Іле ауданының
«Білім берудегі дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасының» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру
жөнінде жұмысы туралы анықтама
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында біздің ауданымызда атқарылған іс-шаралар барысы төмендегідей:
Аудан бойынша 54 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 38 мектеп, 16 мектепке дейінгі білім беру мекемелері. Жалпы білім беретін 38 мектептің ішінен 1-еуі ( Өтеген батыр кентіндегі «Айнұр» ЖЛГ-сы), 37 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар. Мектепке дейінгі білім беру 30 мекемесінің ішінде мемлекеттік 6 балабақша, 7 жекеше балабақша және 13 мемлекеттік, 4 жеке шағын-орталықтар жұмыс істейді.
Аудан бойынша 30425 оқушы. Оның ішінде 34 орта мектепте – 30097 оқушы, 2 бастауыш мектепте (Жетіген ауылындағы №34 БМ, Еңбек ауылындағы №33 БМ) – 215 оқушы, 1 толық емес орта мектепте (Төлеби ауылындағы №37 ТОМ) – 113 оқушы оқиды. Қазақ тілінде 7 мектеп, оқушы саны -5455 оқушы, қалған аралас (орыс/қазақ) 30 мектеп – 24970 оқушы.
Аудан бойынша қазақ тілінде– 19866 оқушы, орыс тілінде– 10559 оқушы. Аудан бойынша мектептердегі барлық 1299 сынып комплектісі қазақ тілінде – 818, орыс тілінде – 481.
2011 жылы жалпыға бірдей білім беру бюджеттен 40 млн. 575 мың теңге, ал 2012 жылы 55 млн. 505 мың теңге бөлінді.
2011 жылы аудан бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында жағдайы төмен отбасының 3313 балаларына бюджеттен бөлінген 14 млн. 915 мың 38 теңге және бюджеттен тыс – 3 млн. 708 мың 205 теңге көмек көрсетілді.
2011 жылы аудан бойынша мектептерге тасымалданатын оқушы саны - 1678.
2010-2011 оқу жылының басында 37 мектеп 30425 оқушыға 24 мектеп асханалары жұмыс жасайды. Осы мектептерде 12092 /40 пайыз/ оқушы ыстық тамақпен, оның ішінде тегін ыстық тамақпен 2224 бала /18пайыз/ қамтылған.
Аудан бойынша 8 мектепте /№27 Ом, №32 Ом, №19 Ом, №30 Ом, №31 Ом, №41 Ом, №26 Ом, №37 Ом, №31 Ом/ буфет ұйымдастырылған. Буфеттік тағаммен 16894 оқушы /56 пайыз/, оның ішінде 1020 оқушы тегін буфеттік тағамдарымен қамтылған.
Аудан бойынша балалар саны 65 349, оның ішінде мүгедек балалар саны 642, үйде оқытылатын балалар саны 105, үйде әлеуметтік қызмет алатын балалар саны 146. Оларға 22 әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Психикалық дамуы тежелген балалар саны 75.
Мүмкіндігі шектеулі 15 балаға техникалық қосалқы құралдармен жабдықтауға жергілікті бюджеттен 13 млн.245 мың теңге, республикалық бюджеттен 9 млн. 93 мың теңге көмек көрсетілді.
Қазіргі кезде аудан бойынша ПМПК-де әр түрлі диагнозбен 74 бала тіркелген. Үйде оқытылатын 105 балалардың, 60 баласы жалпы білім беру бағдарламасымен, 19 бала қосалқы бағдарламамен, ал 15 психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бағдарламамен оқытылады.
