Құрметті,қонақтар, ауылдастар!!! Мен сіздерді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңа 2014 жылмен құттықтауындағы мына сөз қатарларымен бастағым келіп отыр - «Біз, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы Мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан, үлкен үміт жоралы жақсылық күтеміз. Жаңа жыл Қазақстанның жаңа дәуірін жалғастырады деп кәміл сенемін» деген.
Мен, өз ұжымымның атынан бәріңізді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға бірлік, елімізге амандық, бәрімізге еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосуға қажымас қайрат тілеймін.
Ащыбұлақ ауылдық округі 4 ауылдан, олар М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле-би және 29 саяжайдан тұрады.
Округ тұрғындардың саны статистикалық есеп бойынша 2014 жылдың 1-қаңтарына 24250 адам, Жер көлемі 13166 гектар. Оның 1166 гектары елді мекендер орналасқан жерлер. Ал ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер 12000 гектар. Оның ішінде 2734 гектары егістік және 9266 гектары жайылым жерлер. Мысалы, «Винсовхоз» тек қана егін, мал шаруашылығымен айналысқан болса, бүгінгі таңда Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында орта, шағын бизнестің дамуына байланысты көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестітер жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр.
Өнеркәсіп - округ аумағында 29 саяжай кооперативі, 137 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
2013 жылы «Первый Пивзавод» ЖШС–нің сыра шығаратын зауыты іске қосылып, бүгінгі таңда 380 мың дал. өнімін шығарды. Шығарылған өнімнен бюджетке 132 млн 876 мың 782 теңге салық төленді. «Ботабеков» ЖШС кірпіш зауыты 3 млн.700 мың кірпіш, жалпы құны 60 млн. 200 мың теңгені құрайтын өнім шығарды. «Сарсенова» ЖК «МузАрт» минералды су шығаратын кәсіпорны 2072 бутелке су өндіріп, жалпы құны 1 млн.36 мың теңгені құрайды, «Росс Прокат» ЖШС-нің құбыр шығаратын зауыттары 2013 жылы 230 мың тонна, жалпы құны 805 млн теңгені құрайтын құбыр шығарды, Дормаш ЧТЗ» ЖШС 2013 жылы 16 - дана Б-10 бюлдозерін жинақтады және ЧТЗ зауыты шығаратын ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етеді. «Акшол» ЖШС-гі 2013 жылы 516 мың тонна шарап өндіріп, жалпы құны 85 млн 716 мың теңгені құрады. «Қағазбаева» ЖК, 2013 жылы 110 мың дана тандыр нан өнімдерін шығарды, шығарылған өнімнің жалпы құны 5 млн 520 мың теңгені құрайды, алдағы уақытта нан өнімдерін шығаруды екі –үш есеге көбейтуді мақсат етіп отыр, бірақ округ тұрғындарын толық нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бізге әліде наубайханалар ашу қажет. Жеке кәсіпкер Д. Абдраймовтың «Мерей» кондитер цехы 2013 жылы 327 мың тонна, құндық өлшемі 2 млн. 124 мың тенгелік кондитер өнімдерін шығарды. Бүгінгі таңда «Мерей» кондитер цехы өнімінің сапасы мен түрлерін көбейту мақсатында жаңа цех ғимараты құрылысын бітіріп жаңа линияларды енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
«Хамра» ЖШС- нің электронды жабдықтар сақтайтын қоймасы, «Митин» ЖК тоңазытқыштарды сақтау және жөндеу мекемесі, «Арай Пласт» ЖШС- пластикалық бұйымдар жасайтын мекемесі, «Перевалов» ЖК жүк көліктері тұрағы іске қосылды. «Связь Комплекс Строй» ЖШС –нің сплитерлі қалқанды шығырлар, тротур тақта, жиектастар шығаратын зауыттар іске қосылды.
