Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы ел дамуының жаңарған стратегиялық жоспары, атқарылатын жұмыстардың жөн-жобасы айқындалған тарихи құжат. Дамуды бетке алған мемлекетіміз үшін басты бағдар - әлемдік аренада жоғары орны бар елдермен иық тірестіріп, олармен бәсекелестік орната алатындай деңгейге жету. Елбасы бірінші кезекте осы бағытты негізге алып отыр.
Біздің мақсатымыз - Елбасы Жолдауын елге насихаттап, әрбір еңбек ұжымына, қарапайым халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылады.
Ащыбұлақ ауылдық округі 4 ауылдан, олар М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле-би және 32 саяжайдан тұрады.
Округ тұрғындарының саны статистикалық есеп бойынша 2015 жылдың 1-қаңтарына 24316 адам, Округ 9,59 шаршы километр ауданда орналасқан.
Өнеркәсіп
Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей болашақта отандық тауарлар сапалық тұрғыдан Еуропа елдерімен тең қолданылатындай жағдайға жетіп, ұлттық брендке айналуы шарт. Сондықтан да, озық технологияларды игеру ұлттық идеяға айналып, экспортқа «Қазақстанда жасалған» деген таңба соғылған өнімдерді шығару қажет. Бұл үшін, әрине, инновациялық жаңалықтар өндірісте сауатты қолданылып, әлемдік ақпараттардан қалыс қалмауымыз керек. Осы бағытта «Первый Пивзавод» ЖШС–нің сыра шығаратын зауыты 2014 жылы 1 млн 923 мың дал. өнімін шығарды. «Ботабеков» ЖШС кірпіш зауыты 3млн. кірпіш, жалпы құны 69 млн. теңгені құрайтын өнім шығарды. «Росс Прокат» ЖШС-нің құбыр шығаратын зауыты 2014 жылы 900 мың тонна, жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын құбыр шығарды, «Дормаш ЧТЗ» ЖШС 2014 жылы 20 дана «Б-10» маркалы булдозерін, 1-грейдер жинақтады және ЧТЗ зауыты шығаратын ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етеді. «Акшол» ЖШС-гі 2014 жылы 347 мың тонна шарап өндіріп, жалпы құны 55 млн 540 мың теңгені құрады. «Қағазбаева» ЖК 2014 жылы жалпы құны 2 млн 640 мың теңгені құрайтын нан өнімдерін шығарды. «Молдаханова» 2014 жылы жалпы құны 1 млн.200 мың теңгені құрайтын тандыр нан өнімдерін шығарды, алдағы уақытта нан өнімдерін шығаруды екі –үш есеге көбейтуді мақсат етіп отыр,
бірақ округ тұрғындарын толық нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бізге әліде наубайханалар ашу қажет.
Жеке кәсіпкер Д. Абдраймовтың «Мерей» кондитер цехы 2014 жылы 165 тонна, құндық өлшемі 5 млн.348 мың тенгелік кондитер өнімдерін шығарды. Бүгінгі таңда «Мерей» кондитер цехы өнімінің сапасы мен түрлерін көбейту мақсатында жаңа цех ғимараты құрылысын бітіріп жаңа линияларды енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
Округ аумағында «Плодоимпорт» қойма құрылысы жүргізіліп, 45 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС –гі дәрі-дәрмек шығаратын зауыт құрылысы жұмыстарына 3 млрд. 720 млн. теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, «Дизайн Пласт» ЖШС полиэтилен пакеттерін шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарына 185 млн. теңге инвестиция тартылып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 50 пайызға орындалды, «Шмидт» ЖК терезе- есік шығаратын зауыттың құрылысына 362 млн. теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, «Азия Темир ЛТД» ЖШС тазалық сүлгілерін шығаратын зауыттың құрылысына 500 млн. теңге, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюмений профильдерін шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарына 3 млрд. 213 млн. инвестиция салынып, бүгінгі таңда зауыт құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, округ бойынша 8 млрд 979 млн 305 мың теңге инвестиция тартылды.
Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен 172 жеке тұлға айналысады, оның ішінде 86- дүкен, «Нұр Әлі», «Шолпан» әмбебап сауда орындары, 2- қонақ үй, 10- кафе, 11 - шаштараз, 9- дәріхана, 4- жеке тіс емдеу орны, 5- жанармай құю бекеті, 1- шағын базар, 4 - киім тігетін ателье, 2- нотариалдық қызмет көрсету орны, 5 –ТЖО (СТО) жұмыс істейді, 7-көлік жуу орталығы, 8 - дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс атқаруда. М.Түймебаев ауылында «Green Mart» азық-түлік сауда орыны ашылып, 27 жұмыс орны ашылды.
Округ тұрғындарына 1- монша қызмет көрсетуде, 2014 жылдың желтоқсан айында сағатына 20 адам қабылдайтын монша және 2- қабатынан 180 орындық тойхана іске қосылды.
Жеке кәсіпкер С. Сулейманқұлов М.Түймебаев ауылында 2014 жылдың ІV тоқсанында тігін цехын ашып, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында №19, №20 орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларын жұмысқа тартып, мектеп бітірген кезде қосымша мамандықтың иегері сертификатын беруді жоспарлап отырмыз.
Шағын кәсіпкерлік саласында округ бойынша 966 адам жұмыс істейді.
Округ аумағында орналасқан дүкендер 1000 адамға шаққанда бекітілген мөлшер бойынша 95 пайызға, қоғамдық тамақтандыру орны бектілген мөлшер бойынша 100 пайызға қамтылған, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары бектілген мөлшер бойынша 47 пайызға, монша бектілген мөлшер бойынша 30 пайызға қамтылған.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ-киім жөндеу, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, монша, банк және халыққа тұрмыстық қызметтерін көрсететін шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында - округте 82 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың қарамағына 7139 гектар жер бекітіліп берілген, 1500 адам тұрақты жұмыс жасайды. 2011 жылы Д. Дәдібаевтың 350 шаршы метр жылыжайы, 2012 жылы Ж. Сұртаевтың 350 шаршы метр жылыжайы және
Д. Дәдібаевтың 400 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды.
2013 жылдың басынан бастап Н.Н. Бандюков басқаратын «Самал» ЖШС көкөністі тамшылап суғару әдісімен өсіретін, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын жылыжай құрылысы іске қосылды. 2014 жылы «Әле Монтай» шаруа қожалығы 1 га жер аумағына 6 000шаршы метр жылыжай салып, 350 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасының құрылысын жүргізіп жатыр. Жылыжайлардан 2014 жылы 150 тонна қияр, 64-тонна қызанақ, 20 тонна әр түрлі көкөністер өндірілді. Қазіргі таңда бұл жылыжайлар ауыл тұрғындарын арзан бағада, көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.
Округ аумағында жылыжайлардың ауданын көбейту жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз, себебі бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған жылыжайлар қысқы мерзімде тұрғындардың көкөніске деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
Шаруа -қожалықтары 1986 гектар жерге дәнді дақылдар егіп,оның ішінде 558 га.күздік бидай, 495 га жаздық арпа, 62 га. дәндік жүгері егілген және 94 га жерге көкөніс, 120 га жерге картоп, 657 га. мал азығын дайындайтын көп жылдық шөп егілді.
Округте соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетті, сол себептен суармалы жерлерді көбейту үшін, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, интенсивті технологиямен мен тамшылатып суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасалуда.
Округте есеп бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарында 3934 бас ірі қара, 6845 бас қой ешкі, 392 бас жылқы,119 бас түйе, 466 бас шошқа, 15900 бас құс тіркелген.
Шаруа қожалықтарында мал басы жылдан жылға артып келеді.
«Ірі қара малды бордақылау алаңдарын салу» негізінде жоспар бойынша 200 басқа арналған мал бордақылау алыңын салу керек болса, округте «Азамат» шаруа қожалығы 300 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын салып, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Ә. Бөкенбаев 21 бас ірі қара, Б. Құсайынұлы 28 бас ірі қара, Ф. Аллахвердиев 18 бас ірі қара, Б.Құрманбаев 50 бас ірі қара бордақылап отыр. Ал, ауылдық жерде мал басының азайып келе жатқаны байқалады, оған ауыл айналасындағы жайылым жердің аз болуы мен жем-шөптің жылдан жылға қымбаттап бара жатуы себеп болып отыр.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алу, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамыту және жайылымдарды суландыру, «Ырыс» бағдарламасы (Сүтті тауарлы фермалар салу) бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, 2015 жылға жұмыс жоспары жасалып бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
«Ірі қара мал етін экспорттық әлеуетін арттыру» бойынша округте «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2012-2014жылдар аралығында округ бойынша жұмыссыз 5 азамат 14 млн 900 мың теңге шағын несие алып, өздерінің кәсіптерімен айналысуда.
