БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
БӨЛІМНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ  
 
 
Ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

 

1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1.          Іле ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (ары қарай бөлім) аудан аумағындағы мәдениет және тілдерді  дамыту саласының мемлекеттік басқару органы болып табылады.

1.2.          Бөлімнің құрылтаышысы Іле ауданының әкімі болып табылады.

1.3.          Бөлім өз қызмтінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР заңдарын ҚР Президенті мен үкіметінің актілерін ҚР мәдениет министірлігінің облыс әкімі және Іле ауданы әкімдігінің шешімдері мен өкімдерінің және осы Ережені басшылыққа алады.

1.4.          Іле ауданының Әкімі мемлекеттік мекемеге қарасты мемлекеттік басқару органы  болып табылады.

1.5.          Бөлім заңды тұлға, банкте тиісті шоты , ҚР мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және атаулы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады., құрылтайшысы берген мүлікке оперативті түрде басқару құқы бар. Дербес балансы және сметасы бар.

1.6.          Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаларды құра алмайды. Сонымен қатар олар құрылтайшы (қатысушы) бола амлайды.

1.7.           Мекеменің аталуы қазақ тілінде «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекмесі Орыс тілінде государственное учреждение  «Культуры и развития языков» Илийского района

1.8.          Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңды мекен жайы: 040700 Іле ауданы ,Өтеген батыр кенті З.Батталханов көшесі № 8

 

2. Бөлімнің мақсаты мен қызмет түрлері

 

2.1.          Бөлімнің негізгі мақсаты : Халықтың мәдениетін және тілді дамыту қызметтерін пайдалану үшін азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету; аудан аумағындағы мәдениет және тілді дамыту саласының біртұтас мемлекеттік саясаты әзірлеп, жүзеге асыру,мақсатында мәдениет саласы мен тілді дамыту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

 -       Тілдерді  дамытудың ғылыми негізделген жүйесін іс жүзінде енгізу,     

          және тілді дамытушыларды дайындау;

-         Аудан жастарының демалалысын ұйымдастыру аясында мәдени      

      көпшілік шаралардың жоспарын үйлестіру және өткізу, тілді дамыту            

      мақсатында жарыстар ұйымдастару.

-         Аудан тұрғындарына мәдени ошақтар мен кітапхана мекемелері

       көрсететін қызметтерді дамыту

2.2.          Бөлім қолданыстағы заңдарға сәйкес өзара мәдени қарым-қатынастың реттелуін, аудан тұрғындарының мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы тұтынушылық мүдделердің қамтамасыз етуді бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ аудан аумағында тұратын өзге де ұлттардың қазақтың ұлттық мәдениетін және тілді дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге байланысты аудандық, кенттік және ауылдық құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

-       Аудан тұрғындарының кітапханалық ақпаратты қамтамасыз етуін одан  

        әрі жетілдіру, кітапханаларды жинақтап, ұсынатын ақпарат пен мәдени                                                  

         құндылықтарға баршаның қол жеткізуіне жағдай жасау.

      - Ауданның тарихи және мәдени ескерткіштерін мұражайлық соның  ішінде жазбаша және мұражайлық экспонаттарды қорғау, сақтау, және пайдалану , оларды қалпына келтіру және бұзылудан сақтау және пайдалану, оларды сақтау және пайдалану жөніндегі жалпы мемлекеттік саясат бағдарламаларын әзірлеу, және оларды қалыптастырумен жүзеге асыруға қатысу,

- Облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту жүйесінің қызметін мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз ету, және оны аудан тұрғындарына қажетінше сондай –ақ мәдениет жүйесін дамытудың жаңа әлеуметтік – экономикалық шарттарына сәйкес әлеуметтік қорғау

- Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы кадр саясатын жүргізу,

Нарықтық қатынастар жағдайында қызметті ұйымдастыру үшін басқару, кітапханағ мұражай, мәдени ағарту қызметкерлерін дайындауды , біліктілігін арттыруды ұйымдастыру,

-         Мәдениет және тілдерді дамыту органдарының жұртшылықпен , теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен , мемлекеттік және жерегілікті өзін -өзі басқару басқармаларымен бірлескен қызметтің саласын кеңейту,

2.3 Бөлім аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы құндылықтарын сақтауға ,  меншік түрі мен қызметінің бағыттары бойынша мәдениет және тілдерді дамыту мекелелерінің әртүрлі болуына , шығармашылық кештердің анағұрлым толық ашылуы мен дамуына жағдай жасау, мәдениетттегі мәдени дәстүрлер мен жаңалықтарды , мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы басқару демократизмін сақтау, аудан тұрғындарына көрсетілген қызметтің кепілді көлемін ұсыну сияқты мемлекеттік саясат принциптері негізінде мәдениет және тілдердің дамуына жағдай жасайды.