ПМПК-ның мәліметі бойынша аудан мектептеріндегі психикалық дамуы тежелген диагнозы бойынша мәлімет:
№
|
Ауылдың және мектептің аталуы
|
психикалық дамуы тежелген балалар саны
|
Оқытылу тілі
|
1
|
Қоянқұс ауылындағы №1 ОМ
|
17
|
Орыс
|
2
|
М.Түймебаев ауылындағы №19 ОМ
|
6
|
Орыс
|
3
|
Боралдай кентіндегі №17 ОМ
|
5
|
Орыс
|
4
|
Байсерке ауылындағы №9 ОМ
|
11
|
Орыс
|
5
|
Отеген батыр кентіндегі №13 ОМ
|
5
|
қазақ
|
|
Барлығы
|
44
|
|
Инклюзивтік білім беруді аудан мектептеріне енгізу үшін дайындық жұмыстарын өткізуін қажет етеді. Жоғарыда аталған балалардың:
1. диагнозы бойынша оқытылу бағдарламасының түрін және сол балаларға мектептерде қандай жағдай жасау керектігін бағыттауды ПМПК-мен анықталуы,
2. жалпы білім беретін мектептерде оқытылуына ата-аналарының келісімі,
3. қажетті оқу-құралдарымен бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етілуі,
4. инклюзивті білім беруді енгізу мақсатында қажетті мамандармен қамтамасыз ету (логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, дефектолог, ЛКФ маманы, әлеуметтік педагог, колдау педагогы /педагог поддрежки/),
5. аталған мамандарды немесе олардың орнына бастауыш сынып мұғалімдерін, тәрбиешілерді республикалық білім жетілдіру институтында курстан өткізу,
6. Оқытылған мұғалімдрді оқу-көрнекілік құралдарымен қамтамасыз ету,
7. Мектептерде оқыту кабинеттерін бөлу (№1 ОМ-де 17 балаға 1 кабинет, №19 ОМ-де 6 балаға 1 кабинет, №17 ОМ-де 5 балаға 1 кабинет, №9 ОМ-де 11 балаға 1 кабинет, №13 ОМ-де 5 балаға 1 кабинет /оқытылу тілі қазақша/.
8. Жоғарыда аталған іс-шараларға қаржыландыруды қарастыру.
Облыстық психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы тарапынан Байсерке ауылындағы №12 орта мектебінде 2011 жылдың желтоқсан айында аудан мектептерінің психологтарымен және үйде оқытуды жүргізетін мұғалімдермен «Инклюзивтік білім беру» бойынша аудандық семинар жиналыс өткізілді. Аталған мәселе бойынша мұғалімдерді, психологтарды, медициналық қызметкерлерді курстан өткізу 2012 жылдың жоспарында қарастырылған. Инклюзивтік білім беруді жүзеге асыру мақсатында аудан мектептеріне қосымша логопед мамандары қажет және қажетті қаражатты талап етеді.
37 мектептің типтік ғимаратта орналасқаны – 27 мектеп (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 24, 25, 29, 30, 38, 39, 41 ОМ), бейімделген ғимаратта орналасқан мектеп саны – 10 (№22, 23, 26, 27, 31, 32, 33, 34, 35, 37 ОМ).
Жылу жүейсі орталықтандырылған 7 мектеп және 3 балабақша (№7, 10, 13, 15, 21, 23, 38 ОМ, «Қуат», «Гнездышко», «Әдемі» б/б), табиғи газбен – 11 мектеп және 1 балабақша (№1, 2, 4, 5, 6, 16, 17, 18, 25, 27, 39 ОМ, «Балдәурен» б/б), сұйық отынмен жұмыс істейтін – 16 мектеп және 2 балабақша (№8, 9, 11, 12, 14, 19, 22, 24, 26, 29, 30, 31, 32, 35, 37, 41 ОМ, «Ақбота» б/б, «Балдырған» б/б), қатты отынмен – 3 мектеп (№3, 33, 34 ОМ).
Аудан бойынша апаттық жағдайдағы мектеп саны – 4 (Жетіген ауылындағы №34 БМ, Комсомол ауылындағы №31 ОМ, Әли ауылындағы №22 ОМ, Н.Тлендиев ауылындағы №26 ОМ.)
