БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Білім бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданы бойынша «ЖАЗ» 2013-2014 ж жазғы демалысын жұмыспен қамту, олардың сауықтырылуын қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру  
 
 
Іле ауданы мектептерінде «Жаз-2014» жазғы демалысын жұмыспен қамту, олардың сауықтырылуын қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру барысында аудандық білім бөлімінің 08 сәуір 2014 жылғы № 145 бұйрығы шығарылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Барлық мектептерде жазғы сауықтыру лагерлерінің іс-шаралары қаралатын арнайы «Штаб-2014» орталықтары құрылды. Аудан бойынша мектептердегі жұмыс кестесі төмендегідей:
І ауысым - 01.06-13.06.2014
ІІ ауысым - 16.06-27.06.2014
ІІІ ауысым - 30.06 -11.07.2014
ІY ауысым – 14.07-25.07.14
Y ауысым – 28.07-08.08.14
Іле ауданы бойынша 1-10 сыныптарда 32484 оқушы. Оның ішінде демалыс және сауықтыру іс- шараларына 2013 жылы 8506 оқушы қамтылса, биыл 2014 жылы 11236 оқушы қамтылмақ, былтыр еңбекке қамтылған оқушылар саны 7080 болса, осы жылы 8685 оқушы. Іс-шараның барлық түрімен қамтылатын оқушы саны былтырғы жылы 25586, яғни 84 пайыз құрса, осы жылы 32484 оқушы, жалпы 86,5 пайыз құрап отыр.
Оқушылардың жазғы демалыс күндеріндегі демалысы мен сауықтырылуының негізгі түрі мектеп жанында жазғы сауықтыру алаңы болып табылады, сондықтан аудан бойынша ата-ананың демеушілігімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 30 алаң ұйымдастырылып, онда 6592 оқушыны қамту жоспарлануда. Мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын алаңдарға қатысатын оқушы саны – 4109.
№ 26 орта мектепке жаңа ғимарат салынуына және №1,18,31,32 орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мектепішілік алаңдар ұйымдастырылмайды, бірақ бұл мектептерде қаладан тыс лагерьлерге бару, туристік жорықтар ұйымдастыру сияқты демалыстың басқа түрлерімен қамту жоспарланып отыр.
Мектепішілік сауықтыру алаңдарын ұйымдастыруда топтар құрылып, топ жетекшілері, «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымынан жетекшілер бекітілді.
№10 орта мектепте оқушылардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастыру бағытында «Альпийлік роза» палаткелік лагерінде 80 оқушы демалады. Мектеп мұғалімі К.А.Сапроновтың жетекшілігімен Қаскелең шатқалындағы «Поляна» орман шаруашылығында өткізілетін демалыс күндерінде оқушылар тауға өрмелеу, судан өту және әр түрлі көңілді іс-шараларға қатысады.
Сонымен қатар, оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында, барлық мектептерде былтырғы жылы -1370 оқушы құрылыс-жөндеу бригадасына қамтылса, биылғы жылы 71 құрылыс жөндеу бригадалары құрылып - 1424
оқушы қамтылады. Құрылыс бригадаларында мектеп айналасын қоқыстардан тазалау, мектеп ғимаратының жан-жағын тазалау, ағаштарды қию және мектеп жиһазхдарын жөндеу жұмыстарын атқарады.
Жаз бойы барлық мектептер бойынша былтырғы жылы - 6321 оқушы көгалдандыру бригадасына қамтылса, биыл - 265 көгалдандыру бригадалары ұйымдастырылып, онда - 7261 оқушы тартылады. Яғни, қамтылуы 940 оқушыға артқан.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында аулалық клубтарды ұйымдастырудың маңызы зор.
№ 3 орта мектеп «Балауса», № 4 орта мектеп «Жұлдыз», № 6 орта мектеп «Еламан», № 9 орта мектеп «Достар», №11 орта мектеп «Радость», № 13 мектеп «Мейірім», № 17 мектеп «Арман», №18 мектеп «Юность», №24 мектеп «Әділет», № 41 мектеп «Достык», №7,8,10,12,15,16,23 мектептерде аулалық клубы ұйымдастырылып, онда «Домбыра», «Шебер қолдар», «Би», «Хор», «Саз» т.б үйірмелер жұмыс жасайды. Былтырғы жылы 472 бала қамтылса, биыл 11 аулалық клубына 567 бала қатыса алады.
Оқушылардың өз қалаулары бойынша былтырғы жылы - 1508 оқушы таңдау клубына қатысса, биыл - 129 таңдау клубтарында - 1924 бала қатыстырылады. Жоспар бойынша былтыр - 5273 оқушы саяхатқа шықса, биыл - 170 туристік жорықтар мен экскурсияларда - 5525 оқушы саяхатқа шыға алады.
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда - 191 жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған -13, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан 1609 бала, көп балалы отбасынан 2696 оқушыға ерекше көңіл бөлінеді.
Аудан мектептері бойынша оқушылардың жазғы демалысын жұмыспен және демалыспен қамтуда жетім, әл - ауқаты төмен жанұя балаларын, көп балалы жанұя, балаларын қала сыртындағы сауықтыру лагеріне - 443 оқушыны жіберу үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген -24 млн. 250 мың тенге қаражат былтырғы жылы жұмсалса, биыл - 316 балаға жалпыға бірдей білім қорынан 18млн 412мың 169 теңге бөлінді. 219 балаға демеушілік қаражаты қарастырылып отыр. Жалпы 535 оқушы қала сыртындағы лагерьге жіберіліп - 24 млн.217 мың169 теңге жұмсалмақ.
Аудан бойынша қауіпті топтағы, мектепішілік және аудандық есепте тұрған оқушыларға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған топтағы оқушылар мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне, аулалық клубтарға, спорттық секцияларға, көгалдандыру және құрылыс-жөндеу бригадаларына тартылуда. Қазіргі уақытта оқушылардың өз қалауларымен қатысатын іс-шараларының жоспары жасалынып, бекітілді. Аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі есепте тұрған 60 оқушы шараның барлық түріне 100 пайыз қамтылайын деп отыр.
Жалпы іс-шаралардың барлық түрімен қамтылатын оқушы саны-28111, Олар: мектепішілік алаңда - 11236, құрылыс – жөндеу бригадасында - 1424, көгалдандыру бригадасында - 7261, палаткелік лагерьде – 80, аулалық клубтарда – 567, таңдау клубында – 1924, туристік жорықтар мен саяхаттарға –5525, қаладан тыс демалыс орнында – 535 оқушы, жалпы 2014 жылы оқушыларды жазғы демалыспен қамтылуы -86,5% .