БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ  

 

Бөлімнің негізгі мақсаты : Халықтың мәдениетін және тілді дамыту қызметтерін пайдалану үшін азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету; аудан аумағындағы мәдениет және тілді дамыту саласының біртұтас мемлекеттік саясаты әзірлеп, жүзеге асыру,мақсатында мәдениет саласы мен тілді дамыту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

 -       Тілдерді  дамытудың ғылыми негізделген жүйесін іс жүзінде енгізу,     

          және тілді дамытушыларды дайындау;

-         Аудан жастарының демалалысын ұйымдастыру аясында мәдени      

      көпшілік шаралардың жоспарын үйлестіру және өткізу, тілді дамыту            

      мақсатында жарыстар ұйымдастару.

-         Аудан тұрғындарына мәдени ошақтар мен кітапхана мекемелері

       көрсететін қызметтерді дамыту

Бөлім қолданыстағы заңдарға сәйкес өзара мәдени қарым-қатынастың реттелуін, аудан тұрғындарының мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы тұтынушылық мүдделердің қамтамасыз етуді бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ аудан аумағында тұратын өзге де ұлттардың қазақтың ұлттық мәдениетін және тілді дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге байланысты аудандық, кенттік және ауылдық құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

-       Аудан тұрғындарының кітапханалық ақпаратты қамтамасыз етуін одан  

        әрі жетілдіру, кітапханаларды жинақтап, ұсынатын ақпарат пен мәдени                                                  

         құндылықтарға баршаның қол жеткізуіне жағдай жасау.

      - Ауданның тарихи және мәдени ескерткіштерін мұражайлық соның  ішінде жазбаша және мұражайлық экспонаттарды қорғау, сақтау, және пайдалану , оларды қалпына келтіру және бұзылудан сақтау және пайдалану, оларды сақтау және пайдалану жөніндегі жалпы мемлекеттік саясат бағдарламаларын әзірлеу, және оларды қалыптастырумен жүзеге асыруға қатысу,

- Облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту жүйесінің қызметін мемлекеттік тұрғыдан қамтамасыз ету, және оны аудан тұрғындарына қажетінше сондай –ақ мәдениет жүйесін дамытудың жаңа әлеуметтік – экономикалық шарттарына сәйкес әлеуметтік қорғау

- Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы кадр саясатын жүргізу,

Нарықтық қатынастар жағдайында қызметті ұйымдастыру үшін басқару, кітапханағ мұражай, мәдени ағарту қызметкерлерін дайындауды , біліктілігін арттыруды ұйымдастыру,

-         Мәдениет және тілдерді дамыту органдарының жұртшылықпен , теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен , мемлекеттік және жерегілікті өзін -өзі басқару басқармаларымен бірлескен қызметтің саласын кеңейту,

Бөлім аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы құндылықтарын сақтауға ,  меншік түрі мен қызметінің бағыттары бойынша мәдениет және тілдерді дамыту мекелелерінің әртүрлі болуына , шығармашылық кештердің анағұрлым толық ашылуы мен дамуына жағдай жасау, мәдениетттегі мәдени дәстүрлер мен жаңалықтарды , мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы басқару демократизмін сақтау, аудан тұрғындарына көрсетілген қызметтің кепілді көлемін ұсыну сияқты мемлекеттік саясат принциптері негізінде мәдениет және тілдердің дамуына жағдай жасайды.

Мәдениет пен тілді дамыту қызметінің негізі бағыттарын төмендегілер жатады:

- Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тұрғындардың мәдени және тілді дамыту саласындағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін жағдай жасауға байланысты  жергілікті өзін -өзі басқару органдарына көмек көрсету;

- Оларға мәдени және тілдерді дамыту саласында қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ;

- аудандағы мәдениет және тілдерді дамытудағы мекемелер мен кәсіпорындардың және кенттік ,ауылдық әкімдіктерінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, мәдениеттің және тілдерді дамытудың  өңірлік бағынысты құрылымдарының барлық типіне арналған мәдениетті ұстаудың компанентін әзірлеу;