Аудан бойынша 3 ауысымда оқитын 10 мектепте (№4, 6, 9, 12, 19, 22, 23, 31, 34, 35 ОМ) 8714 оқушы. Оның ішінде 1-ші ауысымда 4023 оқушы, 2-ші ауысымда – 3545 оқушы, 3-ші аралық ауысымда - 1146 оқушы оқиды.
2010-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына, аймақтарды дамыту бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 2010 жылда аудан бойынша Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектебінің инженерлік жүйелерінің күрделі жөндеуі жалпы сомасы 8 млн. 243 мың теңгеге, Ақши ауылындағы №41 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 32 млн. теңгеге, Жетіген ауылындағы №11 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 104 млн. 855 мың теңгеге, Боралдай кентіндегі «Балдәурен» балабақшасы ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 86 млн теңгеге өткізілді.
2011 жылы Ақши ауылындағы №8 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 142 млн. 919 мың теңгеге /мәрдігер «Аманат-2» ЖШС-гі/, Междуреченск ауылындағы №16 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі 76 млн. 360 мың теңгеге /мәрдігер «Ади-Жан» ЖШС-гі /, Жаңадәуір ауылындағы №5 орта мектебі шатырының күрдлеі жөндеуі 20 млн. 600 мың теңгеге /мәрдігер «Еңбек» ЖШС-гі /, Қосөзен ауылындағы №14 орта мектебінің инженерлік жүйесінің күрделі жөндеуі жалпы сомасы 67 млн. 126 мың теңгеге /мәрдігер «Ади-Жан» ЖШС-гі /, Чапай ауылындағы №10 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 10 млн. теңгеге /мәрдігер «Астол» ЖШС-гі/, Көктерек ауылындағы №21 орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 15 млн. 866 мың теңгеге /мәрдігер «Еңбек» ЖШС-гі /, Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектебінің инженерлік жүйелерінің күрделі жөндеуі жалпы сомасы 26 млн.587 мың теңгеге /мәрдігер «Giving TeploCompany» ЖШС-гі /, Балапан бағдарламасы бойынша Боралдай кентнідегі «Балдәурен» балабақша ғимаратының ІІ-ші кезеңдік күрделі жөндеуі жалпы сомасы 132 млн. 881 мың теңгеге мәрдігер «Аманат-2» ЖШС-гі/ өткізілді.
Сонымен қатар, №25, 31, 13, 12, 23, 29, 32, 1, 9, 24 мектептерінің қосымша ағымды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 40 млн. 559 мың теңгеге өткізілді.
2011 жылы аудандағы білім мекемелірінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен Байсерке ауылындағы №9 орта мектебі, Қосөзен ауылындағы №14 орта мектебі, Междуреченск ауылындағы №16 орта мектебі, Боралдай кентіндегі №17 орта мектебі жалпы сомасы 16 млн. 388 мың теңгеге, республикалық бюджеттен Жаңаталап ауылындағы №25 орта мектебі, Первомай кентіндегі №24 орта мектебі, Жыпек батыр ауылындағы №4 орта мектебі, Көктерек ауылындағы №21 орта мектебі жалпы сомасы 16 млн. 280 мың теңгеге биология кабинеттерімен жабдықталды. Байсерке ауылындағы №12 орта мектебі, Көкқайнар ауылындағы №29 орта мектебі, Қоянқұс ауылындағы №1 орта мектебі жалпы сомасы 12 млн. 291 мың теңгеге химия кабинеттерімен жабдықталды. КазЦИК ауылындағы №6 орта мектебі, Екпінді ауылындағы №2 орта мектебі республикалық бюджеттен жалпы сомасы 10 млн. 816 мың теңгеге, Жетіген ауылындағы №3 орта мектебі, Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектебі, Жауғашты ауылындағы №27 орта мектебі жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 11 млн.82 мың теңгеге лингафонды-мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталды. Сонымен қатар, информатизациялау бағдарламасы бойынша аудан мектептері облыстық бюджеттен жалпы сомасы 17 млн.687 мың теңгеге 120 комплект компьютерлік техникаларымен жабдықталды. Ауданның 7 мектебі (№5,10,11,14,15,24,31 ОМ) жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 8 млн. 400 мың теңгеге интерактивтік тақтамен қамтамасыз етілді. Мектептің жихаздары, құрал-жабдықтарымен нығайтуға Ақши ауылындағы №8 орта мектебі жалпы сомасы 15 млн. теңгеге, Междуреченск ауылындағы №16 орта мектебі жалпы сомасы 10 млн. теңгеге және қалған аудан мектептеріне жалпы сомасы 30 млн. теңгеге, спорттық құралдарымен жалпы сомасы 14 млн.64 мың теңгеге жабдықталды.
