БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ
 
 

 

Іле аудандық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК туралы қысқаша мәлімет

 Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қазақстан  Республикасындағы «Тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы №1-221 Қаулысымен ашылды.

         Орталық мультимедиялық кабинетпен, оқулықтармен, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, жаңаша оқыту құралдары және электронды бағдарламалармен толық қамтамасыз етілген.

         Орталықтың негізгі мақсаты қазақ тілін мемлекеттік тіл және іс жүргізу тілі ретінде мемлекеттік басқару органдарында, бюджеттік мекемелер мен аудандағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға кеңінен енгізіп, кез келген салада терең қолданылуын меңгерту, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытып, үйрету болып табылады.

         Оқу үш деңгейде жүргізіледі:

1.     Бастауыш деңгей – бұл деңгейде тыңдаушы күнделікті өмірдегі ауызекі тілде сөйлесу сұрақ-жауап, аты-жөні, мамандығы, жұмыс орны, отбасы туралы айта білуді, қазақ дыбыстарын дұрыс айта білуді, қысқа нұсқаларды жазуды үйренеді.

2.     Жалғастырушы деңгей –бұл деңгейде тыңдаушылар мемлекеттік тілде күнделікті іскерлік тақырыптарды, мәтіндерді құрастыра білуді, іскерлік диалогтарды түсінуді, қарапайым іскерлік қағаздарды жазып үйренеді.

3.     Дамытушы деңгей – бұл деңгейде  қызметтік құжаттарды жүргізе алмайтын тыңдаушыларға қазақ тілінің грамматикасын терең меңгертіп, тіл нормалары, түрлі терминдерді қолдана білуге үйретеді.

Орталықтан 2007-2011 жылдар аралығында 402 тыңдаушы оқып, бітірді. 2011 жылы 82 тыңдаушы қабылданып, оның 69 куәлік, 10 сертификат алды.

         Бүгінгі күні 46 тыңдаушы, оның ішінде 31 өзге ұлт өкілдері, 12 қазақтар  мемлекеттік тілді оқып, үйренуде.

Орталық жетістігі: 2010 жылы орталық оқытушылары арасында өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқаудан 3 орын, 2011 жылы «Елдің тарихын танығың келсе, тілін үйрен» атты тыңдаушылар арасында өткен облыстық байқауда  3 орынды иеленді.

 

Орталық директоры -   КАРШАЛОВА БАҚЫТКҮЛ БЕКТЕНҚЫЗЫ

Орталық мекен-жайы: Өтеген батыр кенті, Әжімұратов көшесі, 12 үй. Байланыс телефондары: 8(72752) 2-32-64. 87017705599.