Аудан бойынша 84 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 38 жалпы білім беретін мектеп, 46 мектепке дейінгі білім беру мекемелері. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері ішінде: мемлекеттік 7 балабақша, 23 жекеменшік балабақша және 13 мектепте шағын орталықтар, 3 жеке шағын-орталық бар.
38 мектептің типтік ғимаратта орналасқаны – 29 мектеп (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 29, 30, 34, 35, 38, 39, 41 ОМ), бейімделген ғимаратта орналасқан мектеп саны – 7 (№ 23, 26, 27, 31, 32, 33, 37 ОМ),
2 мектеп -№26,31 –апаттық жағдайдығы ғимаратта.
Жылу жүейсі орталықтандырылған 7 мектеп және 3 балабақша (№7, 10, 13, 15, 21, 23, 38 ОМ, «Қуат», «Гнездышко», «Әдемі» б/б), табиғи газбен – 13 мектеп және 1 балабақша (№1, 2, 4, 5, 6, 16, 17, 18, 24, 25, 27,29, 39 ОМ, «Балдәурен» б/б), сұйық отынмен жұмыс істейтін – 18 мектеп және 2 балабақша (№8, 9, 11, 12, 14, 19, 22, 26, 30, 31, 32, 35, 37, 41 ОМ, «Ақбота» б/б, «Балдырған» б/б), қатты отынмен –2 мектеп (№3, 33,).
Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі «Балапан» бағдарламасының орындау мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша мектепке дейінгі мекеме саны-46, 30-балабақшада бала саны-4081 , 16 шағын орталықта 853 бала қамтылған.
Барлығы -4934 бала.
2013 жылы Боралдай кентінен «Гүлдер» 150 орынға және «Росинка» 150 орынға, Байсерке ауылынан «Ниет-Ай» 25 орынға жекеменшік балабақшасы ашылып «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде.
2014 жылдың қаңтар айында М.Түймебаев ауылында «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген 98 млн 800 мың теңгеге №19 орта мектебінің бастауыш сыныптары оқыған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 120 орынға арналған мемлекеттік балабақша ашылды.
Қосөзен ауылындағы 140 орындық балабақшаға 161 млн 207 мың тг. бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуы 2012 жылы 3691 бала қамтылған (47,8 %) болса, 2013 жылы 4489 бала қамтылды, ол 49,1 % құрайды.
2014 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Балапан» бағдарламасы бойынша 8 жекеменшік балабақша ашылып қосымша 445 бала қамтылды. Бүгінгі күнге 4934 бала қамтылды, ол 49,4 % құрайды.
2014 жылдың шілде айына «Балапан» бағдарлама бойынша 445 бала қамтылып, бөлінген 637 млн.720 мың теңгенің 282 мл. 786 мың теңгесі игерілді.
2013-2014 оқу жылында 1336 оқушы 11 сынып бітірді, оның 935 ҰБТ-ге қатысты. Орташа балл 74,6 болды (облыстық көрсеткіш 73, облыс рейтингі бойынша 7 орында). «Алтын белгі» төс белгісіне 25 үміткерден 23 бітіруші, «Үздік аттестатқа» 8 бітіруші иегер болды.
Білім сапасы 54 % болды.
Аудан мектептерінен 430 маман облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институты жанынан, 36 педагог республикалық деңгейде екі апталық біліктілік санаттарын көтеру курстарынан өтті. Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардың 1 деңгейінен 29 мұғалім сертификат алса 6 мұғалім оқып жатыр, ІІ деңгейден 25 мұғалім өтсе,18 білімдерін көтеріп жатыр, ал ІІІ деңгейден 88 мұғалім өтіп сертификат алса, тағы 25 мұғалім аталған курсты оқып жатыр. Мектеп басшыларына арналған 9 айлық курстан 3 мектеп директоры және 3 мектеп директорының орынбасарлары өз білімдерін жетілдіруде.
142 мұғалімнің іс тәжірибесі аудандық деңгейде таратылып, 50 мұғалімнің іс тәжірибесі облысқа ұсынылды. «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқудың аудандық кезеңіне 84 педагог өз баяндамасын ұсынса, 20 педагогтың баяндамасы облыстық кезеңге жолданды. Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылы ішінде 23 аудандық семинар, 5 облыстық, 1 республикалық семинар өткізіліп, әдістемелік көмектер ұйымдастырылды.