2015 жылға 7 адам шағын несие алуға сұраныс білдіріп, құжаттары рәсімделіп, қаражаттың бөлінуін күтіп отыр.
Салиханова Нелли Утеповна басқарған «Анжела» шаруақожалығы 98 бас ірі қара бағып, оның ішінде 81 басы сауын сиырлар, заманагөй технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сүт өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асхансын(молочная кухня) сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы шаруашылық аз жайлымды жерде, ғылыми тәсілдерді қолданып (культурное пастбище) көп мал басын бағу әдісін округ шаруа қожалықтарына таратуды мақсат етіп отырмыз.
Округ аумағында бір мал дәрігерлік пунктінде онда 4- ветеренария дәрігері жұмыс атқарып жатыр. Жәпек батыр ауылында 1-малдарды қолдан ұрықтандыру пункті, Көкқайнар -3 ауылында 1- мал сою алаңы жұмыс істейді.
Мал шаруашылығында малдан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және оны болдырмау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, үнемі бақылауға алынған.
2014 жылы жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары мен тексеру жұмыстары 100 пайызға орындалды.
2014 жылы аудан әкімдігімен бірлесе ит аулау бригадасы 11 рет келіп, 224 қаңғыбас иттер ұсталып, қоғамдық кеңес, кәсіпкерлер мен округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 97 ит ұсталып, барлығы 321 қаңғыбас иттер жойылды. Бұл жұмыс әлі жалғасын табады.
Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 8 бас ірі қара бруцуллезбен ауру екендігі анықталып, шұжық жасау цехтарына тапсырылды. Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 35 бас ұсақ мүйізді малдар өлтіріліп,өртелді.
2014 жылы округ тұрғындарының малдарын жазғы жайлымға шығару үшін 9- табын жасақталып, бақташымен қамтамасыз етілді. 1- сәуірден бастап 1-қарашаға дейін табындар жайлымға шығарылды.
Округ бойынша қыс мезгілінде малдардың санына байланысты шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының малдарына қажетті мөлшерде жем-шөптерін дайындау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Салық
Тұрғындардан және заңды тұлғалардан салық жинау, 2014 жылы округ бойынша салықтың 4 түрінен 11 млрд 886 млн. 801 мың 899 теңге жиналды.
Оның ішінде:
- Жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы 1 млн. 843 мың 300 теңге
- Жеке тұлғалардан түскен жер салығы 1 млн. 128 мың 400 теңге
- Саяжайлардан түскен жер салығы 489 мың 100 теңге
- Заңды тұлғалардан түскен салық 11 млрд. 883 млн. 341 мың 099 теңге
Салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспарлар 100 пайызға орындалды.
Бүгінгі күнге жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма –қол бақылау шотына түскен қаражат 1 млн 651 мың 456 теңгені құрайды.
Инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы
Округ тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында округ ауылдарында төмендегі жұмыстар орындалды: Ащыбұлақ ауылдық округін электр энергиясымен қамтамасыз ететін ПС-91 де 10 000 кв (силовой) трансформатор, 16000 кв-ға ауыстырылды.
М.Түймебаев,Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарының электр желісін СИБ кабеліне, ескі ағаш электр бағаналарын темір бетон бағаналарға, ескірген және қуаттылығы төмен трансформаторларды жаңа қуаттылығы жоғары транформаторлармен ауыстыру жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр.Төле би ауылында электр бағаналары мен электр желілері толығымен жаңартылып, бюджеттен 14 млн 777 мың теңге қаражат жұмсалды. Қосымша ұзындығы 1,5 км Вл-04 кв, ұзындығы 1,5 км вл-10 кв темір бетон бағандары орнатылды. Қуаттылығы 100 КВа трансформатор қойылды.
