 300 тонна қияр, 100 тонна қызанақ, 50 тонна әр түрлі көкөністер өндірілді. Қазіргі таңда бұл жылыжайлар ауыл тұрғындарын арзан бағада көкөніспен қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуда.
Округ аумағында жылыжайлардың ауданын көбейту жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз, себебі бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған жылыжайлар қысқы мерзімде тұрғындардың көкөніске деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
Шаруа қожалықтары 2015 жылы 1883 гектар жерге дәнді дақылдар егіп, оның ішінде 558 га күздік бидай, 254 га жаздық арпа, 86 га дәндік жүгері, 76 га майлы дақылдар және 62 га жерге көкөніс, 119 га жерге картоп, 728 га мал азығын дайындайтын көп жылдық шөп егілді.
Округте соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетуіне байланысты, суармалы жерлерді көбейту үшін арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, тамшылап суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасалуда.

Арық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бойынша аудандық Илииригация мекемесімен бірге «Машкуз» каналының 9 км-рі тазаланып, 5 шаруа қожалығын сумен қамтамасыз етуде. 2015 жылы «Тлеулес» шаруа қожалығының 40 га, «Алғабас» ЖШС-нің 50 га жоңышқа егілген жері, «Тоспа су» мекемесінің тазалаған суымен суғарылды.
Округ бойынша «Семеречье групп» ЖШС 18 га жерге, «Свято Сергиевский приход» ЖШС 5 га жерге, «Гаухар» ШҚ 5 га жерге алма көшетін отырғызып, тамшылатып суғару әдісін қолданып бақ өсіруде.
Статистикалық есеп бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне округте 5847 бас ірі қара, 9730 бас қой ешкі, 515 бас жылқы, 120 бас түйе, 810 бас шошқа, 16345 бас құс тіркелген.
Шаруа қожалықтарында мал басы жылдан жылға артып келеді. «Азамат» шаруақожалығы 230 бас ірі қара, Ә.Бөкенбаев 30 бас ірі қара, Б.Құсайынұлы 25 бас ірі қара, Ф.Аллахвердиев 21 бас ірі қара, Б.Құрманбаев 30 бас ірі қара бордақылап отыр. Ал, ауылдық жерде мал басының азайып келе жатқаны байқалады, оған ауыл айналасындағы жайылым жердің аз болуы мен жем-шөптің жылдан жылға қымбаттап бара жатуы себеп болып отыр. Осы мақсатта округ аумағында заманауи жайылымдарды пайдалануды қолданысқа енгізу керектігі туындап отыр.
2015 жылы «Ірі қара малды бордақылау алаңдарын салу» негізінде жоспар бойынша 300 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу керек болса, округте «Азамат» шаруа қожалығы 300 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын және жеке кәсіпкер Қосманбаев Мергенбай 200 басқа арналған бордақылау алаңын салып, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алу мақсатында округ бойынша жеке шаруа қожалық басшысы «Желдікбаев Такен» несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын дайындауда. «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамыту және жайылымдарды суландыру, «Ырыс» бағдарламасы (Сүтті тауарлы фермалар салу) бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмыс жоспары жасалып бекітілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарының басшылары «Жарболов Шоқан», «Құсайынұлы Бағлан» несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын дайындауда.
«Азамат» шаруа қожалығының басшысы Жамалбаев Бағдат ағымдағы жылда ЖШС «Бақдәулет» арқылы банктен 31 млн тенге несие алып, 142 бас ірі қара мал сатып алды.
Жеке кәсіпкер Салиханова Нелли басқарған «Анжела» шаруақожалығы 98 бас ірі қара бағып, оның ішінде 81 басы сауын сиырлар, заманауи технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сүт өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асханасын (молочная кухня) сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы шаруашылық аз жайылымды жерде ғылыми тәсілдерді қолданып (культурное пастбище) көп мал басын бағу әдісін округ шаруа қожалықтарына таратуды мақсат етіп отырмыз.
Округ аумағында 1 ветеринарлық пункт жұмыс істейді. Онда 4 ветеринар-дәрігері жұмыс атқарып жатыр. Жәпек батыр ауылында 1 малдарды қолдан ұрықтандыру пункті, Көкқайнар-3 ауылында 1 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.
Мал шаруашылығында малдан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және оны болдырмау жұмыстары үнемі бақылауға алынып, жүйелі түрде жүргізіледі. 2015 жылы жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары мен тексеру жұмыстары 100 пайызға орындалды.
2015 жылы ит аулауға аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, 307 қаңғыбас ит ұсталды және қоғамдық кеңес, кәсіпкерлер мен ит ұстау бригадасы 39 ит ұстады, барлығы 346 қаңғыбас иттер жойылды. Бұл жұмыс әлі жалғасын табады.
Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 8 бас ірі қара, 11 бас ұсақ мүйізді мал анықталып, шұжық жасау цехтарына тапсырылды.
2015 жылы округ тұрғындарының малдарын жазғы жайылымға шығару үшін 9 табын жасақталып, бақташымен қамтамасыз етілді. 1 сәуірден бастап 1 қарашаға дейін табындар жайлымға шығарылды.
Округ бойынша 2015 жылға белгіленген жоспар негізінде 16 мың.300 тонна қыс мезгіліне малдардың жем-шөптерін дайындау жұмыстары жүйелі жүргізіліп, шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының малдары қыс мезгіліне жем-шөппен қамтамасыз етілді.