2.4 Мәдениет пен тілді дамыту қызметінің негізі бағыттарын төмендегілер жатады:

- Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тұрғындардың мәдени және тілді дамыту саласындағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін жағдай жасауға байланысты  жергілікті өзін -өзі басқару органдарына көмек көрсету;

- Оларға мәдени және тілдерді дамыту саласында қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ;

- аудандағы мәдениет және тілдерді дамытудағы мекемелер мен кәсіпорындардың және кенттік ,ауылдық әкімдіктерінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, мәдениеттің және тілдерді дамытудың  өңірлік бағынысты құрылымдарының барлық типіне арналған мәдениетті ұстаудың компанентін әзірлеу;

 

3. Бөлімнің негізгі функциялары мен құықтары

 

 Бөлім өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады.

3.1 Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3.2 Ауданның мәдениет пен тілді дамыту саласындағы облыстық және аудандық мақсатты бағдараламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

3.3 Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша қаулылардың ,шешімдердің, өкімдердің жобаларын аудан әкімінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.

3.4 Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы әлеуметтік процестерді және ауданның әлуметтік –экономикалық жағдайының дамуына ықпалын талдып, болжам жасайды. Сондай-ақ  аудандық органдардың және басқа да ұйымдасрдың қатысуымен мелекеттік саясат бағыттарын жұзеге асыру жөнінде ақпарат дайындайды және ауданның мәдениет ,тілді дамыту стратегиясын әзірлейді.

3.5 Аудандық әдістемелік орталықтар базасында мәдениет және тілді дамыту проблемелары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады олардың нәтижелерін қорытып, іс жүзіне енгізеді.

3.6 Мәдениет және тілді дамыту саласындағы кенттік және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік мекемелердің , мемлекеттік кәсіпорындардың , қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына  ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

3.7 Өнер туындыларын жасауға мелекеттік -әлеуметтік шығармашылық тапсырыстар қалыптастырады және конкурстық негізде бреді. Көркемділігі доғары драмалық , музыкалық, хореографиялық , бейнелеу, қолданбалы декоративті эстрадалық өнер туындыларын жасалуын қамтамасыз ететін байқаулар және басқа да шаралар ұйымдастырады.

3.8 Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға бөлінген ақшаны белгіленген тәртіпте жұмсайды.

3.9 Мемлекеттік тапсырысқа сай жүргізілетін аудандық шараларды сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетін өз бөлімшелерінің шараларын қаржыландырады.

3.10 Тарихи ескерткіштерді есепке алу, материалдық және рухани мәдениетті қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және оны насихаттау істерін жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте тарихи –мәдени мұраларды қорғау және оны пайдалану мәселелері бойынша ережелер, ақпараттар әзірлейді және бекітеді.

3.11 Белгіленген тәртіпте ауданның мәдениет қайраткерлеріне, мәдениет және тілді дамытуға үлес қосқан азаматтарға лауазым иелеріне құрметті атақтар беру, мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3.12 Саланы дамыту жұмыс істеп тұрған кәсіпорандарды кеңейту үшін инвестиция тарту, қайта жаңартуда біртұтас  стратегияны қалаптастырып, жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратында мәселесі қаралатын мәдениет және тілдерді дамыту мекемесінің материалдық техникалық базасын сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Жобалау сметалық құжаттарды сараптайды және бекітеді. Мәдениет жүйесінің жаңа обьектілерін салу мен жобалауды ұйымдастыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізеді.

3.13 Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  мәдени ағарту , кітапхана кадрларын қамтамасыз етілуін зерделейді. Оларға жаңа мамандар даярлау қажеттілігін болжайды. Облыстық мәдениет басқармасы мен тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен мамандардың біліктілігін арттыру курстарымен бірлесе отырып, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді.Мәдениет және тілдерді дамыту саласының кадрларының аттестациясын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылайды.

3.14 Өкілетті болған жағдайда мәдениет және тілдерді дамыту мекемлерінің қызметін регламенттейтін ережелер мен басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеп және бекітеді. Мамандарды атестациядан өткізеді.

3.15 Бөлімдер мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинауды ұйымдастырып, оларға мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері жөніндегі Түрлі ведомостволар ұйымдастыратын мәдени және тілдерді дамыту шараларын өткізудің аудандық жоспарын үйлестіріп, мәдени және тілдерді дамыту бағытындағы біртұтас күнтізбелік жоспарларды бекітеді.  