2014 жылы бюджеттен 16 млн. 092 645 теңге бөлініп, М. Түймебаев ауылының орталық спорт алаңы мен саябағына қайта жарақтау (реконструкция) жұмыстары жүргізді. Бүгінгі таңда орталық спорт алаңының бойына жаяу жүргіншілер жолы, баскетбол және волейбол алаңдары, орталық саябақта автотұрақ жасалып, қоршалды. Алматинская көшесінен Н. Әбдиров көшесіне дейінгі жаңа көшеге 1078 метр асфальт төселіп, оған бюджеттен 27 млн.420мың 548 теңге қаражат бөлінді. Бұған қоса бюджеттен жалпы 1 млн. 660 810 теңге қаражат бөлініп, М.Түймебаев ауылындағы Клубная көшесінің ұзындығы 125 метріне асфальт төселді. М.Түймебаев ауылының Сырым Датұлы көшесі ұзындығы -645 метр, қиыршық тас төселіп, 6 млн 100 180 теңге, Қонаев көшесі ұзындығы 262 метр,қиыршық тас төсеп, 2 млн 093 050 теңге бөлінді. Алматинска көшесі мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысына асфальт төселіп, 3 млн 073 430 теңге, Тәуелсіздік көшесі басы ұзындығы 380 метр, 7 млн 402 637 теңге, Тәуелсіздік көшесінің жалғасы ұзындығы 1154 метр, 15 млн 756 859 асфальт төселді.
Көкқайнар ауылының Қобыланды батыр көшесі ұзындығы –365 метр,қиыршық тас төселіп, 2 млн 863 350 мың теңге, Салқам Жәңгір көшесі ұзындығы -348 метр, қиыршық тас төселіп, 2 млн 731 080 мың теңге, Абай көшесі ұзындығы 1260 метр, қиыршық тас төселіп, 9 млн 920 577 теңге қаражат бөлінді. Жалпы 2014 жылы жолдарды жөндеуге кеткен қаражат соммасы 79 млн.022 521 теңге.
2015 жылы жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша Алатау көшесі , ұзындығы 800 метр, Ынтымақ көшесі, ұзындығы 800 метр, Шымбұлақ көшесі , ұзындығы 800 метр, Хан Тәңірі көшесі ұзындығы -650 метр,
М.Қашқари көшесі, ұзындығы 650 метр көшелерге қиыршық тас төсеу жоспарланса. М.Түймебаев ауылы Алтынсарин көшесі -959 метр, Абай көшесі , ұзындығы -748 метр, Қасым хан көшесі, ұзындығы -459 метр, Есим хан көшесі, ұзындығы -442 метр, Тәуелсіздік көшесі, ұзындығы -1968 метр, Жәпек батыр ауылы Жамбыл көшесі, ұзындығы -1463 метр, Шубаева көшесі, ұзындығы -1609 метр, Оңалбаев көшесі, ұзындығы -1099 метр, Сүйінбай көшесі, ұзындығы 352 метр, Көкқайнар ауылы Алпамыс батыр көшесі, ұзындығы 294 метр, Восточная көшесі, ұзындығы -902 метр, Садовая көшесі, ұзындығы -906 метр, Новобережная көшесі, ұзындығы 833 метр, Төле би ауылы Керей хан көшесі, ұзындығы -467 метр, Ескелді би көшесі,ұзындығы 530 метр, Кенен Әзербаев көшесі, ұзындығы -479 метр жолдарға асфальт төсеу жоспарлануда.
М.Түймебаев ауылындағы Алматинская көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласы аббаттандырылып,осы мақсатқа 7 млн. 092 010 теңге бөлінді.
М.Түймебаев ауылы Тәуелсіздік көшесінің бойында ұзындығы 1125 метр жаяу жүргіншілер жолы жолы жасалынды, бөлінген қаражат 12 млн 355 мың 300 теңге. Алматинская көшесінің бойында ұзындығы -1615 метр жаяу жүргіншілер жолы жасалынды, бөлінген қаражат 11 млн. 577 мың 686 теңге.
Жәпек батыр ауылының орталық тас жолы бойына, бюджеттен 4 млн 330 420 теңге қаражат бөлініп, Қожанов көшесінен Абай көшесіне дейін, жалпы ұзындығы 150 метрді құрайтын, Көкқайнар ауылының Астана көшесінің бойына бюджеттен 10 млн. 054 045 теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 985 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы жасалды.
М.Түймебаев ауылының Алматинская, Заречная көшелерінің бойынан балалар ойын алаңы салынып, бюджеттен 2 млн 533 мың 280 теңге бөлінді.