Салық

2015 жылы тұрғындардан және заңды тұлғалардан округ бойынша салықтың 4 түрінен 886 млн. 875 мың 064 теңге салық жиналды.
Оның ішінде:
- Жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы 1 млн. 979 мың 552 теңге
- Жеке тұлғалардан түскен жер салығы 1 млн. 159 мың 496 теңге
- Саяжайлардан түскен жер салығы 482 мың 482 теңге
- Заңды тұлғалардан түскен салық 883 млн. 253 мың 534 теңге
Салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспарлар 100 пайызға орындалды.
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты салық жинауға арнайы маман бөліп, елді мекендер мен саяжайларда жаңадан салынған үйлерді, берілген жерлерді тізімге алып және төлемей, салықтан жалтарған адамдардың тізімін аудандық кіріс басқармасына өткізіп, шара қолдауын сұрап, бюджетке салық төленуін бақылауда ұстауда. Округ бойынша арнайы бөлінген маман үйлерді аралап, қарыздары бар жеке тұлғаларға ескерту қағаздарын беріп, төлеу мерзімінен 1 ай асып кеткен жағдайда сот арқылы салықты өндіріп алынады.
Салық саласының мөлдірлігін (прозрачность) арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана ел экономикасының әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ.

Инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы

2015 жылы округ тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында округ ауылдарында төмендегі жұмыстар орындалды:
М.Түймебаев ауылындағы Жандосов, Мұқанов көшелерінде орналасқан ТП-224, ТП-262 қуаттылығы жоғары трансформатор 400 кв жаңадан ауыстырылып, барлығы 224 электр бағандары қойылды. М.Түймебаев ауылының Алматинская, Первомайская көшелерінде орналасқан ТП-177 ВЛ-0,4 кв электр желісі ауыстырылып, 83 электр бағаналары жаңа бетон бағаналарына ауыстырды.
Жәпек батыр ауылының Жамбыл көшесінде орналасқан ТП-283 қуаттылығы 250 кв-ны 400 кв-ға ауыстырып, Сәтпаев, Әуезов, Сүйінбай, Уәлиханов, Момышұлы көшелеріне 126 дана электр бағаналары қойылып, ұзындығы 3,185 км электр желілері ауыстырылды.
Көкқайнар ауылының Атырау көшесінің ТП-1233 ВЛ-0,4 кв 3 км ұзындықтағы электр желілері және 3 дана ескі ағаш электр бағаналарын бетон бағаналарына ауыстырылды. Новобережная көшесінде 15 дана ескі электр бағаналарын бетон бағаналарына ауыстырылды. Астана көшесінде орналасқан ТП-256 трансофрматорының ұзындығы 1,5 км болатын, маркасы А16-ны А-35 маркалы электр желісіне ауыстырылды.
М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарының электр желісін СИБ кабеліне, ескі ағаш электр бағаналарын бетон бағаналарға, ескірген және қуаттылығы төмен трансформаторларды жаңа қуаттылығы жоғары транформаторлармен ауыстыру жұмыстары және электр желісіне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр.
2015 жылы округ ауылдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмысына бюджеттен 32 млн 600 мың теңге бөлінген. ҰОС 70 жыл мерейтойы алдында М.Түймебаев ауылында орналасқан ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 млн 800 мың теңге қаражат жұмсалды.
