ІІІ тоқсанда ауданда мәдени және тіл шараларының бірқатары жоспарға сәйкес өткізілді. Оның ішінде 6 шілде күні «Астана-Тәуелсіздіктің, достықтың, бірліктің қаласы» атты тақырыппен ауданның барлық елді – мекенінде Астана мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар: Салтанатты жиналыс, үздіктерді марапаттау, театрландырылған қойылым, облыстық, республикалық, халықаралық байқау жүлдегерлерінің «Әніма арқау болған Астанам» атты мерекелік концерті, мерекелік сауда – саттық, спорт ойын түрлерінен жарыстар, «Астана-бейбітшілік бесігі» атты сурет салудан жарыс, мерекелік би кеші, мерекелік отшашу болды.
ІІІ тоқсанның аудан өмірінде жыл сайын өткізіліп тұратын ауқымды, үлкен шара Іле ауданыны мәдени күні өтті. Аталған шара биыл 14 қыркүйек күні Қапшағай қаласында жаңа тұрғыда көрініп, үш өңірдің Текелі, Қапшағай қалаларының және Іле ауданының басын қосып, біріктіріп, облыс көлемінде өткізіліп отырған, кең ауқымды шара «мәдени күндерінде» өз жетістіктерін жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл күні ауданның барлық көркемөнерпаздары өнерлерін шыңдап, өздірінің кәсіби серіктестерімен тәжірбие алмасуға мүмкіндік алды.
Бұл күні ауданымыздың 10 ірі кәсіпорны өз өнімдерінен тұратын көрмелерін қойды. Сонымен қатар, көп ұлтты аудан тұрғындарының бірлігі мен келісімін жарастырып, жастарға Қазақстандық рухта тәрбие беруде ауданда алты (славян, кәріс, ұйғыр, түрік, күрт, украин) этно-мәдени бірлестіктері қызмет көрсетіп, ұлт пен ұлыстардың татулығын сақтауда. Бұл күні де артта қалмай шараға белсене қатысып, көрме қоюдан ғана емес, концерттік бағдарламада өнерлерімен озық көрінді.
Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырылуымен өткен «Тіл халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауға Іле ауданынан №38 орта мектептің 10 сынып оқушысы Моисеева Екатерина қатысып бас жүлдеге ие болды.
«Мекен жай тіркелімі» Ақпараттық жүйесіне аудандағы елді мекендер мен, көшелер енгізіліп, тиісті органдармен салыстыру жұмыстары аяқталыды. Қазіргі кезде облыстық көрсеткіш бойынша бұл жұмыстар ауданда 100 пайыз аяқтады.
22 тамыз-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Халықтары тілдерінің мерекесі қарсаңында ауданда арнайы айлық жарияланып, аудан аумағындағы мемлекеттік мекмелер мен округ әкімдіктері, мектептер мен балабақшаларда, қоғамдық ұйымдарда іс шаралар өткізілуде.
28 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өткізіледі.
|