Округ елді мекендеріндегі көшелердің жарықтандыру жүйелерін жаңартуға бюджеттен 550 мың теңге қаржы бөлініп, М.Түймебаев ауылының Алматинская, Тәуелсіздік, Аптечная көшелерінің электр жарық бағандарының лампалары ауыстырылып, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле би ауылдарының орталық көшелеріндегі жарықтандыру бағаналарының лампалары ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Округ бойынша ауылды газдандыру бойынша жұмыстар 50 пайызға орындалды. Қысқы мезгілде жолдарды қардан тазарту және тұз бен құмның қоспасын себуге бюджеттен 1 млн.600 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі айналысады.
Округте 14 су құдығы жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 су құдығы жалдамалы, олар «Әділет диірмен», «Кондитер цехы».
Округ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында бюджеттен 76 млн 459 мың теңге бөлініп, М.Түймебаев ауылының Алматинская, Аптечная, Тәуелсіздік, Гагарин, 50-лет Победы, Молдағұлова, Совхозная, Первомайская көшелерінің су құбырлары ауыстырылды.
Жәпек батыр ауылындағы ескі су құбырларын ауыстыруға жобалау сметалық құжаттамалар дайындалып, 2015 жылы бюджеттен қаражат бөлінген уақытта жоспарланған іс жүзеге асырылады.
Барлық жолдар қоқыстан күнделікті тазартылады.
Елді мекендерді қоқыстан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай» ЖК мекемесі М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдарының, «Беласар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдарының көшелерінен әр апта сайын күл-қоқыстарды шығарып отырады. «Абылай» ЖК мекемесі 2800 жанұямен келісім шартқа отырған, ол жалпы М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдары бойынша 80 пайыз ауланы құрайды, «Беласар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдары бойынша 1010 жанұямен келісім шартқа отырған, ол жалпы Жәпек батыр, Төле би ауылдары бойынша 75 пайыз ауланы құрайды
Байланыс және жол қатынасы жөнінде айтар болсақ, округтегі үш ауылда төрт пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Ауыл тұрғындарынан үйлеріне пошта жәшіктерін орнатуларын және үйлеріне көшесінің атауы мен үйінің нөмері жазылған аншлаг орнатуды сұраймыз.
Төле би ауылында пошта бөлімшесін ашу үшін жеке кәсіпкер Какишев Бахтияр өзінің Төле би ауылында орналасқан жеке ғимаратынан 2 бөлме бөліп берді. Енді осы бөлінген бөлмелерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пошта бөлімшесін және сақшы сарбазы, қоғамдық кеңес мүшелері отыратын орын ашуымыз керек.
Округ елді мекендерінің Алматы қаласымен автокөлік қатынасын «Жедел» автобус паркінің 4-маршруты, Междуреченск, Чапай ауылдарынан жүретін 2-маршрут қызмет көрсетсе, Алматы қаласының № 206 маршруты Жәпек батыр ауылынан, «Алтын орда» базарына дейін қызмет көрсетеді. Аталған маршруттар Алматы қаласына қарай төрт бағытта қызмет көрсетеді.
Төле би ауылының тұрғындарына қоғамдық тасымалдау қызметін көрсету бойынша қиындықтар туындап тұр, осы мәселе бойынша «Жедел» ЖШС- нің басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған телефон жүйесі байланыс қызметін көрсетеді. М. Түймебаев ауылында 1207 номерлі, бүгінгі таңда 1184
абонент телефон жүесіне қосылған, Жәпек батыр ауылында 651 оның 641 іске қосылған, Көкқайнар ауылында 202 нөмірлі, оның іске қосылғаны 160, Төле би ауылында 27 нөмір сымсыз телефонға қосылған.
Халықты әлеуметтік қорғау
Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда.
2014 жылы 47 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді. 175 - жаңа жұмыс орны ашылды.
Әлеуметтік жұмыс орнына 75 адам жұмыс 10-адам кәсіби мамандық алуға, СРМ -4, 2-жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжрибесінен өтті.
7 жанұя 34 адам 497 мың562 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 118 жанұя 431 бала 4 млн 167 мың 722 теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алса, 14 жанұяға тұрғын үй көмегі бойынша 743 мың 227 теңге қаржысы тағайындалды.