Округ аумағында «Плодоимпорт», «Инновация ТВС -2020», «Глобал Фарм» ЖШС –тері құрылыс жұмыстарына 120 млн. АҚШ долларына инвестиция, тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіп жатыр. Округ аумағына алюмений профильдерін шығаратын зауыт салуға жеке кәсіпкер Жұмабек Нұрсұлтан ниет білдіріп, бүгінгі таңда зауыт құрылысы жүріп жатыр.
Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен 172 жеке тұлға айналысады, оның ішінде 86- дүкен, 2- қонақ үй, 10- кафе, 11 - шаштараз, 9- дәріхана, 4- жеке тіс емдеу орны, 5- жанармай құю бекеті, 1- шағын базар, 1- әмбебап базардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 4 - киім тігетін ателье, 1- нотариалдық қызмет көрсету орны, 5 –ТЖО (СТО) жұмыс істейді, 7-көлік жуу орталығы, 8 - дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс істеп тұр, қалған 19 жеке кәсіпкер әр түрлі салада жұмыс атқарады.
Округ тұрғындарына 1- монша қызмет көрсетуде, 2014 жылдың І- жартыжылында сағатына 20 адам қабылдайтын монша іске қосылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер С.Сулейманқұлов М.Түймебаев ауылында 2014 жылдың І-жартыжылдығында тігін цехын ашып, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында №19 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларын жұмысқа тартып, мектеп бітірген кезде қосымша мамандықтың иегері сертификатын беруді жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ киім жөндеу, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, монша қызметтерін көрсететін шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр. Комуналдық сауда орындары (базар), қысқы мезгілде бағаны тұрақтандыру мақсатында жеміс-жидекпен, көкөніс сақтайтын қойма салуды ұйымдастыру керек.
Шағын кәсіпкерлік саласында округ бойынша 495 адам жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ киім жөндеу, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, монша қызметтерін көрсететін шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында - округте 75 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың қарамағына 7139 гектар жер бекітіліп берілген, 1500 адам тұрақты жұмыс жасайды. 2011 жылы Д. Дәдібаевтың 350 шаршы метр жылыжайы, 2012 жылы Ж. Сұртаевтың 350 шаршы метр жылыжайы және
Д. Дәдібаевтың 400 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды.
Қазіргі таңда бұл жылыжайлар ауыл тұрғындарын арзан бағада, көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.
Округте жылыжайлардың ауданын көбейту керек, себебі бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған екі жылыжай қысқы мерзімде тұрғындардың көкөніске деген сұранысын қанағаттандыра алмайды. 2013 жылдың басынан бастап
Н.Н. Бандюков басқаратын «Самал» ЖШС көкөністі тамшылап суғару әдісімен өсіретін, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын жылыжай құрылысы іске қосылып 2013 жылы 72 тонна қияр, 54-тонна қызанақ, 20 тонна әр түрлі көкөністер өндірді.
Шаруа қожалықтарының қолданылып отырған техникалар паркі төмендегідей:
Тракторлар:- К-700 - 1 дана, МТЗ- 16 дана, ДТ-75- 10 дана,сепкіштер - 7 дана, тырмалар-9, қопсытқыштар - 6 дана, эксковотор- 1 дана, комбайн-2 дана.
Шаруа қожалықтары 1986 гектар жерге дәнді дақылдар егіп,оның ішінде 458 га.күздік бидай, 868 га жаздық арпа, 62 га. дәндік жүгері егілген және 290 га. мақсары (сафлор), 94 га күнбағыс, 94 га жерге көкөніс, 120 га жерге картоп, 657 га. мал азығын дайындайтын көп жылдық шөп егілді.
Округте соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетті, сол себептен суармалы жерлерді көбейту үшін, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, тамшылап суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасап жатырмыз.
Округте статистикалық есеп бойынша 2014 жылдың 1-қаңтарына 2676
бас ірі қара, 7260 бас қой ешкі, 614 бас жылқы, 58 бас түйе, 1150 бас шошқа, 18000 бас құс тіркелген.