Аудандағы білім мекемелерінің жылу жүйелері үзіліссіз жұмыс істеуі үшін 2011 жылы Жетіген ауылындағы №3 орта мектебінің қатты отынмен жұмыс істейтін пеші жалпы сомасы 3 млн. 900 мың теңгеге және Н.Тлендиев ауылындағы №26 ОМ, Междуреченск ауылындағы №16 ОМ, Боарлдай кентінің №17 ОМ, Жаңадәуір ауылындағы №5 ОМ, Көкқайнар ауылындағы №29 ОМ, Құйған ауылындағы №32 ОМ-не қосымша сұйық отынмен жұмыс істейтін пештері орнатылды. Сонымен қатар, ауданның білім мекемелерін сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 52 млн. 142 мың теңгеге бөлінді.
Ауданның 20 мектебіне (№9, 6, 18, 13, 7, 15, 17, 3, 38, 10, 29, 2, 21, 30, 19, 4, 31, 32, 37, 25 ОМ) өртке қауіпті дабылқағу жүйесі жалпы сомасы 33 млн. 861 мың теңгеге және Өтеген батыр кентіндегі №7,13,38, Боралдай кентіндегі №39 гимназияға жалпы сомасы 6 млн. 982 мың теңгеге бейнебақылау жүйесі орнатылды.
2011 жылы мектептері кеңжолақтық Интернет жүйесінде жұмыс істеу үшін бюджеттен 6 млн. 920 мың теңге бөлінді. Қазіргі кезде ауданның барлық мектебінде кеңжолақтық Интернет жүйесіне қосылған.
Аудан бойынша «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Боралдай кентіндегі №39 гимназиясында 50 орынға арналған /2топ/ шағын орталық ашылды. Шағын орталықтың материалдық техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 8 млн. теңге және «Балдаурен» балабақшасының материалдық техникалық базасын нығайтуға 9 млн. 154 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Жетіген кентіндегі «Балдырған», Боралдай кентіндегі «Балдаурен» мемлекеттік балабақшаларға, Чапай ауылындағы «Нұрарай», Өтеген батыр кентіндегі «Солнышко», Первомай кентіндегі «Белая Лебедь», Боралдай кентіндегі «Балауса» жеке балабақшаларына жалпы сомасы 83 млн. 162 мың теңге бөлінді.
2011-2015 ж.ж. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2011 жылы басталған М.Түймебаев ауылындағы 900 орынға арналған жаңа мектеп құрылысының аяқталуы 2013 жылға жоспарланған және Жаңаарна ауылындағы 180 орынға арналған жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Аяқталуы 2012 жылдың тамыз айында. Қазіргі кезде аудан мектептеріндегі үш ауысымдық оқыту және апаттық жағдайда тұрған мектептердің мәселесін шешу үшін, аталған бағдарламада 2012 жылға Жетыген ауылындағы 200 орынға арналған жаңа мектеп, 2013 жылы Чапай ауылындағы 400 орынға арналған жаңа мектеп, Әли ауылындағы 300 орынға арналған жаңа мектеп және Н.Тлендиев ауылындағы 500 орынға арналған жаңа мектеп, 2014 жылы Байсерке ауылындағы 600 орынға арналған жаңа мектеп, Комсомол ауылындағы 500 орынға арналған жаңа мектеп, Жәпек батыр ауылындағы 600 орынға арналған жаңа мектеп, Өтеген батыр кентіндегі 1200 орынға арналған жаңа мектеп, 2015 жылы Төлеби ауылындағы 300 орынға арналған жаңа мектеп құрылыстары жоспарланған.