Округте орналасқан дәріханаларға 21 зейнеткер мен жалғыз басты қариялар бекітіліп, 10 пайызға арзандатылған бағамен дәрі –дәрмек алады. «Жаңа жыл», «Құрбан айт», 22- наурыз, 9-мамыр «Жеңіс күні» мерекесінде бұлардан басқа жыл бойына тұрмыс-жағдайлары төмен 550-ге тарта отбасына азық-түлік қоржыны таратылды. Округ аймағында тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, өкпе құрты ауруымен сырқаттанатын азаматтарға, көп балалы тұрмыс-жағдайлары төмен отбасыларына барлығы 56 жанұяға қыстық отынмен көмек көрсетілді. Бұл жұмыс әлі жалғасын табуда.
Білім беру
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел дамуының бір бағыты - Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, яғни, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын орындау мақсатында округ аумағында 2015-2020 жылдар аралығында 1200 орындық бір орта мектеп, 600 орындық үш орта мектеп, 300 орындық 2 орта мектеп, 280 орындық 2 балабақша, 240 орындық бір балабақша құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі таңда білім беру саласы бойынша – округ аумағында бес мектеп орналасқан, олардың 4-орта, 1-толық емес орта мектеп, бұл мектептерде барлығы 468 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп алды дайындық топтарында 671 бала, 1-11 сынып аралығында 6036 оқушы білім алуда.
Округте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жағдайы төмен 31 оқушы бар. Олар 2014-2015 оқу жылының басында оқу құралдары және мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген.
2014 жылы округ мектептеріне оқушыларды тасымалдауға бюджеттен барлығы 6 млн. 97 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда округ мектептеріне 1005 оқушы тасымалдануда.
Оқушыларды тасымалдау жұмысымен «Жедел» ЖШС-гі мекемесі айналысады.
«Жалпыға білім беру» заңы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 466 теңге бөлінді. Ыстық тамақпен № 4, № 19, № 20, № 29 орта мектеп оқушылары қамтамасыз етілген. Округте №4,
№ 19, №20, № 29, орта мектептер газбен жылытылады. 2014-2015 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 800 000 теңге бөлінген.
2014 жылы М. Түймебаев ауылы, № 19 орта мектебіне 320 орындық қосымша ғимараттың құрылыс жобалау сметалық құжаттары, экспертизаға
өткізілді, Ереванская көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп ғимаратына жер телімі бөлініп жобалау сметалық жұмыстары жүріп жатыр, Жапек батыр ауылы Алтаев көшесінің бойынан салынатын 600 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылыс жобалау сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстарына қаражат бөлінеді деп күтілуде. Көкқайнар ауылынан салынатын 600 орындық мектеп ғимараттарының құрылыс жобалау сметалық құжаттары жұмыстары дайын, Төле би ауылында 300 орындық мектеп ғимаратына жер телімі бөлініп, құрылыс жобалау сметалық құжаттарына қаражат бөлінуі күтілуде.
М.Түймебаев ауылында 140 орындық мемлекеттік қазыналық мекемесі
«Күншуақ» бала-бақшасы, 25 орындық жеке меншік «Ақ бота» балабақшасы, Жәпек батыр ауылында 25 орындық жеке меншік «Балдырған» балабақшасы жұмыс істейді. 2014 жылдың ІІ-жартысында Көкқайнар ауылында орналасқан Батыр саяжайында 62 орындық жеке меншік «Арлан» балабақшасы, Көкқайнар ауылында 50 орындық жеке меншік «Аймекен» балабақшалары іске қосылды.
Денсаулық сақтау
Бүгінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулық сақтау мәселелері бойынша нақты айқындалған мақсат-міндеттер орындалып, өз жемісін беруде. Бағдарламаны іске асыру аясында округміздің Жәпек батыр ауылында күніне 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, 2014 жылдың желтоқсан айында халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа дәрігерлік амбулатория бұрын округте болмаған ЭКГ -стационар аппараты, кольпосскоп- толық жабдықталған тіс дәрігерінің кабинеті, дефибриллятор- жүректің жұмысын қалпына келтіру аппараты, физио-кабинет (магнитотерапия, ультразвук, дорсанваль, профино-ванны, инфрақызыл сәуле шығаратын аппарат, лазеротерапия, ингалятор) медициналық аппараттармен жабдықталған.
Негізгі мақсат – тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ, халық арасында жалпы психологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыруға ықпал ету.
