БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > ҚҰЖАТ

 
 
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

23.01.2015 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2015 жылғы ақпан айының 27-і күні сағат 15-00 де Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі Мұхаметжан Түймебаев ауылы № 20 орта мектептің мәжіліс залында қоғамдастық жиынының өтетінін хабарлаймыз.

Күн тәртібінде келесідей мәселе қаралады:
1. Мұхаметжан Түймебаев ауылының жаңа құрылыс елді мекенінің бір көшесіне Қасабеков Асылбек Таупашұлының атын беру туралы
Қосымша мәлімет
Қасабеков Асылбек Таупашұлы 1950 жылы Алматы қаласы, Октябрь ауданында дүниеге келген. 1965 жылы 8 жылдық мектепті бітіріп, сол жылы Алматы құрылыс техникумына оқуға түседі. 1969 жылы Алматы қаласындағы құрылыс техникумын қызыл дипломмен бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласының «Су жүйесі және канализация» басқармасында су шебері болып бастады.
1978 жылы қазан айынан бастап биолигиялық тазалық бөлімшеге басшы болып ауысты. 1987 жылдың 23 қаңтары күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы негізінде грамотамен марапатталды. Қазақстандағы қалдық суларды тазалау саласы бойынша үздік көрсеткіші үшін оның еңбегі 2005 жылы 16 қарашадағы №1131 қаулысымен Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды.Осы қуанышты сәтті өз көзімен көре алмай кетті. 25 қазан 2005 жылы А.Қасабеков ауыр науқастан қайтыс болады.