Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі
М.Түймебаев ауылының жаңа құрылыс елді қоғамдастық жиынының
ХАТТАМАСЫ
М.Түймебаев ауылы 08.09.2014 ж
сағ 15:00
Төрағалық еткен: М.Б.Карибаев – округ әкімі
Хатшы: А.У.Нильдибаева – округ әкімі
аппаратының бас маманы
Қатысқандар: Қағазбаева Шолпан – Іле аудандық
мәслихат депутаты
Қасымбеков Кеншін - Іле ауданының
құрметті азаматы
Округ бойынша қоғамдастық мүшелері,
ардагерлер кеңес мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары, көше комитеті мүшелері
Барлығы: 69 адам
Күн тәртібі:
1. Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылының жаңа құрылыс елді мекенінің бір көшесіне Қасабеков Асылбек Таупашұлының атын беру туралы
Тыңдалды:
Жиналысты округ әкімі М.Б.Кәрібаев ашып, жиналыстың мақсаты мен міндетін және күн тәртібімен таныстырып, Қасабеков Асылбек Таупашыұлының атына М.Түймебаев ауылынан бір көше беруді ұсыну мәселесіне тоқтап, қысқаша өмірбаянымен таныстырды. (Қысқаша өмірбаяны, жеке куәлігінің, еңбек кітапшасының көшірмелері қосымша тігілді)
Сөз соңында жиналысқа қатысушылардан осы ұсынысқа өздерінің көзқарастарының білдіруді сұрады.
Сөз сөйлегендер:
К.Қасымбеков – Іле аудынының құрметті азаматы, сөз алып мен Іле ауданының құрметті азаматы ретінде бұл бастаманы толық қолдаймын. Қасабеков Асылбек Таупашұлын Алматы қаласы, Алматы облысы және округіміздің саяси әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын көтеруге, үлкен үлес қосқан азаматы ретінде білемін. Мемлекетіміз Асылбек Таупашұлының еңбегін елеп, ҚазССР жоғарғы кеңесінің грамотасымен, еліміз егемендік алғаннан кейін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қасабеков Асылбек Таупашұлының атына округімізде бір көше атауын беруге лайық азамат.
Т.Хамитов – Жәпек батыр ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз:
-Мен 1976 жылдан бастап №4 орта мектеп директоры, А.Қасабеков Мехочистка мекемесінің бастығы қызметінде көп жылдар бірге қызмет атқардық. Іле ауданының құрметті азаматы Кеншін Шәкілұлы, Қасабеков Асылбек Таупашұлының мемлекетіміздің, соның ішінде округіміздің дамуына қосқан үлесін атап өтті, оны қайталаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Менің пікірім Қасабеков Асылбек Таупашұлынаң атына көше атауын беруге лайық тұлға деп есептеймін.
Қағазбаева Шолпан – Іле ауданының депутаты:
-Қасабеков Асылбек Таупашұлының Алматы қаласы, Алматы облысы, аудан көлемінде және округіміздің дамуына қосқан үлесімен халықтың сенімін ақтап, зор беделге ие болған адам екендігі қазіргі күні тұрғындар арасында айтылып жүр. Жоғарыда сөйлеген адамдардаң бәрі ол кісінің еңбегіне жоғары баға беріп жатыр. Аудандық мәслихатының депутаты ретінде сіздерлдің бұл бастамаларыңызды толық қолдаймын. Осы бастаманы тиісті орындарға жетуіне ат салысамын.
Құлмашев Марат– көше тұрғыны:
-Біздің көшемізге округімізде өмірінің соңғы күніне дейін еңбек еткен азамат, Қасабеков Асылбек Таупашұлының атын беруге мен қарсы емеспін, көршілерде қолдайды деп ойлаймын.
Жиналыс төрағасы М.Б.Карибаев – Қасабеков Асылбек Таупашұлының атына көше атауын беруді ұсыну туралы мәселені дауысқа қойды.
Жиналысқа қатысушылар бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Жиналыс шешімі
Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылындағы жаңа құрылыс көшесіне Қасабеков Асылбек Таупашұлының атын беру мақсатында ауылдық округ әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.
Жиналыс төрағасы М.Б.Карибаев
Жиналыс хатшысы А.У.Нильдибаева
|