Шаруа қожалықтарында мал басы жылдан жылға артып келеді.
Ә. Болатұлының «Азамат» шаруақожалығы 146 бас ірі қара, Ә. Бөкенбаев 137 бас ірі қара, Б. Құсайынұлы 168 бас ірі қара, Ф. Аллахвердиев 35 бас ірі қара бордақылап отыр. Ал ауылдық жерде мал басының азайып келе жатқаны байқалады,оған ауыл айналасындағы жайылым жердің аз болуы мен жем-шөптің жылдан жылға қымбаттап бара жатуы себеп болып отыр.
Салиханова Нелли Утеповна басқарған «Анжела» шаруақожалығы 72 бас ірі қара бағып, оның ішінде 47 басы сауын сыйырлар, заманагөй технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сүт өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асхансын(молочная кухня) сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы шаруашылық аз жайлымды жерде, ғылыми тәсілдерді қолданып(культурное пасбище) көп мал басын бағу әдісін округ шаруақожалықтарына таратуды мақсат етіп отырмыз.
Округ әкімі аппаратында бас мал дәрігері жұмыс істейді, округ аумағында 2012 жылы бір мал дәрігерлік пункті ашылып, онда 4- ветеренария дәрігері жұмыс атқарып жатыр. Жәпек батыр ауылында 1-малдарды қолдан ұрықтандыру пункті, Көкқайнар -3 ауылында 1- мал сою алаңы жұмыс істейді.
Мал шаруашылығында малдан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және оны болдырмау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, үнемі бақылауға алынған.
2013 жылы жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары мен тексеру жұмыстары төмендегіше орындалды:
Диагностикалық іс-шаралар
|
Диагностикалық зерттеулер
|
жоспар
|
Нақты тексерілгені
|
Содан оң нәтиже көрсеткені
|
Жоспар бойынша орындалғаны
|
1
|
ІҚМ бруцуллезі
|
4900
|
4900
|
7
|
100%
|
2
|
ҰММ бруцуллезі
|
7170
|
7194
|
15
|
100,3%
|
3
|
Шошқа бруцуллезі
|
60
|
60
|
-
|
100%
|
4
|
ІҚМ туберкулез
2-реттен
|
6450
|
8100
|
-
|
125%
|
2 . Профилактикалық іс-шаралар
|
Вакцинация
|
жоспар
|
Нақты вакцинация жасалғаны
|
Жоспар бойынша орындалғаны
|
1
|
Сібір жарасына қарсы ІҚМ
|
5100
|
5250
|
103%
|
2
|
Сібір жарасына қарсы жылқыларға
|
750
|
850
|
113%
|
3
|
Сібір жарасына қарсы шошқаларға
|
1800
|
2100
|
116%
|
4
|
Сібір жарасына қарсы ҰММ
|
8300
|
8800
|
106%
|
5
|
Аусылға қарсы ІҚМ
2-реттен
|
9195
|
7610
|
82%
|
6
|
Аусылға қарсы ҰММ
2-реттен
|
11450
|
8790
|
76%
|
7
|
Қарасан
|
4500
|
4500
|
100%
|
8
|
ҰММ ауыз жарасы(эктима)
|
3460
|
3460
|
100%
|
Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 7 бас ірі қара бруцуллезбен ауру екендігі анықталып, шұжық жасау цехтарына тапсырылды. Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 15 бас ұсақ мүйізді малдар өлтіріліп,өртелді.
2013 жылы округ тұрғындарының малдарын жазғы жайлымға шығару үшін 9- табын жасақталып, бақташымен қамтамасыз етілді. 1- сәуірден бастап 1-қарашаға дейін табындар жайлымға шығарылады.
Қысқа малдардың жем-шөптерін дайындау жұмысы жүріп жатыр.
Салық
Тұрғындардан салық жинау, 2013 жылы округ бойынша салықтың бекітілген 3- түрінен 2 млн. 947 мың.328 теңге жиналды.