2012 жылы Первомай кентіндегі №24 ОМ-бі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 142 млн. 79 мың теңгеге, Жетіген ауылындағы №3 ОМ-бі ғимаратының күрделі жөндеуі жалпы сомасы 190 млн. теңгеге, Екпінді ауылындағы №2 ОМ-нің шатырының күрделі жөндеуі, Жетіген ауылындағы «Балдырған» балабақшасы шатырынң күрделі жөндеуі, «Балапан» бағдарламасы бойынша М.Түймебаев ауылындағы 120 орынға арналған балабақша ғимараты және Қосөзен ауылындағы 120 орынға арналған балабақша ғимаратының қайта құру жұмыстары жоспарланған.
Ауданда мектепке дейінгі 3-6 жас аралығындағы балалар саны - 7649. Аудан бойынша 6 мемлекеттік, 7 жекеменшік балабақшалар /жалпы 2525 бала санымен/ және 13 мемлекеттік, 4 жекеменшік шағын орталықтар /жалпы 1033 бала санымен/ жұмыс істейді. Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуы -3558 бала /46,5 пайызды құрайды/.
2010 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 5 мектепке дейінгі мекемелерде Жетіген ауылында «Балдырған» балабақшасында-50 балаға, Чапаев ауылында «Нұр-Арай» жекеменшік б/б- 90 балаға, Өтеген- батыр кентінде «Солнышко» жекеменшік б/б-50 балаға, Первомай кентінде «Белый Лебедь» жекеменшік б/б -20 балаға арналған топтар ашылды. Барлығы 9 топқа 210 бала қабылданды. Бюджеттік қаражаттан осы іс-шараларға -44505,0 теңге бөлінді, олардың-24615,0 теңгесі игерілді. Қалған 19890,0 теңге 2011 жылға ауыстырылды.
2011жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылды: Первомай кентінде «Белый Лебедь» жекеменшік б/б 100 балаға арналған 4 топ, Чапаев ауылында «Нұр-Арай» жекеменшік б/б 70 балаға-4 топ, Боралдай кентінде «Балдаурен» б/б 220 балаға арналған 13 топ, Боралдай кентінде «Балауса» жеке меншік балабақшасында 250 балаға арналған 10 топ ашылды. Жалпы 640 балаға арналған 31 топ ашылды. 2010-2011 жылы 83162,0 теңге бөлініп игерілді.
Ауданда 35 кітапханада 51 кітапханашы жұмыс істейді. Оның ішінде арнайы білімді мамандар саны-43. Кітапхана қоры-588312 дана. Оның ішінде мектеп оқулықтарының саны-363016 дана. Жаңа буын оқулықтар саны -237888 дана. 2011 жылы қордың 72808 данаға өсті. Жетім және әлеументтік жағдайы төмен 2231 оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
2011-2012 оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуге 55 375 000,00 теңге бөлінді. «Бөбек» орталығы, «Мектеп», «Атамұра», «Арман-ПВ», «Жазушы», «Білім», «Алматыкітап», «Stuly Inn», «ТиАСИ» баспалармен келісім шартқа отырды.
2011 жылы аудан бойынша 11- сыныпты бітірген 1339 түлектердің (қазақ тілінде – 877, орыс тілінде - 462) ішінен ҰБТ-ге қатысқаны – 970 түлек. Аудан бойынша ҰБТ-ден орташа балы 2011 жылы - 80,1 балл, 2010 жылы 75,4 балл. 2011 жылы «Алтын белгіні» дәлелдегендер – 15 түлек, ерекше аттестатты дәлелдеген 16 түлек. 2011 жылы аудан бойынша ақысыз жоғарғы оқу орындарына түскен түлек саны – 147 (11%), арнайы кәсіптік орта білім беретін және жоғарғы ақылы оқу орындарына түскен түлек саны- 839 (62,6%).