2015 жылы М.Түймебаев ауылының Заречная көшесінің бойына жалпы ұзындығы 650 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды, бөлінген қаражат көлемі 7 млн 593 мың 703 теңге. Жәпек батыр ауылының Қожанов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің алдына асфальт төселіп, абаттандыру жұмысы жүргізілді, бөлінген қаражат 17 млн 861 мың 112 теңге. Көкқайнар ауылының «Алмабақ» ықшам ауданына балалар ойнайтын алаң мен спорт алаңы салынды, бөлінген қаржы 5 млн 251 мың 450 теңге. Төле би ауылының Абдулла Қарсақбаев көшесінің бойына 160 метр жерге жаяу жүргіншілер жолы салынды, бөлінген қаржы 1 млн 307 мың 903 теңге.
2015 жылы М.Түймебаев ауылының Молдағұлова көшесіне жалпы ұзындығы 825 метр асфальт, Әль-Фараби көшесіне жалпы ұзындығы 620 метрді құрайтын қиыршықтас, Сұлтан Бейбарыс көшесіне жалпы ұзындығы 738 метрді құрайтын қиыршықтас, Первомайский көшесіне жалпы ұзындығы 900 метрді құрайтын қиыршықтас, С.Мұқанов көшесінің жалғасына жалпы ұзындығы 510 метрді құрайтын қиыршық тас төселді.
Жәпек батыр ауылының Жылқыбекова көшесіне жалпы ұзындығы 580 метрді құрайтын асфальт, Сәтпаев көшесіне жалпы ұзындығы 720 метрді құрайтын қиыршықтас төселді.
Көкқайнар ауылының Абай көшесіне жалпы ұзындығы 1260 метрді құрайтын қиыршықтас, Алатау көшесіне жалпы ұзындығы 613 метрді құрайтын қиыршықтас, Ынтымақ көшесіне жалпы ұзындығы 521 метрді құрайтын қиыршықтас, Береке көшесіне жалпы ұзындығы 500 метрді құрайтын қиыршықтас, Шымбұлақ көшесінің 500 метр жолын құрайтын қиыршықтас төселді.
Төле би ауылының Ақтамберді Жырау көшесіне жалпы ұзындығы 850 метрді құрайтын қиыршықтас, М.Қашқари көшесіне жалпы ұзындығы 600 метрді құрайтын қиыршықтас, Керей хан көшесіне жалпы ұзындығы 730 метрді құрайтын қиыршықтас төселді.
Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен облыс аумағына қарасты Көкқайнар ауылының Бәйтерек, Астана көшелерінінің жол ойықтары қалдық асфальтпен жамалды.
2015 жылы «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығаратын зауытына баратын жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Азия Темір ЛТД» қағаз сүлгілерін шығаратын зауытының электр, кәріз, газ, су жүйелерін тартуға және ұзындығы 1,3 км асфальт жол төсеуге бюджеттен 330 млн қаражат қарастырылған. Қарастырылған қаржы бойынша жұмыстар толығымен орындалды.
Апаттық жағдайдағы қураған ағаштардың бұтақтарын санитарлық кесу жұмыстары бойынша, 2015 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан саябақтағы, Алматинская көшесінің және Алматы – Қарағанды тас жолы бойындағы қарағаштардың жалпы саны 205 апатты жағдайдағы қураған қарағаштардың бұтақтары санитарлық қырқылып, қысқартылды.
2015 жылы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін «РСУ» ЖШС 5 дана жол белгілерін орнатты, округ әкімі аппараты аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірге оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 дана жол белгілерін орнатып, жаяу жүргіншілерге жолақ (зебра) сызылды.
2015 жылы округте түнгі мезгілде көшелерді жарықтандыру бойынша бюджеттен 19 млн 631 мың 188 теңге қаражат бөлініп, «ЭЛМ» ЖШС М.Түймебаев ауылының Заречная көшесіне 20 бағана, Жәпек батыр ауылының Алтаев көшесіне 28 бағана, Орталық тас жолына 13 бағана, орталық саябаққа 2 бағана, Көкқайнар ауылының Астана көшесіне 25, барлығы 88 жаңадан жарық бағаналарын орнатты.