Оның ішінде:
- Жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы 1 млн 613 мың теңге
- Жеке тұлғалардан түскен жер салығы 1 млн.334 мың теңге
- Саяжайлардан түскен жер салығы 328 мың теңге
Салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспарлар 100 пайызға орындалды.
Инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы
Округ тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы округ ауылдарында М. Түймебаев ауылы Алматинская көшесінде орналасқан № 230, қуаттылығы 250 КВА ТП, қуаттылығы 400 КВА трансформаторымен ауыстырылды. Жәпек батыр ауылы Алтаев көшенсінде электр желісінің бойындағы ағаш бұтақтары кесілді, ВЛ-0,4 кв. 6 шақырым ұзындықта электр желісі ауыстырылды. Ащыбұлақ ПС-да 10 000 кв (силовой) трансформатор, 16000 кв-ға ауыстырылды.
2013 жылы М. Түймебаев ауылының Алматинская көшесіне қарамай мен қиыршық тас төселді және Алматинская көшесінің бойынан жаңадан іске қосылған № 20 орта мектепке дейін 1280 метр және Молдағұлова, Совхозная көшелеріне № 19 орта мектептің оқушылары жүретін жаяу жүргіншілер жолы жасалды,осы ауылдың Әуезов, Абай, Мұханов, Жандосов көшелеріне қиыршық тас (ПГС) төселді.
Жәпек батыр ауылының Төлебаев, Абай, Шубаев, Маметова, Б.Момышұлы, Жамбыл, Новостройка көшелеріне асфальт төселді.
Көкқайнар ауылының Астана, Байтерек көшелеріне қарамай мен қиыршық тас төселді,
Төле би ауылының Керей хан, А. Қарсақбаев көшелеріне қиыршық тас (ПГС) төселді.
Округ көшелерін түнгі мезгілде жарықтандыру мәселесі бойынша
М. Түймебаев ауылының Алматинская, Аптечная көшелері толығымен, Молдагулова, Совхозная көшелерінің № 19 орта мектеппен шегаралас бөлігі, Тәуелсіздік көшесінің Аптечная көшесінен Молдағұлова көшелерінің аралығы жарықтандырылды.
Жәпек батыр ауылында № 4 орта мектептің ауласы, Абай көшелері
жарықтандырылды. Көкқайнар ауылында Астана, Байтерек көшелері жарықтандырылды.
Округ көшелерін жарықтандыруға бюджеттен барлығы 19 млн.860 мың 994 теңге қаражат бөлінді.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі айналысады.
Округте 14 су құдығы жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 су құдығы жалдамалы, олар «Южка», «Кондитерская». «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі 2013 жылы М.Түймебаев ауылы Новостройка су құдығының башнясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. М.Түймебаев ауылының Тәуелсіздік , Алматинский көшелерінде, Жәпек батыр ауылының Жамбыл, Мақатаев, Оңалбаев, Сүйінбай көшелерінде су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы М.Түймебаев ауылы бойынша 4 насос, 1-автомат, 1- есептеуіш құрал алмастырылды.300 метр су құбырды жөндеуден өтті. Жәпек батыр ауылы бойынша 3- тұтқа «задвижа», 5- насос, 1- сақтандыру станциясы, 2- автомат алмастырылып, 500 метр су құбыры жөндеуден өтті.
2012 жылдың 15 қарашасынан Алматы облыстық бағаны тұрақтандыру департаментінің бұйрығымен 1 текше метр ауыз су пайдаланғаны үшін үйлеріне су өлшегіш құралды орнатқан тұрғындар 72,84 теңге, су өлшегіш құралды орнатпаған тұрғындар әр адам басына 400 теңге төлейді.
Округ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында М.Түймебаев ауылының Алматинская, Тәуелсіздік, Гагарин, 50-лет Победы, Нұрғазиев, Молдағұлова, Совхозная, Первомайская көшелерінің су құбырлары ауыстырылды.