2012 жылы аудан бойынша 11-шы сыныпты бітіретін 1559 оқушы. Қазіргі кезде ҰБТ-ге қатысатын оқушы саны – 1356 (87%). «Алтын белгіге» үміткер саны – 49, ерекше аттестатқа – 27 оқушы.
Аудан бойынша 2011 жылдың білім сапасы – 50%, 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығына білім сапасы - 51% құрайды.
2004 жылдан бастап ағылшын тілін 2-ші сыныптан бастап оқыту эксперимент ретінде №6 о.м. енгізілді. Экпериментке қатысқан оқушылар бүгінгі күні 9 «А», «Ә» сыныптарда оқиды. 2010-2011 оқу жылында аудандық олимпиадаға Адилхан Нұрайым қатысып, 1-орынды иеленді. «Британ бульдогы» конкурсынан екі оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушылар Макмиллан баспасының оқулықтарымен оқытылуда.Laser B1 оқулығы және жұмыс кітабымен 50 оқушы қамтамасыз етілді.Екі оқулық жетіспейді.Жылда оқулықтар өте кеш жеткізілуіне байланысты, оқу программасы толық қамтылмайды.Тек осы жылдың қаңтар айының басында 16 орынды мультимедиялық кабинет іске қосылды.Пән кабинеттерін қосымша арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз ету қажет.Педагог кадрларға қосымша сабақтар жүргізу үшін қаржыландыру қарастырылмаған.Қосымша әдебиеттер мен көрнекі құралдар алу үшін қаржы қажет.
Аудандағы 37 мектеп толық мамандармен қамтылған, мамандығына сәйкес 2532 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді- 2220, орта –кәсіптік білімді-287 , орта білімді – 2, аяқталмаған жоғары білімді-23.
Жоғары санатты -365 , бірінші санатты -807 , екінші санатты -738, санаты жоқ -622. Курстан өткендер 510 аттестациядан өткендер 477.
Жас мамандарға қолдау көрсетуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2010 жылы 29 маманға 2 млн.869 мың тенге көтерме ақы берілсе, 2011 жылы 34 жас маманға 3 млн. 598 240 мың. тенге көлемінде көтерме ақы берілді және 10 жас маманға баспана алуға 21 млн. 134 мың 322 тенге көлемінде кредит берілді.
Педагог мамандардың білімін жетілдірудің тағы бір формасы семинарлар арқылы озық тәжірибені тарату.Өткен жылы аудан бойынша 92 семинар өткізілді: оның 58 аудандық деңгейде,31 облыстық және 3 республика көлемінде өткізіліп 9 мұғалімнің сі тәжірибесі облыс көлемінде,9 мұғалімнің іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын оқыту және еңгізу мақсатында аудандық «Үздік активстудио презентациясы -2011» байқауы өткізілді Бірінші орынды № 38 мектеп-гимназиясының мұғалімі Абилова Л.Б. жеңіп алды.
АОМКДИ-дің өткізген «Үздік оқыту мен әдістемелік оқыту құралдары» атты бәйгеде № 15 орта мектебінің мұғалімі Оңалбаева С.Е. құрмет грамотасына, №13 орта мектептің әлем көркем мәдениетінің мұғалімі Баймұхамбетова С.О. облыстық «Үздік Activstudio презентациясы» атты облыстық өребәйгеде бірінші, « Менің сүйікті сабағым» атты өребәйгеде құрмет грамотасына, № 9 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жүнісова Самал Камелбекқызы облыстық «Информатика пәні мұғалімі-2011» атты байқауында үшінші, облыстық білім беру мекемелерінің мұғалімдерінің «Жыл Web-сайты» атты байқауында № 39 мектеп -гимназия мұғалімдері Каликова А.Е., Турсунова Ч.А, екінші, «Activstudio» интерактивті сабағы атты облыстық байқауда №38 мкетеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Абилова Л.Б. екінші орындарды жеңіп алды.