3.16 Ауданда мәдени көпшілік шаралар мен жиындар өткізеді. Белгіленген тәртіппен аудан аумағындағы жоғарғы ұйымдардың жарыстарын ұйымдастырады.

3.17 Ауданның көркемөнерпаздар мен көңілді тапқырлар клубын дайындауды жүзеге асырады. Олардың жоғары ұйымдардың мәдени көпшілік шараларына қатысуын қамтамасыз етеді.

3.18 Құзырлы мекемелермен бірге тілдерді дамыту саласы бойынша мамандар дайындайды.

3.19 Мүдделі бөлімдердің қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өнердегі жас дарын иелерін дайындап, олардың өнерін шыңдау жұмыстарын жүргізеді. Жас әншілер, күйшілер, термешілерді ақындарды дайындау үйірмелер жүйесін бағыныстылығна қарамастан дамытуды ұйымдастырады. Ауданда фолклорлық, эстрадалық цирктің хореографиялық , театрлық , хор ұжымдарын дайындап, олардың облыстық , республикалық халықаралық конкурстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

3. 20 Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сала қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.

3.21  Мәдениет және тілдерді дамыту салалары бойынша есепке алады және бағынысты басқарлмалармен мекемелерге есеп тапсырады.  

3.22 Мәдениет және тілдерді  дамыту  бөлімі бастығы кенттік және ауылдық округ әкімдерімен кеңесу негізінде бөлімше селолық ауылдық мәдениет үйлерінің, аудандық кітапханалар мен мұражайлардың директорларын тағайындайды және қызметінен босатады. Мәдениет және тілді дамыту салсының мемлекеттік мекемелері кәсіпорындарының құрылымы , қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамасын талдайды шығармашылық ізденістерді олардың жаңашылдықтарын қолдайды. Тәжербиелерді зерделеп таратады.

3.23 Бөлім мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері жөнінде конференциялар , семинарлар және жиналыстар өткізеді.

3.24 Бөлім заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін , шағымдарын қарайды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бағынысты мекемелар мен кәсіпорындардың қызметіне анықталған кемшіліктерін жою шараларын қабылдайды.

3.25  Белгіленген тәртіппен мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша жетістіктері үшін мекме басшылары мен жеке тұлғаларды дипломдар және грамоталармен марапаттайды.

3.26 Ауданда мәдениет және тілдерді дамыту бойынша есептер дайындайды.

3.27 Бөлім шартты бастама мен келісім –шарт негізінде мәдениет және тілдерді дамыту саласының дамуын ақпараттық қамтамасыз ету және жүзеге асыру үшін мәдениет пен тілдердің дамуын алғашқы ұжымдарын, баспалардағы сценаристерд , қоюшы режесерлерді , өнертанушы ғалымдарды тартуға құқылы. Бюджеттен қаржыландыратын мәмілелер қазынашылық бөлімніде тіркеуден өткізеді.

3.28 Аудан аумағында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын іске асыру жөніндегі бақылауды жүзеге асырады.

3.29 Мемлекеттік тіл саясаты жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің , облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады.

 

4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі

 

4.1 Бөлімнің оперативті басқару құқығындағы жекеленген мүлкі бар.

4.2 Мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлкті және смета бойынша бөлінген қаржы есебінен алынған мүлікті өз бетімен немесе басқа да жолдармен алып алуға құқылы емес .

 

5. Бөлімнің басшылығы мен құрылымы

 

5.1 Бөлімді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың келісім бойынша аудан әкімі тағайындаған бастық басқарады.

5.2 Бөлімнің бастығы өз қызметінде :

- бөлімге оның құрылымдық бөлімшелеріне және өзіне бағынышты мекемлерге басшылықты жүзеге асырады.

- бұйрықтар, нұсқаулар шығарып, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы барлық бөлімшелер , мекемелер мен кәсіпорындар орындауға тиіс алқа шешімен бекітеді.

- аудандық мәдениет мекемелерінің басшыларын тағайындап, оларды қызметінен босатады. Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ықпал ету шараларын қолданады.

- бөлім аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің атестацясын ұйымдастырады.

5.3 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде консультативті-кеңесші орган болып табылатын кеңес құрылады. Кеңестің құрамын және оның санынның аудан әкімінің бөлімге жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Кеңес құрамында бастық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді. Кеңес шешімі хаттамамен , қаулымен рәсімделіп, бөлім бастығының бұйрығымен бекітіледі.

 

6. Бөлімнің қызметінің тоқтатылуы.

 

6.1 Бөлімді қайта құру және тарату қолданыстағы заңдылыққа сәйкес құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.