Елді мекендерді қоқыстан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай»ЖК пен «Беласар» ЖК айналысады. М.Түймебаев, Жәпек батыр,
Көкқайнар ауылдарының көшелерінен әр апта сайын күл-қоқыстарды шығарып отырады. Байланыс және жол қатынасы жөнінде айтар болсақ, округтегі үш ауылда төрт пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Округ елді мекендерінің Алматы қаласымен автокөлік қатынасын «Жедел» автобус паркінің 4-маршруты, Междуреченск, Чапай ауылдарынан жүретін 2-маршрут қызмет көрсетеді.Олар Алматы қаласына қарай төрт бағытта қызмет көрсетеді.
Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған телефон жүйесі байланыс қызметін көрсетеді. М. Түймебаев ауылында 1000 номерлі, бүгінгі таңда 686
абонент телефон жүесіне қосылған, Жәпек батыр ауылында 512 оның 477 іске қосылған, Көкқайнар ауылында 212 нөмірлі АТС жұмыс істейді, оның ішінде 88 жұмыс жасайды., М.Түймебаев ауылының жаңа құрылыс бөлігінде 380 нөмерге қалалық АТС, «Жомарт» саяжайында 560 нөмерге АТС іске қосылды, оның ішінде 160 іске қосылды. Көкқайнар-3 ауылының Новостройкаға 50 қалалық нөмер қосылды.Бұл АТС-тің іске қосылуымен IDI ТВ, ІDІ телефон жұмыс істейді. М.Түймебаев ауылының 320 абонент мегалайн жүйесіне қосылған, Жәпек батыр ауылында 210 абонент мегалайн жүйесіне қосылған, Көкқайнар ауылында 50 абонент мегалайн жүйесіне қосылған.
Халықты әлеуметтік қорғау
Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда. Жұмыссыздық жағдайымен арнайы хх адам тіркелген.
2013 жылы 23 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді. 17 - жаңа жұмыс орны ашылды.
Әлеуметтік жұмыс орнына 12 адам жұмыс істейді. 4-адам кәсіби мамандық алу үшін есепші ПЭВМ-1, біліктілігін арттыруға -1, СРМ -4, 3-жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжрибесінен өтті.
7 жанұя 16 адам 66 мың 913 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 136 жанұя 408 бала 712 мың 094 теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алса, 28 жанұяға тұрғын үй көмегі бойынша 71 мың 666 теңге қаржысы тағайындалды. Округте орналасқан дәріханаларға 21 зейнеткер мен жалғыз басты қариялар бекітіліп, 10 пайызға арзандатылған бағамен дәрі –дәрмек алады. «Рождество Христово» мерекесіне орай 4- жанұяға 1- тоннадан көмір, 1-қап картоп, 1-қап пияз, 1- қорап макарон, 1-қап ұн, 1- қорап печенье, 5- литр сұйық май, 10- кг. Қант бөліп берілді. 22- наурыз, 9-мамыр «Жеңіс күні» мерекесінде бұлардан басқа жыл бойына тұрмыс-жағдайлары төмен 500-ге тарта отбасына азық-түлік қоржыны таратылды.
2013 жылдың 24 қаңтар күні Мемлекеттік емес ұйым «Бота» қорының өкілдерінің қатысуымен Жәпек батыр ауылының «Ардагерлер үйінде» кездесу ұйымдастырылып, М.Түймебаев ауылынан -7, Жәпек батыр ауылынан-5, Көкқайнар ауылынан-3, Төле би ауылынан-1 еріктілер (волонтер) тағайындалып, осы волонтерлердің жұмысы негізінде, 4 жастан- 6 жасқа дейінгі (1 категория) -240 бала, мүгедек балалар 16 жасқа дейінгі (2 категория) -48 бала, жүкті әйелдер немесе 3 айға дейінгі сәбиі бар аналар ( 3 категория) -80 ана, 16 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірім балалар (4 категория) -38 жасөспірім тіркелді. 1-2 категория бойынша тіркелгендер 3600 теңге, 3-4 категория бойынша тіркелгендер 5200 теңге көлемінде ай сайын ақшалай жәрдемақы алады.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап барлық зейнеткерлердің зейнетақысмы 9 пайызға көбейтілді.