Электрондық оқыту жүйесіне №7, №9, №17, №24 орта мектептер, №38 мектеп-гимназиясы қамтылды.
Қазіргі таңда аудан мектептері 1594 компьютермен, 63 интерактивті тақтамен, 15 лингофонно-мультимедиалык кабинеттермен жабдықталған. Барлық мектептер 2011 жылдан бастап кең ауқымдық желілік жүеге қосылды. Қазіргі кезде 1 компьютерге 19,3 оқушы келеді.
2011 жылы мұғалімдердің ақпараттық техникалармен жұмыс істеу дағдысын дамытуға арналған курстан 90 пән мұгалімдері өтті., 31 мұғалім аудандық семинарларда интерактивті сабақ және 3 мұғалім республикалық, облыстық дәрежеде Он-лайн режимінде сабақ өткізіді.
Дарынды оқушыларды анықтаудың негізгі бір бағыты - ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға қатыстыру.
2008 - 2009 оқу жылында аудандық олимпиадаға 738 оқушы қатысып, 287 жеңімпаз атанды, білім сапасы 38,8 пайыз , облыстық олимпиадаға 23 оқушы қатысып,11 оқушы жеңмпаз атанды. 2009 -2010 оқу жылында аудандық олимпиадаға 344 оқушы қатысып, 153 жеңімпаз атанды,білім сапасы 44,4 пайыз, облыстық олимпиадаға 10 оқушы қатысып,4 оқушы жеңімпаз атанды
2011 жылы 282 оқушы аудандық олимпиадаға қатысып, оның 161-і жеңімпаз атанды. 2010 жылмен салыстырғанда үлгерім 100 пайыз, білім сапасы 57 пайызды көрсетті, айырмашылық 13 пайызға білім сапасы көтерілді.
«Дарын» ғылыми жобалар байқауының нәтижелері төмендегідей :
Аудандық кезең
- 2009/2010 оқу жылы - қатысқаны 115 ,жүлдерелер саны – 65;
- 2010-2011 оқу жылы –қатысқаны 135,жүлдегерлер саны – 68;
- 2011-2012 оқу жылы - қатысқаны 255,жүлдегерлер саны – 71
Облыстық кезең
- 2009/2010 оқу жылы - қатысқаны 19,жүлдерелер саны – 5;
- 2010-2011 оқу жылы –қатысқаны 20,жүлдегерлер саны – 13;
- 2011-2012 оқу жылы - қатысқаны 31,жүлдегерлер саны – 27
ҚР КҒА ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері төмендегідей:
Аудандық кезеңі
- 2009/2010 оқу жылы – қатысқаны 126,жүлдегерлер саны – 107
- 2010/2011 оқу жылы – қатысқаны 202,жүлдегерлер саны – 162;
- 2011/2012 оқу жылы – қатысқаны 324,жүлдегерлерсаны – 165;
Облыстық кезеңі
- 2009/2010 оқу жылы – қатысқаны 51,жүлдегерлер саны – 24
- 2010/2011 оқу жылы – қатысқаны 88,жүлдегерлер саны – 41;
Республикалық кезеңі
- 2009/2010 оқу жылы – қатысқаны 21,жүлдегерлер саны –16
- 2010/2011 оқу жылы – қатысқаны 41,жүлдегерлер саны – 20;
«Зерде» ғылыми жобалар байқауы:
Аудандық кезеңі
- 2009/2010 оқу жылы – қатысқаны 165,жүлдегерлер саны – 60
- 2010/2011 оқу жылы – қатысқаны 214,жүлдегерлер саны – 69;
- 2011/2012 оқу жылы – қатысқаны 321,жүлдегерлерсаны – 85;
Республикалық кезеңі
- 2009/2010 оқу жылы – қатысқаны 26,жүлдегерлер саны – 18
- 2010/2011 оқу жылы – қатысқаны 14,жүлдегерлер саны – 13;
- 2011/2012 оқу жылы – қатысқаны 8,жүлдегерлер саны – 4;
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында тәрбие жұмысы 12 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.