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарында дәрігерлік амбулатория,Төле-би, Көкқайнар -2 ауылдарында фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
М.Түймебаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-жедел жәрдем машинасы және Көкқайнар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-рентген машинасы тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.
2014 жылы 1148 бала туылса, былтырғы жылмен салыстырғанда 241 бала артық туылған, «Д» есепте тұрғандар саны 2825, 2013 жылмен салыстырғанда 136 адамға артқан. 2014 жылы тегін дәрі –дәрмекпен қамтуға бюджеттен 37 млн 594 мың 350 теңге бөлінген, 5 жасқа дейінгі
жасөспірімдер, «Д» есепте тұрған аурулар ала алады.2013 жылмен салыстырғанда 1 млн 660 мың 426 теңге артық бөлінді. Барлық елді мекендердегі тұрғындарға тұмауға қарсы вакцина егілді.
2015 жылы М.Түймебаев ауылынан күніне 150 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимараты құрылысының жобалау сметалық құжаттарды дайындалуда.
Мәдениет
Ауыл тұрғындары арасында мәдени іс-шаралар әр мереке сайн ұйымдастырылады. Округте «Береке» халық аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, Төле би ауылы әжелерінен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі, балалар мен жасөспірімдердің би тобы, курд және славян халықтарының балалар би тобы атаулы мерекелермен байқауларда өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
Округте болып жатқан мерекелік іс-шаралар №20 орта мектептің акт залында өтеді, соған орай округке мәдениет үйінің қажеттілігі туындап отыр.
М.Түймебаев ауылында округ әкімшілігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан кітапхана жұмыс істейді. Кітапхананың кітап қоры 6033 дананы құрайды.
Спорт саласы бойынша
Округте екі футбол алаңы және әр мектептің жанында ойын алаңдары мен спорт залдары бар. Округтің 5 футбол командасы аудан чемпионатында ойын көрсетіп жүр, оның ішінде «Әнуар», «Сұлтанәлі» және «Интер» командалары жоғарғы лигада, «Жеңіс», «Абылай» командалары бірінші лигада өнер көрсетіп жүр. № 4 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 19 мектепте шахмат, тоғыз құмалақ, № 29 мектепте бокс, №20 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, №37 толық емес орта мектепте күрес секциялары жұмыс жасайды.
Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау үшін және жасөспірімдер арасында спорттың әр түрлі саласында жастардың қабілеттілігін ашу үшін спорт кешені ғимаратын салу қажет.
М. Түймебаев ауылы орталық саябақтың ішінен жеке кәсіпкер Сүлейманқұлов Санат округ жастары үшін спорт кешені ғимараты құрылысын 2013 жылы бастап, құрылыс жұмыстарын 2015 жылдың ІҮ- тоқсанында аяқтап, іске қосады деп күтілуде.
Құқық қорғау
Қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысымен округ аумағында 4 учаскелік полиция инспекторы, бір кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторларының есебі бойынша округ аумағында 2014 жылы 501 қылмыс тіркеліп, оның 118 ашылды, пайыздық көрсеткіш 29,9. 2013 жылы тіркелген қылмыстың ашылу барлығы 424 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 119 қылмыстық іс ашылып, пайыздық көрсеткіші 28,1 болған,яғни өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың ашылуы 1,8 пайызға жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр..
2014 жылы Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімде - 8 жасөспірім есепте тұрса, 2013 жылы 11 жасөспірім тұрған. Өткен жылмен салыстырғанда 3 жасөспірімге кеміді. Жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.
Округімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға ардагерлер кеңесі, отбасы және гендерлік саясат бойынша комиссия, қоғамдық кеңес, көше комитеттері мүшелері, мектептерде ата-аналар кеңесі, жастар кеңесі, курд диаспорасы өз көмегін көрсетуде.
Учаскелік полиция инспекторларына округ әкімшілігі ғимаратынан 2 бөлме бөлінген, «Нексия», «УАЗ 469» автокөліктерімен қамтамасыз етілген, байланыс телефоны орнатылған және 1-адам полиция инспекторларына тұрақты көмекші ретінде халық арасынан бөлінген. Полиция қызметкерлеріне көмек ретінде қоғамдық кеңес пен көше комитеттері мүшелерінен құрылған ерікті халық жасақшылары (ДНД) әр аптаның сенбі, жексенбі күндері және сақшы сарбаздары бекітілген кесте негізінде кезекшілікке шығады.
|