Білім беру
Білім беру саласы бойынша – округ аумағында бес мектеп орналасқан, олардың 4-орта, 1-толық емес орта мектеп, бұл мектептерде 5707 оқушыға 443 ұстаз дәріс береді,оның ішінде 381 мұғалім жоғары білімді, 59 –арнаулы орта білімді,аяқталмаған жоғары білімдісі - 3. Мектептердің ұстаздары дер кезінде өз кәсіби мамандықтарын жетілдіреді, мысалы, 361 мұғалімнің 35 -жоғары санатты, 114-бірінші санатты, 138 - екінші санатты. Округте жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған,
жағдайы төмен 31 оқушы бар. Олар оқу құралдары мен толық қамтамасыз етілген.
М. Түймебаев ауылымен Көкқайнар ауылының шегарасында 900 орындық мектеп құрлысы аяқталып. 2013 жылдың 1- қыркүйегі күні ашылып, бүгінгі таңда 1800 оқушы білім алып жатыр.
Округте № 4 орта мектепте 25 орындық шағын балалар орталығы және
М. Түймебаев ауылында 40 балаға арналған, Жәпек батыр ауылында 20 балаға арналған «Ақ бота – 2» жеке шағын бала - бақша жұмыс істеп тұр.
№ 19 орта мектептің бастауыш сыныбы ғимаратын, 140 орындық бала- бақша ғимараты ретінде, қайта жасау үшін бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
2012-2013 оқу жылында № 4 орта мектептен 55 түлек, № 19 орта мектептен 61 түлек, № 29 орта мектептен 32 түлек ҰБТ тапсырды.
2013 жылдың жаз маусымында № 4 орта мектептің 11 оқушысы, № 19 орта мектептің 38 оқушысы, № 29 орта мектептің 12 оқушысы, № 37 толық емес орта мектептің 5 оқушысы, барлығы округ бойынша 58 оқушы Талғар ауданында орналасқан жазғы лагерде демалады.
Округ мектептерінде балалардың жазғы демалыс лагерьлері 1- маусымнан өз жұмысын бастайды. Мысалы: № 4 орта мектепте 300 оқушы, № 29 орта мектепте 150 оқушы,оның ішінді 100 ыстық тамақпен қамтылған,оған 200 мың теңге № 37 толық емес орта мектепте 50 оқушы, барлығы округ мектептері жанындағы сауықтыру лагерінде 710 оқушы дем алды.
Жазғы демалыс лагерлеріне округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер кеңесінің демеушілік көмегімен балаларға керекті спорттық бұйымдар және Жәпек батыр ауылында орналасқан «Мерей» кондитерлік цехы өз өнімдерінен оқушыларды тамақтандыруға кондитер өнімдерін, 1- Сыра зауыты тәтті сусындармен көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
2013 жылдың 9- айына округ мектептеріне оқушыларды тасымалдауға аудандық бюджеттен барлығы 2 млн. 145 мың теңге бөлінді, оның ішінде
№ 4 орта мектепке 799 мың теңге, № 19 орта мектепке 346 мың теңге, № 29 орта мектепке 1 млн 198 мың теңге бөлінд
Денсаулық сақтау
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарында дәрігерлік амбулатория,Төле-би ауылында фельдшерлік- акушерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
М.Түймебаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-жедел жәрдем машинасы және Көкқайнар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-ренген машинасы тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.
Түймебаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 15 орындық, Жәпек батыр ауылдық амбулаториясында 2 орындық, Көкқайнар дәрігерлік амбулаториясында 1 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді. 2013 жылы М. Түймебаев ауылдық амбулаториясына аймақтық денсаулық сақтау бюджетінен 5 млн. 395мың 603 теңге қаржы бөлініп, газбен жылытатын қазандық орнатылды және округ әкімдігінің көмегімен жылу қазандығына арналған ғимарат салынды. 2013 жылдың 3- ақпанында жылу жүйесі газбен жылытуға ауыстырылды.