2014 жылы аудан мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына (әктеу, сырлау, мектеп аумағын көріктендіру) 6 млн 550 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы білім беретін мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары Іле аудандық білім бөлімінің 06 маусымдағы № 252 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Аудандағы мемлекеттік балабақшаларда ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат мүлдем қарастырылмаған. Мемлекеттік балабақшалар ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз есептерінен маусым айында жүргізілді.
2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 5 млн. теңгеге Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектебіндегі шеберхана ғимаратын алып тастау жұмыстары басталды.
2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына төмендегі білім мекемелеріне қаражат қарастырылған:
-Көктерек ауылындағы №21 орта мектеп ғимаратын жөндеуге – 74 675 000 теңге;
-Қараой ауылындағы Ы.Ноғайбаев атындағы № 18 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге – 149 175 000 теңге;
-Қараой ауылындағы «Журавушка» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына – 115 млн. теңге.
Сонымен қатар, күрделі жөндеу өткізуге ЖСҚ даярлауға М.Туймебаев ауылындағы №19 орта мектепке – 5 млн.теңге, Өтеген батыр кентіндегі № 38 мектеп-гимназиясына – 7 млн.теңге және №7 орта мектебіне – 9 млн.теңге. қаражат бөлінді.
Аудан бойынша бүгінгі күнге күрделі жөндеуді Жаңа дәуір ауылындағы №5 орта мектебі, КазЦИК ауылындағы Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі мен Байсерке ауылындағы № 19 орта мектебінің ғимараттары қажет етеді. 2014 жылы аудан әкімі өкіміне сәйкес құрылған комиссия Жана талап ауылындағы №25 орта мектеп(2009ж.салынған) пен Қоянқұс ауылындағы №1 орта мектебінің (2005 ж. салынған) қабырғалары мен іргетастарында жарықтардың пайда болуына байланысты күрделі жөндеу жүргізу туралы ұсыныс енгізді. Аталған мектептердің техникалық тексеруден өтуіне бюджеттен- 1737760 теңге бөлінді.
2013 жылы ммектептердің жылу жүйелерін тексеру, жуу, және қысымдылықпен тексеру жұмыстарына аудандық бюджеттен 4 млн 620 мың теңге бөлініп, №11,№14,№16, №10, №1, №5, №12, №35, №24, №4, №7, №13, №13 (бастауыш), №8,№41 мектептерінде аталған жұмыстар жүргізілді.
2014 жылы мектептердің жылу жүйелеріне қызмет көрсетуге – 4361650 теңге, қосалқы бөлшектер алуға 2 440 000 теңге, Жетіген ауылындағы №3 ОМ қазандығының пешін жөндетуге 430 000 теңге бөлінді. Боралдай кентіндегі «Балдаурен» балабақшасының қазандығындағы пешін ауыстыруға 2 200 000 теңге республикалық бюджеттен қарастырылды. Білім мекемелерінің ішінде Ақши ауылындағы Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінің жылу қазандығын ауыстыру қажет және Байсерке ауылындағы «Ақбота» балабақшасында циркулярлі насосты ауыстыру қажет.
Аудан бойынша 5 мектеп, 2 балабақша орталықтандырылған жылумен қамсыздандырылған, 18 мектеп, 3 балабақша газбен, 18 мектеп, 2 балабақша сұйық отынмен,1 мектеп қатты отынмен қамсыздандырылған. 2014-2015 жылыту маусымына сұйық отын сатып алуға - 58 824 749,78 тг бөлініп, 55757,178 л сұйық отын алуға Іле ауданының білім бөлімі « Tabindustry» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. 2013-2014 жылыту маусымынан кейін аудан мектептерінде барлығы сұйық отын сақтайтын ыдыстарында – 8851 л сұйық отын қалды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап сұйық отынды білім мекемелеріне жеткізу жоспарланған. Мектеп басшыларына сұйық отынды сақтау үшін жауапкершілік жүктелді.
Бүгінгі күнге аудан мектептерінің барлығы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
2014 жылы сметалық құжаттар негізінде Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің 2 ғимаратында кәріз жүйелері мен ішкі дәретханаларды жөндетуге 13 654 000 теңге бөлінді. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 8 млн. теңгеге Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гимназиясының кәріз жүйесін жөндету мен мектеп аумағын қоршау жұмыстары басталды.
