БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат | ![]() |
|
Мәдениет саласындағы негізгі бағыты мемлекеттік бағдарламаны орындаудағы республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларды бір бөлігі ретінде, ұзақ уақытылы жоспардың қоғамның рухани бірігуі мен нығайуының кепілі ретіндегі ҚР 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңына және «Тарихи – мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР 1992 жылғы 20 шілдедегі Заңына, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, қаулыларына, өңірлік даму жоспарына, Елбасының әр жылдардағы жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясына, мәдени саясаты тұжырымдамасы, сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің «Облыстағы мәдениет мекемелерінің мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, оны көпшілікке танымал ету және тұрғындарға эстетикалық тәрбие беру жөніндегі 29.12.2010 жылғы №218 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Өңiрiмiздiң мәдениетiн дамыту бағытында аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктері және аудандық мәдениет бөлімі тарапынан мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, оны көпшілікке танымал ету және тұрғындарға эстетикалық тәрбие беру жөнінде бiрталай жұмыстар атқарылуда. Іле ауданы бойынша 19 мәдениет мекемелері: 7 аудандық мәдениет үйі, Іле аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты 12 кітапхана аудан халқына тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Типтік ғимараты бар мәдениет үйінде және кітапханаларда қазіргі кезде заман талабына сай материалдық техникалық базасы және интернет желісімен толық жабдықталған. Бүгінгі таңда клуб түрінің мәдениет мекемелерінде 51 шығармашылық ұжымы жұмыс істейді, онда 935 қатысушы қамтылған; халықтық атағы бар өнер ұжымдарының саны – 6, оған қатысушылар саны - 183 адам. Олар: «Сарытауқұм» халықтық ән - би ансамбль, «Әлібек Нұрқожа» атындағы халықтық ансамбль, «Ақши халық театры», «Ақниет» халықтық әжелер ансамблі, «Элегия» вокалдық үлгілі тобы, «Іле толқындары» ұлт - аспаптар ансамблі. Қазіргі кезде аудан бойынша 676 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 418 420 адам қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Мәдениет үйлерінің жарғысына сәйкес, мәдениет үйлерінің концерттік залдарын, музыкалық жабдықтарын, концерттік костюмдерін жалға беру арқылы ақылы қызмет түрлері бойынша мәдениет мекемелері 954 500 теңге көлемінде ақылы қызмет көрсеткен. Ағымдағы жылы ауыл тұрғындарының рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында аудандық мәдениет саласы өнер байқауларын, сайыстар, фестивальдер, көгілдір оттар, кездесулер мен еске алу кештерін өткізіп отырады. Атап айтқанда: Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден әншілер байқауы; Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбыл жырлағанда» атты аудандық жыршы - термешілер байқауы; Халықаралық музыка күні аясында «Жетісу жұлдыздары – 2016» балалар шығармашылық байқауы; 9-мамыр Жеңіс күні аясында патриоттық әндерден балалар шығармашылығы байқауы; «Ғасырлар үні» атты аудандық фольклорлы - этнографиялық ансамбльдер байқаулары өткізілді. Ақши халық театры және аудандық кітапхана Алматы облысы әкімінің «Үздік халық театры», «Үздік аудандық кітапхана» номинациясы бойынша дипломдарымен марапатталып, 100 мың тенге қаржылай сыйлыққа ие болды, «Іле толқындары» ұлт - аспаптар ансамблінің жетекшісі Нұрлан Керімбеков мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің «Құрмет грамотасына» ие болды. Облыстық «Ғасырлар үні» атты байқауға «Сарытауқұм» халықтық ансамбілі қатысып, жүлделі бірінші орынға және 75 000 теңге қосымша қаржылай сыйлық берілді. Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық әншілер байқауында Ғани Айнұр 2 дәрежелі дипломға ие болды. «Текті сөздің төресі- терме» атты термешілер байқауында Ақылбек Жаңабаев жүлделі екінші орныға ие болып, қосымша 40 000 теңге ақшалай сыйлық берілді. Сондай –ақ аудандық, облыстық, Республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда аудан үміткерлері әрдайым жүлделі орындардан көрінуде. Олардың саны – 70 тен астам. ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай аудандық көркемөнерпаздар ұжымдарымен гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Іле ауданының Құрметті азаматы Төрткен Кененқызының – 80 жасқа толуына орай, аудан әкімдігі жанындағы «Әлібек Нұрқожа» атындағы халықтық ардагерлер ансамблі ауданның елді - мекендердін аралап, «Ән жырым саған – Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарламасын халыққа ұсынды. Сонымен қатар, жас таланттарды өз ауданымызға таныту мақсатында «Менің елім – Қазақстан» атты тақырыпта Қараой ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Овация» би тобы гастрольдік бағдарламасымен ағымдағы жылдың 10-13 мамыр аралығында ауданның елді мекенін аралап концерттік бағдарламасы өткізілді. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық Бикен Римова атындағы драма театры гастрольдік сапарымен драмалық қойылымдар көрсетті. Жалпы оқырман сұранысына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде кітапхананың алатын орны ерекше. Ұрпаққа білім беріп, ұлттық мүдде негізінде тәрбиелеуде, арғы ата-бабалар жайлы дәйек-деректерді санасына сіңіруде жастарды тарихи мұралармен таныстырудың тәлім-тәрбиелік мәні зор. Іле аудандық кітапханасына қарасты 12 кітапханалардағы 166 187 дананы құрайды, оның 60 568 данасы мемлекеттік тілде. 2016 жылдың 9 айында кітапхана ларға 1 965 дана кітап келіп түсті, оның 1792 данасы мемлекеттік тілде. Өткен жылмен салыстырғанда түскен әдебиеттер саны 3482 данаға өсті. Кітапханаларға келушілер саны - 145 736 болса, оқырман саны -13625 адам. 2016 жылы кітапханаларға 1200,0 мың теңгеге 285 дана мерзімді басылымдарға жазылу қамтамасыз етілді. 2016 жылдың аудандық кітапханада 269 кітап көрмесі, 7 конференция, 36 дөңгелек үстел, 23 әдеби, 23 поэзия кеші, 10 байқаулар жалпы әр түрлі бағытта 657 іс – шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі кездегі қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Аудандық кітапхана КАБИС электрондық каталог бойынша жұмыс жасайды. Қордағы 166187 дана кітаптың 148653 данасы электрондық каталогқа енгізілген. Кітапханада «Іле ауданы», «Өлкетану» мәліметтер қорын жинақтау жұмысы жалғастырылуда. Пайдаланушылар үшін кітапхананың жеке сайты (www.ile.lib.kz) құрылған. Кітапхананың жеке блогына 4 270 пайдаланушы тіркелген, оның 955 шетелдік, 3315 қазақстандық оқырман. Жаһандану үрдісіне сай электронды кітап пен кітапхана күн артып дамып келе жатыр. Кітап тасымалдау және жылжымалы кітапхана жұмысын жақсарту мақсатында автокөлікпен қамтамасыз етілген. Ауданның тарихи – мәдени мұраларын қорғау, сақтау, жаңғырту, қазіргі ұрпаққа таныту мақсатында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» жөніндегі аудандық комиссия құрылып, кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштер есепке алынып, жергілікті әкімдіктер тарапынан қамқорлыққа алынып, жас ұрпақтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ескерткіштер маңайында қоғамдық саяси маңызы бар іс - шаралар өткізілуде. Бүгінгі таңда ауданда жалпы саны - 83 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет, археологиялық ескерткіштері бар. Оның 29 қала құрылысы және сәулет, 54 археологиялық ескерткіштер (бейіттер, тас қоршаулар мен қорғандар) тіркелген. 29 ескерткіштің 10 - ны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы Мемлекеттік сараптамасынан өткізіліп, мемлекеттік тізімге енгізілген, қалғаны алдын - ала қосымша тізімге алынды. 2011 жылғы 29 маусымда Елбасының №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көзделген бағыттар бойынша аудан әкімдігінің 28.03.2014 жылғы «Іле ауданында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» №4-252 қаулысымен бекітілген. Аталған қаулы бойынша аудан бойынша 2016 жылдың 9 айлығы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Алматы облыстық «Тіл» оқыту әдістемелік-орталығының Іле аудандық филиалында түрлі кәсіп иелерінен 58 тыдаушы қабылданып, мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында білім алуда. Бағдарламадағы міндеттерге сәйкес, «Қазтест» жүйесі бойынша аудандағы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу деңгейін анықтау мақсатында аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ және кент әкімдіктерінің қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер қазақ тілінен электронды түрде 1029 адам тест сынақтарын тапсырды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Алматы облыстық «Тіл» оқыту әдістемелік-орталығының Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен тілді дамыту мақсатында еліміздегі мемлекеттік мерекелер мен салт-дәстүрді насихаттау барысында іс- шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде балабақша, мектептерде мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін жалғастыру бағытының ауқымы кеңейіп келеді. Аудандағы 38 мектептің мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны тоғызға жетіп, балабақша саны беске артты. Аралас мектептердің саны 29 ға, балабақша саны 2 ге артып, тек қана орыс тілінде білім беретін мектептер толығымен аралас мектептерге көшірілді. Балабақшалар мен мектептерде мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау бағытында ашық сабақтар, ақын жазушылармен кездесулер, жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық күндерін тұрақты атап өту жұмыстары жүргізілді. Аудандағы білім беру мекемелерінің әдістемелік жұмыстары «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысының 6 тармағына негізделіп, білім берілуде. Барлық білім беру мекемелерінде әкімшілік құрылымындағы шығыс құжаттарының айналымы мемлекеттік тілде жүргізіліп, оқушылар мен ата аналарға арналған танымдық ақпараттар, көрнекіліктер мен маңдайша жазулар ҚР «Тіл туралы» заңының 21- бабына сәйкестендірілген. Ағымдағы жылы білім мекемелерінде Ұлттық бірінғай тест тапсыруда аудандағы қазақ тілі пәнінен ортақ көрсеткіш 89,6 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскенін көрсетті. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 21 - баптарына және «Жарнама туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіру, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін түзету, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында наурыз-маусым айларында бөлімнің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және жарнама» атты акция жарияланған болатын. Акция барысында аудандағы елді-мекендердегі көрнекіліктер мен маңдайша жазулардың қателері түзетіліп, жергілікті округ әкімдіктері, қоғамдық кеңес, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен бірлесіп, «Тіл сақшылары» топтарын құрып, мекемелер мен кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге зерделеу және әдістемелік көмектер көрсетілді. Аталған акцияның нәтижесінде елді мекендердегі мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің маңдайша жазулары мен көрнекіліктеріне рейд ұйымдастырылып, аудан бойынша 197 нысанға рейд жүргізіліп, 81 көрнекіліктің қателері түзетілді. Аудандағы 10 ауылдық округ және аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердегі құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуіне тоқсан сайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы рейдтер ұйымдастырылып, сарапталып отырады. Мемлекеттік және де өзге де халықтардың тілдерін дамыту мақсатында бағдарламаның 8 тармағына сәйкес балабақшалар арасындағы өзге ұлт бүлдіршіндері арасында «Қазақшаң қалай балақай ?», жастар арасында «О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы», өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары», өнерлі жастар мен ересек тұрғындар арасында «Текті сөздің төресі- терме» атты жыршы-термешілер байқауы, орыс тілін жетік білетін қазақ жастары арасында «Ой сана» байқауы, өзге ұлт өкілдері арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл парасат» байқаулары ұйымдастырлып өткізілді. Нәтижесінде аталған байқаулардан бас жүлде алған үміткерлер облыстық байқауға қатысу үшін жолдама алды. Аудан әкімі жанынан Тіл және қоғамдық ономастика жұмысшы тобы құрылған. Жұмысшы топтың жұмыс жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып, тоқсан сайын жұмысшы топ мүшелері мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға т.б нысандарға рейдтер жүргізіліп, зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Осындай жұмысшы топ ауылдық округ және кент әкімдіктері жанынан құрылып округ көлеміндегі тиісті жұмыстарды жалғастыруда. Чапаев, КазЦик, Байсерке ауылдық округтерінде атауы жоқ жаңа 29 көшелерге жер су атауларын беру туралы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының шешімімен мақұлданды. Қазіргі кезде Өтеген батыр, Жетіген ауылдарындағы атауы жоқ жаңа көшелерге атау беру туралы жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді және Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілдерін теле-радио бағдарламалар мен мерзімді баспа басылымдар, соның ішінде балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілді контентті БАҚ-та кеңейту арқылы насихаттау және дамытуда «Іле таңы» газетінде тұрақты «Тіл» атты айдар ашылып, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді насихаттау бағытында 27 мақала жарық көрді. Мамыр айында Қазақстан Республикасы Ассамблеясының ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың оқырмандар залында 55 өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілде диктант жазу акциясы өтті. Алматы облысы әкімдігінің 26.08.2014ж. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы облысының 2014-2016 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын бекіту туралы» № 57 қаулысы Іле ауданы бойынша мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, оны көпшілікке танымал ету және тұрғындарға эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жұмыстардың жүзеге асырылуы үнемі бақылауда тұр. |
||||
![]() |