2013 жылға «Д» есепте тұрған науқас ересек адамдарға, жасөспірімдерге, бес жасқа,бір жасқа дейінгі балаларға, аяғы ауыр аналарға, қант диабетімен ауыратын адамдарға округ бойынша барлығы 9 млн. 318 мың. 327 теңге көлемінде тегін берілетін дәрі-дәрмекке қаражат бөлінді. Оның ішінде:
М. Түймебаев ауылдық ДА бойынша барлығы 3 млн. 244 мың 056 теңгеге, Жәпек батыр ауылдық ДА бойынша барлығы 4 млн. 527 мың 476 теңгеге, Көкқайнар ауылдық ДА бойынша барлығы 1 млн. 546 мың 795 теңгеге тегін дәрі-дәрмекке қаражат бөлінді.
Мәдениет және спорт.
Ауыл тұрғындары арасында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Округте «Береке» халық аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, балалар мен жасөспірімдердің би тобы, курд және славян халықтарының балалар би тобы атаулы мерекелермен байқауларда өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
М.Түймебаев ауылында округ әкімшілігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан кітапхана жұмыс істеп жатыр. Кітап қоры 2320 дана,оның ішінде 297 кітабы қазақ тілінде.
Спорт саласы бойынша:
Округте екі футбол алаңы және әр мектептің жанында ойын алаңдары мен спорт залдары бар. Округтің 7 футбол командасы аудан чемпионатында ойын көрсетіп жүр, оның ішінде «Жеңіс», «Әнуар», «Алға» және «Көкқайнар» командалары жоғарғы лигада, «Абылай», «Жәпек», «Декабрь сити» командалары бірінші лигада өнер көрсетіп жүр. № 4 орта мектепте күрес,
№ 19 мектепте шахмат, тоғыз құмалақ, № 29 мектепте бокс секциялары жұмыс жасайды.
Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау үшін және жасөспірімдер арасында спорттың әр түрлі саласында жастардың қабілеттілігін ашу үшін спорт кешені ғимаратын салу қажет
Құқық қорғау
Қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысымен округ аумағында 2 учаскелік полиция инспекторы, бір кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады.
Округімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға ардагерлер кеңесі, отбасы және гендерлік саясат бойынша комиссия, қоғамдық кеңес, көше комитеттері мүшелері, мектептерде ата-аналар кеңесі, жастар кеңесі, курд диаспорасы өз көмегін көрсетуде.
Округ учаскелік полиция инспекторларының есебі бойынша, 2013 жылдың 9 айында округ аймағынан УПИ 612 хабарлама түсіп, барлығы 253 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 195 қылмыстық іс ашылған жоқ.
Ашылған қылмыстық іс барлық тіркелген қылмыстық істің 23 пайызын құрайды. 2012 жылдың 9 айында 1455 хабарлама тіркеліп, 260 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 180 қылмыстық ісі ашылмай қалған болатын.
Ашылған қылмыстық іс барлық тіркелген қылмыстық істің 31 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш бүгінгі таңда округке қосымша учаскелік полиция қызметкерлерін және түнгі мезгілде, демалыс күндері ауыл көшелерін аралауға полиция патрулі қажеттігін көрсетіп отыр.
Учаскелік полиция инспекторларына округ әкімшілігі ғимаратынан 2 бөлме бөлінген, «Нексия» автокөлігімен қамтамасыз етілген, байланыс телефоны орнатылған және 1-адам полиция инспекторларына тұрақты көмекші ретінде халық арасынан бөлінген.Полиция қызметкерлеріне көмек ретінде қоғамдық кеңес пен көше комитеттері мүшелерінен құрылған ерікті халық жасақшылары (ДНД) және сақшы сарбаздары кезекшілікке шығып тұрады.
|