Аудан мектептерінің барлығында өртке қарсы дабылқаққыштар орнатылған, бюджеттен оларды техникалық камтасыз етуге (обслуживание) қаражат қарастыру абзал, себебі, көп жағдайда, істен шыққан өрт дабылқаққыштарын жөндеуге мамандар көмегі керек.
2014 жылы бюджеттен 660 мың теңге бөлініп, №8,41,20,17,2мектептердегі өрт сөндіргіш құрал-жабдықтардың ауыстырылуы жоспарлануда.
2014 жылы жазылған сұраныстар негізінде К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебіне және №11 орта мектебіне, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебіне, №30 орта мектебіне, №7орта мектебіне, №9 орта мектебіне, №17 орта мектебіне терезелерін әйнектеуге1172000 теңге бөлу туралы сұраныс жазылды. Алайда қаржы бөлінген жоқ. Басқа мектептерде терезелердің әйнектерін орнату мәселесі жоқ, есіктер мен терезелердің жылу сақтау сапасы жақсы. Жылыту маусымына қарай есік-терезелерді жылылау мәселесі ерекше бақылауға алынады.
Аудан бойынша ішкі және сыртқы дәретханалардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.
Аудан бойынша ең үлкен мәселе –электрик штатының болмауы. Егер мектептердің ақпараттандыру құралдарымен жабдықталғанын ескерсек, білікті мамандардың болмауы үлкен шығындарға келтіруі мүмкін. Аудан мектептерінің 70 % үнемдеуіш шамдар орнатылған. Бүгінгі күнге аудан бойынша №1 ОМ, №2 ОМ, №5ОМ,№15 ОМ және № 11 ОМ аулаларының жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 4млн 261мың теңге қажет. Білім мекемелеріне бюджеттен электр шамдарын алу қарастырылмаған.
2013 жылы мектептерді материалдық-техникалық жабдықтауға (жаңа мектептер мен күрделі жөндеуден өткізілген мектептерден басқа) қаражат қарастырылмағандықтан, жаңалау жұмыстары жүргізілмеді. Мектептер өздерінде бар парта, үстел, тақталарды сырлап жөндеп пайдаланып отыр. Әсіресе, 3 ауысымда оқитын мектептерде парталар жетіспеушілігі мәселесі бар. Бүгінгі күнге аудан мектептерінде бір компьютерге келетін бала саны - 14 деген көрсеткіште тұрғанын ескере отырып, 2014 жылы 450 компьютер алуға тапсырыс берілді.
Мектептерді физика кабинеттерімен жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен 3 физика кабинетін алуға 12 млн 461 мың теңге қаражат бөлінді.
Аудан мектептері дезинфекциялау, дератизациялау заттарымен толық қамтамасыз етілген, алайда жуғыш заттарды алуға бюджеттен әр білім мекемесіне қаражат қарастыру қажет.
Бүгінгі күнге Іле ауданы бойынша 28 мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен аудан мектептерінде 23316 оқушы қамтылған. Оның ішінде тегін ыстық тамақпен 3006 оқушы қамтылған. 186 жетім бала, 2820 бала жағдайы төмен жанұя, көп балалы отбасы, толық емес отбасынан т.б санаттағы отбасынан шыққан балалар. Ауданда буфеттік тамақтану 9 мектепте ұйымдастырылған. Оның ішінде тегін буфеттік тамақтану- 2389 оқушыға ұйымдастырылған, оның ішінде тегін 784 оқушы тамақтанады.Мектептер бойынша ыстық тамақты ұйымдастыру талапқа сай жүргізілуде. Оқушылардың тамақтан улану немесе асхана жұмысының төмен деңгейі туралы арыз-шағымдар түскен жоқ. Ата – аналар тарапынан бастауыш сынып оқушыларын Алматы қаласының мектептеріндегідей тегін тамақтандыру туралы сұраныстар жазылуда. Аудан мектептерінде 2012-2013 жылдары іске қосылған №20, №22, №34, №35 орта мектептерінен басқа 24 мектепте асхана құрал-жабдықтары ауыстыруды қажет етеді. Пайдаланудағы құрал-жабдықтар жалға алушылардың өз есептерінен алынған.
Іле ауданы бойынша мектептердегі асхананы 34 жалға алушының ішінде 29 жалға алушының келісім шарттарының мерзімі 2014 жылы аяқталады. Іле аудандық білім бөлімінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №173 бұйрығына сәйкес, комиссия құрамы бекітіліп, асхана жалға алушыларының құжаттары мен жұмысты ұйымдастыру сапасы тексерілді.