Ағымдағы жылы бюджеттен 44 млн 452 мың 833 теңгеге қарастырылып, «Фуд-МС» ЖШС М.Түймебаев ауылының Жандосов,Мұханов көшелері бойына 2 трансформатор, 225 электр бағандарын, кабельдерін ауыстырып, 52 түңгі мезгілде жарық беру бағаналары орнатылды, Жәпек батыр ауылы бойынша 21 млн 590 мың 968 теңге қаражат бөлініп, «Сур-Мак» ЖШС Жамбыл көшесіне 1 трансформатор орнатып, Әуезов, Уәлиханов көшелеріне 113 электр бағандары, кабельдері ауыстырылды, 27 жарық бағаналары орнатылды.
Округ бойынша көшелердің түнгі жарық бағаналарынын жөндеу жұмыстарымен «Jetisu Himtek Group» ЖШС айналысады. Округ аумағында жалпы саны 533 түнгі жарық бағаналары орнатылған, оның 160-ы жаңартылды.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі айналысады.
Округте 15 су құдығы жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 су құдығы жалдамалы, олар «Әділет диірмен», «Кондитер цехы».
2015 жылы М.Түймебаев ауылы бойынша 1328 үйде су есептегіш құрылғысы орнатылып, екі насос алмастырылып, ЭЦВ 8-25-110 сатып алу үшін 271 000 теңге, СУЗ-40 алуға 64 425 теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 617 000 теңге жұмсалған. Жәпек батыр ауылында 670 үйде су есептегіш құрылғысы орнатылып, 4 насос ЭЦВ 8-25-110, ЭЦВ 8-40-70 сатып алу үшін 650 500 теңге және де СУЗ-40 алуға 128 850 теңге жұмсалынды, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 370 000 теңге қаражат жұмсалды. Көкқайнар ауылында 506 үйде су есептегіш құрылғысы орнатылып, 1 насос ЭЦВ 8-25-110, сатып алу үшін 195 000 теңге жұмсалды. Төле би ауылында 17 су есептегіш құрылғылары орнатылған.
Ағымдағы жылы Көкқайнар ауылында Садовая көшесінің жалғасы, Абай, Тарази, Қарқара, Көктөбе, Хан Тәңірі көшелеріне жаңадан жалпы ұзындығы 1545 метрге су құбыры салынып, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Елді мекендерді қоқыстан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай» ЖК мекемесі М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдарының, «Бел Асар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдарының көшелерінен әр апта сайын күл-қоқыстарды шығарып отырады. «Абылай» ЖК, «Бел Асар» ЖК «Алсеко» АҚ келісімшартқа отырып, бірдей төлеу түбіртегі (единая квитанция) арқылы төлем жүргізуде.
Байланыс және жол қатынасы жөнінде айтар болсақ, округтегі үш ауылда төрт пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Округ елді мекендерінің Алматы қаласымен автокөлік қатынасын «Жедел» автобус паркінің 4 маршруты, Междуреченск, Чапаев ауылдарынан жүретін 2 маршрут қызмет көрсетеді. «Жедел» ЖШС автобус паркін жаңарту мақсатында Қытайдан 9 жаңа автобус алып келіп, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған телефон жүйесі байланыс қызметін көрсетеді. 2015 жылы М.Түймебаев ауылында 1000 номерлі, бүгінгі таңда 850 абонент телефон жүйесіне қосылған және әскери қалашық бойынша 240 абонент жұмыс істейді. Жәпек батыр ауылында 560 іске қосылған, Көкқайнар ауылында 212 нөмірлі АТС жұмыс істейді.

