Аудан әкімінің «Іле ауданында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» №9-1726, 29.09.2011 жылғы қаулысы негізінде іс шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Оның орындалуы тұрақты түрде қадағалануда.
Атап айтсақ, ауылдық, кенттік округтер мен аудандағы мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткішіне зерделеу жұмыстары тоқсанына бір рет зерделеніп, қаралады. Аудан әкімі жанынан құрылған Тіл және қоғамдық ономастика тілдерді бақылау жөніндегі кеңесінде Энергетик, Первомай, Боралдай кенттік округ әкімі аппараты мен округке қарасты мемлекеттік мекемелер, көрнекі ақпарат құралдары, ономастика саласының жұмыстары қаралды. Қорытындысында ҚР «Тіл туралы » ҚР Заңының талаптарын орындамаған мекемелердің жауапкершіліктері қаралып, кемшіліктер түзетілді.
2012 жылға мемлекеттік тілді оқытуға бөлінген қаржы сомасы 3.638000 теңгені құрайды. Бүгінгі күні аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығында мемлекеттік мекемелерден 40 тыңдаушы оқиды. Қазіргі кезде «Филип моррис Қазақстан» компаниясынан 19 адам мемлекеттік тілді үйренуде. ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдану тапсырмасына сәйкес орталықта маусым айынан ағылшан тілі курсы ашылды. Қазіргі кезде мұнда бастауыш топа мемлекеттік қызметкерлерден 10 тыңдаушы дәріс алуда. Орталық электронды оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Тілге байланысты үгіт-насихат құралдары аудан бойынша округтің 17 елді мекендерінде орнатылған.
Аудандағы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 2012 жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 96,3 % құрайды.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу үшін қажетті әдістемелік-анықтамалық сөздік, электронды сөздіктермен мемлекеттік мекемелердің барлығы жабдықталған. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің тиімді жолдары» атты аудандық семинар кеңес өткізілді. Семинарға ауылдық кенттік округ әкімі аппаратының мамандары, аудандағы мемлекеттік мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау саласының іс жүргізушілері қатысты.
Жыл басынан бері тілдерді дамыту мақсатында ауданда «Қанеки, тілім, сөйлеші!», «Балдырғандар үшін қазақ тілі», «Менің Мұқағалиым», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», Абай оқулары «Тіл барлық білімнің кілті» атты байқаулар ұйымдастырылып, өткізілді. Облыстық «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Тіл барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауларға қатысып, үміткерлер жүлделі 3 орын және алғыс хатпен дипломдармен мараппатталды.
Ауданның әкімшілік аумағына енетін 8 ауылдық, 3 кенттік елді мекендерде мемлекеттік жүйеге қарасты 17 мәдениет мекемелері қызмет көрсетеді. Олардың ішінде: 8 мәдениет үйі Чапай ауылындағы аудандық, және оның филиалдары Ақши, Қараой, Междуреченск, Ащыбұлақ, Первомай Жетіген, Боралдай кенттік мәдениет үйлері және 10 кітапхана жұмыс жасайды.
Аудандық бюджеттен аудандағы мәдениет үйлеріне І-тоқсанда материалдық-техникалық базаны жаңартуға 1 млн. 100 мың тенге жұмсалды. Междуреченск мәдениет үйінің күрделі жаңарту жұамыстарына облыс бюджетінен 130 млн. бөлінді.
Аудандық кітапхана І тоқсанда материалдық-техникалық базаны жаңартуға 580 мың тенге жұмсады.
Қазіргі таңда ансамбль жанында «Жан-ай», «Ажар», «Нәзік», «Шашу» топтары құрылып, облыс пен аудан аралық концерттерде өнер көрсетіп жүр. «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден әншілер байқауы өтті.
Аудандық «Жетісу жұлдыздары» атты балалар мен жасөспірімдер байқауы өтті. Байқауға ән номинациясы бойынша 28 әнші және 11 бишілер тобы қатысып, жеңімпаздар облыстық аймақтық байқауға жолдама алды. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған дәстүрлі әндерден облыстық байқауға Жаңабаев Абзал қатысып, ІІІ-ші жүлделі орынды иеленіп қайтты..
Республикалық Роза Бағланованың 90-жылдық мерейтойына арналған байқауға қатысып, ауданның жас өнерпаздары бас жүлдеге ие болды. Аудандық «Патриоттық әндер» байқауы өтті. Барлық округтен 2-үміткерден келіп, барлығы 25-әнші қатысты.
Сондай-ақ Түркияда өткен ART.olimpia байқауына 6-мемлекеттің өнерлі балалары қатысып, соның ішінде вокал бойынша «Іле сазы» ансамбілінің әншісі Иса Сая І-орынды қанжығасына байласа, Данаш Нұршат көркемсөз оқу өнері бойынша І-орынды иеленді. Бұл жайында жеңімпаздарды Қазақстан ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» және «Жанжылуы» атты бағдарламаларынан көрсетті.
|