Мектептердегі 37 медициналық кабинетте барлығы 46 медбике жұмыс істейді. Барлығының білімдері талапқа сай. Мектептерде медициналық кабинеттердің материалдық – техникалық базасын нығайту үшін бюджеттен қаражат қарастыру керек. Медициналық құрал-жабдықтарға және медициналық дәрі – дәрмектерге – 2012 жылдан бастап, сұраныстар жазылғанымен, қаражат бөлінбеді. Мектеп медбикелері бұл мәселені демеушілер көмегімен шешіп отыр.
Мұғалімдер мен техперсоналдарға 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін медициналық тексеруден өтіп, рұқсат берілген санитарлық кітапшаларын тапсырулары мектеп басшылығына жүктелді.
Мектеп спортзалдарының барлығында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар 2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 9 мектепте спорт алаңдары салынды.
2014 жылы Жетіген ауылындағы №11 орта мектебінің спорт алаңын абаттандыру жоспарланған.
Мектепке жақын жол бойында «Балалар» жол белгісі 21 мектепте бар, 16 мектепте орнатылмаған, «Зебра» белгісі 20 мектепте бар, 17 мектепте қарастырылмаған.
Оқушылардың жазғы демалыс күндеріндегі демалысы мен сауықтырылуының негізгі түрі мектеп жанында ұйымдастырылатын лагерь болып табылады, сондықтан аудан бойынша І ауысымда ата-ананың демеушілігімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 24 лагерь ұйымдастырылып, онда 4802 оқушы қамтылды. Лагердің ІІ-ІІІ ауысымдарында 28 мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын лагерьлерде демалған оқушы саны – 3199.
Іле ауданы бойынша 1-10 сыныптарда 32484 оқушы. Оның ішінде демалыс және сауықтыру іс- шараларына 2013 жылы 8506 оқушы қамтылса, биыл 2014 жылы 11236 оқушы қамтылмақ, былтыр еңбекке қамтылған оқушылар саны 7080 болса, осы жылы 8685 оқушы. Іс-шараның барлық түрімен қамтылатын оқушы саны былтырғы жылы 25586, яғни 84 пайыз құрса, осы жылы 32484 оқушы, жалпы 86,5 пайыз құрап отыр.
Кәзіргі уақытқа 90 бала Қапшағай қаласының, 23 бала Щучинск қаласындағы лагерінде демалды. Шілде айының 7- нен бастап Текели қаласындағы лагерде ауданнан 535 бала демалады, мектепішілік алаңда – 11236 баладан 5628 бала демалды.
Бүгінгі күнде аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының есебінде 302 бала тұрады.
2014 жылы І жартыжылдығында аудандық қамқоршылық және қорғаншылық органына 36 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелді, оның 21 бала қамқоршылыққа /қорғаншылыққа/ алынды, балалар үйіне 14 бала, сәбилер үйіне 1 бала орналастырылды. 11 баланы асырап алған, 3 қамқоршылықтағы кәмелетке толмаған бала басқа аудандан келген.
Қамқоршылық және қорғаншылық органының мамандарының қатысуымен 2 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды.
Талдықорған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша 9 бала орналастырылды, сонымен 6 бала балалар үйіне орналастырылды, 3 бала ата-анаға тапсырылды.
47 балалардың мүлігін қорғауында 40 үй тіркелінді, үй алу үшін кезекке қойылған – 43 бала.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.03.2012 жылғы № 838 Қаулысымен бекітілген қамқоршыларға /қорғаншыларға/ жәрдемақы төлеу туралы Ережесінің негізінде 256 (254 қамқоршылықтағы, 2 патронатта) баланың 197 қамқоршысына және 1 патронат ай сайын 10 АЕК (МРП) төленеді.
2014 жылы 28 наурыз аудан білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарына арналған «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктерінің сақталудың жұмысын арттыру» атты оқыту семинар-тренинг өтті.
22.04.2014 жылы Алматы облысы Іле аудандық Әділет басқармасында «Солнышко» балалар үйі» жекеше мекемесі тіркелген, заңды тұлғаның орналасқан жері: 040702, Алматы облысы, Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Ереванская көшесі, 35 «А», 92 бала тәрбиеленеді
|