Халықты әлеуметтік қорғау

Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда.
2015 жылы 19 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді.
2015 жылы шағын несие алған 3 адам, ниет білдіргендер 7 адам. 4 адам кәсіби мамандық алуға, 9 әлеуметтік жұмыс орны( социально рабочие места), 12 жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжрибесінен өтті.
4 жанұя 21 адам 284 мың 321 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 109 жанұя 398 бала 3 млн 849 мың 844 теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алса, 14 жанұяға тұрғын үй көмегі бойынша 743 мың 227 теңге қаржысы тағайындалды.

Округте орналасқан дәріханаларға 22 зейнеткер мен жалғыз басты қариялар бекітіліп, 10 пайызға арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек алады. Округ аймағында тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, өкпе құрты ауруымен сырқаттанатын азаматтарға, көп балалы, тұрмыс-жағдайлары төмен отбасыларына барлығы 56 жанұяға қатты отынмен көмек көрсетілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару саласы бойынша

Елбасымыздың «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары негізінде 98-қадамында көрсетілгендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес шотында 2015 жылы 3 млн 657 мың 220 теңге қаражат жиналды. Ол сыртқы жарнама- жылжымалы, жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнамадан, санитарлық тазалық бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі бойынша айыппұлдан, ерікті жинаудан түскен қаржы. Округ бойынша «Premium Logistic», «Premium Logistic Азия», «Первый Пивзавод», «Oasis Logistic», «Доскеев» жеке кәсіпкерлігі жарнамаларын заңдастырып, «Каз Мұнай Газ», «Газ Пром Нефть» мекемелері келісімшарт бойынша жергілікті өзін-өзі басқару шотына жарнама салығын ай сайын төлеп отыр.
Жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаржыға қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі, округтен сайланған аудандық мәслихат депутаттары, әйелдер кеңесі жиналыс өткізіп, жиналыс хаттамасы негізінде 1 млн 675 мың теңгеге округ аумағында орналасқан М.Түймебаев ауылының орталық саябағында киіз үй келбетінде сахна тұрғызуға және сахна сыртындағы кииім ауыстыру орнына, Жәпек батыр ауылында орналасқан «Ардагерлер үйіне» 180 мың теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. 135 мың теңгеге музыкалық аппаратура сатып алынды.

Білім беру

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деп Елбасымыз атап көрсеткендей, білім беру саласы үнемі мемлекет назарында. Округ аумағында бес мектеп орналасқан, олардың 4 орта, 1 негізгі орта мектеп, бұл мектептерде 500 мұғалім мектепалды дайындық топтарының 703 баласына және 1-11 сынып аралығында 6812 оқушыға білім беруде.
Округ бойынша 1 мемлекеттік, 5 жеке балабақша жұмыс істейді, олар: М.Түймебаев ауылындағы 140 орындық мемлекеттік қазыналық мекемесі «Күншуақ» бала-бақшасы, «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 25 орындық жеке меншік «Ақ бота-1» балабақшасы, 75 орындық «Аймекен» балабақшасы, Жәпек батыр ауылында 25 орындық жеке меншік «Ақ бота-2» балабақшасы, 25 орындық «Балдырған» балабақшасы, Көкқайнар ауылында орналасқан «Батыр» саяжайында 40 орындық жеке меншік «Арлан» балабақшасы, Көкқайнар ауылында 20 орындық жеке меншік «Балауса» балабақшалары жұмыс істейді.
2015 жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша № 4 орта мектептен - 10, № 19 орта мектептен - 10, № 20 орта мектептен - 10, № 29 орта мектептен - 6, № 37 негізгі орта мектептен - 4 жағдайы төмен, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған оқушылар іріктелініп алынып, кәсіпкерлердің, мекеме басшыларының, округ әкімінің көмегімен мектеп формасымен және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Округте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жағдайы төмен 317 оқушы бар. Олар 2015-2016 оқу жылының басында оқу құралдары және мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген.
2015 жылы округ мектептеріне оқушыларды тасымалдауға аудандық бюджеттен барлығы 8 млн. 309 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда округ мектептеріне 1240 оқушы тасымалдануда. Оқушыларды тасымалдау жұмысымен «Жедел» ЖШС-гі мекемесі айналысады.
2015 жылы Жәпек батыр ауылында орналасқан № 4 орта мектептің ғимаратына «Еламан» ЖШС күрделі жөндеу жұмысытарын жүргізіп, мемлекеттен бөлінген қаражат соммасы 209 млн 988 мың 834 теңге игерілді.
2015 жылы Жәпек батыр ауылы Алтаев көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысын «Толағай-2030» ЖШС жүргізуде. Мемлекеттен бөлінген қаражат көлемі 1 млрд 232 млн 352 мың 836 теңге. Пайдалануға беру 2016 жылдың тамыз айына жоспарлануда.
Округ аумағында 2020 жылға дейін М.Түймебаев ауылының Ереванская көшесінен 600 орындық мектеп, Көкқайнар ауылының Бәйтерек көшесінің бойынан 600 орындық мектеп, Төле би ауылынан 320 орындық мектеп ғимаратына жер телімі бөлініп, қаражат бөлінуі күтілуде. Жәпек батыр ауылында 280 орындық 2 балабақша, Көкқайнар ауылында 240 орындық 1 балабақша құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау

Бүгінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы негізінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша нақты айқындалған мақсат-міндеттер орындалуда.
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Төле би, Көкқайнар-2 ауылдарында фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Жәпек батыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 2 жедел жәрдем машинасы және Көкқайнар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1 рентген машинасы тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қадамында көрсетілгендей, жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу бойынша округте «Үміт медикал центр» жеке медициналық орталығы ашылып, замануи жабдықталған медициналық құралдармен тұрғындарға кәсіби, жоғары деңгейде қызмет көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта М.Түймебаев ауылының дәрігерлік амбулаторияның аумағынан ескі аурухана ғимараттың орынына күніне 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы салу жоспарлануда.

Мәдениет

Ауыл тұрғындары арасында мәдени іс-шаралар әр мереке сайын ұйымдастырылады. Округте «Береке» ұлт аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, Төле би ауылы әжелерінен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі, «Әйтеке би әжелері» ансамблі, балалар мен жасөспірімдердің би тобы, курд және славян халықтарының балалар би тобы атаулы мерекелер мен байқауларда өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
Мемлекеттік мерекелерден бөлек, 2015 жылдың қыркүйек айында Жәпек батыр ауылының қоғамдық кеңес төрағасы Бақтыбаев Рустем және Қазыбек би ықшам ауданының қоғамдық кеңес төрағасы Маханов Таирдың ұйымдастыруымен «Ауылым алтын бесігім» атты ауыл тұрғындарына мерекелік кеш өткізілді. Кеште ақындар айтысы, ауылдан шыққан үй шаруасындағы апа-аталар, қыз-келіншектер өз өнерлерін сахна төріне шығарып, бойындағы өнерлерін көрсетті.
Ағымдағы жылдың қазан айында М.Түймебаев ауылының Әйтеке би ықшам ауданының қоғамдық кеңес төрағасы Сулейманқұлов Санат «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында көрініс ретінде кеш ұйымдастырды. Кеште қазақтың ескіден келе жатқан салт-дәстүрі, «Ерулік» шайға шақыру және ауылдың тұрмыс-тіршілігін, сонымен қатар ауыл жастарының өмірі сияқты көріністер ретінде көрермендерге қойылым қойды.
М.Түймебаев ауылында округ әкімі аппаратының ғимаратының екінші қабатында орналасқан ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 6368 дананы құрайды. Кітапхана жылына 450 тұрақты оқырмандарына қызмет көрсетеді.
Округ аумағында мәдениет үйінің құрылысын салу үшін жер телімі қарастырылды. Болашақта қаржы бөлінген жағдайда мәденит үйін салу жоспарлануда.