1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі
3. Отбасы тәрбиесі
4. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
5. Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
6. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
7. Экологиялық тәрбие,
8. Эстетикалық тәрбие рухани
9. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
10. Еңбек және экономикалық тәрбие
11. Кәсіби-шығармашылық тәрбие
12. Интеллектуальді мәдениетті дамыту
Аталған бағыттар бойынша арнайы жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Биылғы оқу жылында 5,облыстық 2 семинар өткізілді.
Аудан бойынша 1-10 сыныптарда оқушы саны 27816. Оның ішінде демалыс және сауықтыру іс- шараларына 8994 оқушы қамтылса, еңбекке қамтылған оқушылар саны 13732. Іс-шараның барлық түрімен қамтылған оқушы саны 22726, жалпы оқушы санының 82 пайызын құрайды.
Жалпы іс-шаралардың барлық түрімен қамтылған оқушы саны-22726 Олар: мектепішілік лагерьде-7896, дебаттық клубтарда-15, «Жетіген», «Боралдай» әскери-спорттық лагерінде-507, құрылыс – жөндеу бригадасында - 1540, көгалдандыру бригадасында- 6324, шаруа қожалықтарында – 30, оқу-өндірістік бригадаларында – 268, палаткелік лагерде – 90, мектеп орманшылығында – 128, аулалық клубтарда – 329, таңдау клубында – 1064, туристік жорықтар мен саяхаттарға – 4049, қаладан тыс демалыс орнында – 486 оқушы өз демалыстарын өткізді.
Аудан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық ұйымының есебінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 227, 2 жетім бала патронаттық тәрбиеде. Барлық балалар мемлекет тарапынан өздеріне тиісті жәрдемақы алады,2011 жылдың 1 наурызынан бастап қамқоршыларға /қорғаншыларға/ тиісті бір балаға айына 15 130 тенге төленді, барлығы 31 млн.296 т.т.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқұшылары ақысыз тамақпен, оқұлықтармен, оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз етілді.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан мемлекеттік балалар үйіне 10 бала орналастырылды, оның ішінде жетім қалған-3 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған-7 бала. Сәбилер үйіне 4 бала орналастырылды.
Талдықорған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша 3 бала , балалар үйіне 3 бала орналастырылды.
2011 жылы 20 балалардың мүлігін қорғау мақсатында 17 үй тіркелінді, үй алу үшін кезекке қойылған-14 бала.
21.05.2011 жылы Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектепте «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктерінің сақтау» тақырыбынан аудандық семинар өткізілді.
14-17 маусым күндері аралығында ауылдық округтар бойынша қамқоршылармен кездесу өткізілді.
Аудан бойынша 37 мектепте 40 психолог жұмыс істейді. Тоқсан сайын жоспар бойынша психологтармен аудандық семинар өткізіледі.
Оқушылар арасындағы аутоагрессивтік мінез- құлықтың алдын алу мақсатында құрылған 2010-2011 жылға арналған кәмелеттік жасқа толмағандардың диструктивтік мінез құлықты болдырмау мақсатында құрылған жоспарға сәйкес аудандық «Оқушылардың психологиялық денсаулық айлығының өткізілуі туралы» бұйрығы шығарылып, 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында психологиялық- денсаулық айлығы өткізілді.
Айлық барысында барлық мектептерде оқушылардың мазасыздану, бір-бірімен қарым-қатынасын, депрессиялық деңгейін анықтау мақсатында тест жұмыстары алынды. Жас ерекшеліктеріне қарай барлық сыныптарда өмірдің құндылықтарына байланысты әр-түрлі тақырыптарда іс-шаралар және сынып сағаттары өткізілді.
Аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде есепте тұрған 89 оқушы.
|