Спорт саласы бойынша

Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастырады демекші, салауатты өмір салтын насихаттап және оны ұстанып, ауыл тұрғындарының бұқаралық спорт түрлерімен айналысулары үшін округ аумағында спорттық көпшілік іс-шаралар жеке жоспар бойынша жүзеге асырылды.
2015 жылы осы бағытта жалпы 30 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, 2015 жылдың 5-7 қаңтар аралығында бокстан округ әкімінің кубогі, 14 қарашада қоғамдық кеңес мүшелері арасында волейболдан жарыс, 5 желтоқсанда Социалистік Еңбек Ері М.Түймебаевты еске алу мақсатында волейболдан облыстық жарыс өткізілді.
Округте екі футбол алаңы және әр мектептің жанында ойын алаңдары мен спорт залдары бар. Округтің 5 футбол командасы аудан чемпионатында ойын көрсетіп жүр, оның ішінде «Әнуар», «Сұлтанәлі» командалары Жоғарғы лигада, «Жеңіс», «Абылай» командалары Бірінші лигада өнер көрсетіп жүр.
№ 4 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 19 мектепте шахмат, тоғыз құмалақ, № 29 мектепте бокс, № 20 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 37 негізгі орта мектепте күрес секциялары жұмыс жасайды.
Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау үшін және жасөспірімдер арасында спорттың әр түрлі саласында жастардың қабілеттілігін ашу үшін спорт кешені ғимаратын салу қажет.
М.Түймебаев ауылы орталық саябақтың ішінен жеке кәсіпкер Сүлейманқұлов Санат округ жастары үшін спорт кешені ғимаратының құрылысын 2013 жылы бастап, құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың І тоқсанында аяқтап, іске қосады деп күтілуде.

Құқық қорғау

«Тәртіп – ел үшін, ынтымақ – жан үшін керек» - демекші, қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысымен округ аумағында 4 учаскелік полиция инспекторы, 2 кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторларының есебі бойынша округ аумағында 2015 жылдың қорытындысы бойынша 507 қылмыс тіркеліп, оның 123 ашылды, пайыздық көрсеткіш 24,3.
Округімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға ардагерлер кеңесі, отбасы және гендерлік саясат бойынша комиссия, қоғамдық кеңес, көше комитеттері мүшелері, мектептерде ата-аналар кеңесі, жастар кеңесі өз көмегін көрсетуде.
Учаскелік полиция инспекторларына округ әкімшілігі ғимаратынан 2 бөлме бөлінген, «Нексия», «УАЗ 469» автокөліктерімен қамтамасыз етілген, байланыс телефоны орнатылған және 1 адам полиция инспекторларына тұрақты көмекші ретінде тұрғындар арасынан бөлінген. Полиция қызметкерлеріне көмек ретінде қоғамдық кеңес пен көше комитеттері мүшелерінен құрылған ерікті халық жасақшылары (ДНД) әр аптаның сенбі, жексенбі күндері және сақшы сарбаздары бекітілген кесте негізінде кезекшілікке шығады.
Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында учаскелік полиция тірегін салуға М.Түймебаев ауылы Тәуелсіздік көшесінен және Жәпек батыр ауылы Абай көшесінен жер телімі бөлініп, құжаттары дайындалып, салуға қаражат күтілуде.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар, әлемде егемен Қазақстан бар, оның көп ұлты, тату ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар, сол күнге берік сенім бар, деп есепті қорытындылап, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіруді мақсат еткен еліміздің дамуы мен Елбасының алға қойған міндеттерін жұмыла жүзеге асырып, ынтымақ пен бірлігіміз арқасында «Мәңгілік Ел» атану үшін еңбек етейік.

2016 жылға арналған жұмыстар:

1. М. Түймебаев ауылы бойынша:
- № 19 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
- 50 лет Победы, Гагарин, Озерная, Мир көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
- Ауыл атауларын жаңарту
- Клубная, Заводская, Ереванская, Нұрғазиев, Мұқанов көшелеріне ескі жүйелерін жаңа су жүйелеріне ауыстыру
- футбол алаңын салу
- қараусыз қалған трансформаторларды округ әкімі аппаратының балансына алу
2. Жәпек батыр ауылы бойынша:
- Жамбыл, Оңалбай Әлім, Қожанов, Мақатаев көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
- қараусыз қалған трансформаторларды округ әкімі аппаратының балансына алу
- 600 орындық мектеп ғимаратының құрылысын аяқтау
- балалар ойын алаңын салу ( Қожанов, Уалиханов көшелеріне)
- жаяу жүргіншілер жолын салу
3. Көкқайнар ауылы бойынша:
- Тарази, Асфальтная, Әль-Фараби, Көктөбе көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
- ауыл аумағынан өтетін облыстық деңгейдегі тасжолға күрделі жөндеу жүргізу
- қараусыз қалған трансформаторларды округ әкімі аппаратының балансына алу
- жолаушылар аялдамасын салу
4. Төле би ауылы бойынша:
- пошта бөлімшесін ұйымдастыру
- Мәметова, Молдағұлова, Ескелді би көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.