2011 жылғы 29 маусымда Елбасының №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көзделген бағыттар бойынша аудан әкімдігінің 28.03.2014 жылғы «Іле ауданында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» №4-252 қаулысымен бекітілген. Аталған қаулы бойынша ауданда 2016 жылы төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша онлайн режимі арқылы қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту мақсатында орталыққа 2015 жылы-104, 2016 жылы-117 адам мемлекеттік тілді оқыту орталығында бітіріп, куәлік алды. 2016 жылдың 11 айында қазақ тілінен 5 топқа 50 тыңдаушы қабылданды. Оның 9-ы мемлекеттік қызметкер, 39-ы бюджет саласындағы қызметкерлер. Жалпы саны 46 қызметкер бітіргені туралы куәлік алды.
Бағдарламадағы міндеттерге сәйкес, «ҚазТест» негізінде аудандағы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің (мұғалім, дәрігер т.б) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу денгейін анықтау мақсатында аудандағы мемлекеттік мекемелер мен Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерінен мемлекеттік тілді оқыту орталығының базасында қазақ тілінен электронды түрде барлығы 12 114 адам тест сынақтарын тапсырды.
Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеруін анықтау мақсатында «Қазтест» сынағынан өтіп, сертификатқа ие болады. Осы бағытта орталық қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері тарапынан «Қазтест» жүйесін түсіндіру мақсатында мамыр айында көшпелі семинар өткізді.
Қараша айында Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығының» мамандарының қатысуымен Боралдай кенті және ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары, аудандық соттың судьялары, қызметкерлері, білім бөлімінің қызметкерлері, тест тапсырмасын барлығы 100 адам диагностикалық тест тапсырды. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласының қызметкерлері, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, «Қазтест» бағдарламасы бойынша барлығы 384 қызметкерлерден диагностикалық тест тапсырды.
Аталған министірліктің «Ұлттық тестілеу орталығының» қорытындысы бойынша барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді жетік білетінін көрсетті. «Қазтест» бағдарламасы негізінде білім деңгейін жыл сайын бағалау жүйесі енгізіліп, қазіргі кезде тест қорытындысы бойынша қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталды. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді тиісті деңгейде біліп, іс-қағаздарын талаптарға сай жүргізе алатыны анықталды.
Орталықта өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында түрлі шаралар өткізілді.
Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде балабақша, мектеп, колледждерде мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін жалғастыруда. Аудандағы 38 мектептің қазақ тілінде білім беретіндердің саны 9 ға жетті. Аралас мектептер саны 29 ға артып, тек қана орыс тілінде білім беретін мектептер толығымен аралас мектептерге көшірілді. Аталған білім мекемелерінде биылғы жылы Ұлттық бірінғай тест тапсыруда аудандағы қазақ тілі пәнінен ортақ көрсеткіш 89,6 пайыз болып өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғарлағанын көрсетті. Ауданда мемлекеттік жүйеге қарасты 7 балабақша болса оның 5 тек қазақ тілінде, 2 аралас балабақша бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.
Бөлімнің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 21 - баптарына және «Жарнама туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіру, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін түзету, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында ақпан-қараша айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» атты акция жарияланған болатын.
Акция барысында аудандағы елді-мекендердегі көрнекіліктер мен маңдайша жазулардың қателіктері түзетіліп, жергілікті округ әкімдіктері қоғамдық кеңес, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен бірлесіп, «Тіл сақшылары» топтары құрылып, мекемелер мен кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге зерделеу және әдістемелік көмектер көрсетілді. Аталған жұмыстардың нәтижесі көрсеткендей акция барысында аудан бойынша 112 қателіктен 96-ы түзетілді.
Мемлекеттік тілді және аудандағы өзге ұлт өкілдерінің тілдерін аудандық баспа, БАҚ арқылы насихаттау және дамыту мақсатында аудандық «Іле таңы» газетінде тұрақты айдар ашылып, ағымдағы жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді насихаттау бағытында 37 мақала жарық көрді.
Сәуір айында Ашыбұлақ округіндегі «Күншуақ» балабақшасында аудандық «Қазақшаң қалай балақай» атты бүлдіршіндер арасында байқау ұйымдастырылып,өткізілді. Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін бірлескен акцияларды жүзеге асыру тәсілімен мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудандық өзге ұлт арасындағы «Абай оқулары», жастар арасында «Тіл- барлық білімнің кілті», қазақ тілі білгірлерінің «Тіл тұнық ойдың кәусәрі», көркемсөз оқу шеберлерінің «Оралхан бөкей атындағы» байқауы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген жастар арасында аудандық «Тіл шебері» сияқты тілдік шаралар өткізілді. Осындай шараларды өткізудің нәтижесінде облыстық байқауларға қатысқан үміткерлер аудан намысын қорғап жүлделі орындарға ие болуда. Аудандағы ономастикалық атауларды ретке келтіру жұмыстарын жетілдіру, ономастикалық жағдайға талдау жасау, аудан аумағындағы көрнекі ақпараттың жай күйін бақылау, зерделеу бойынша мониторинг жүргізу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. КазЦик, Байсерке аулылдық округіндегі атауы жоқ 21 көшелерге тарихи жер су атаулары берілсе, Жетіген,Энрегетик ауылдық округіндегі атауы жоқ 24 көшеге Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын насихаттайтын топономикалық, жер су атауларын беру үшін Алматы облыстық ономастика комиссиясына жолданды. Ауыл тұрғындарының ұсыныс тілектерімен берілген атаулар аудандық қоғамдық кеңесте және аудандық мәслихат сесиясында талқыланды.
Қазірге кезде ауданда 1239 көше, 10 ауылдық округ және кент, 31 елді-мекен бар. Ауданда кеңестік дәуірді сипаттайтын 168 көше ауыстырылып, оған халқымыздың біртуар батырлары, қоғам, мемлекет қайраткерлері мен жер-су атаулары берілді. Жетіген, Байсерке, Междуреченск, Боралдай кентіндегі кеңестік дәуірден қалған атауларды өзгерту үшін сараптамалық жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі кезде аудандағы КазЦик ауылдық округінің атауын жаңа заң талаптарына сәйкес, тарихи атауын қайтарып, өзгерту бойынша округ әкімдіктері қоғамдық кеңес мүшелерімен жиындар өткізіп, жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидасы бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. КазЦик ауылдық округінің атауын қоғам қайраткері осы ауылдың тумасы Асқар Тоқпановтың есімін беру туралы тұрғындар өтініші негізінде тиісті құжаттар дайындалып, Алматы облыстық ономастика комсиссиясына тапсырылды. Аталған комиссия мүшелері тарапынан оң қорытынды алған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметі жанандағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Осы бағытта жаңадан пайда болған атауы жоқ көшелер мен кеңестік кезеңді сипаттайтын ескі атауларды халықтың ұсыныстары арқылы өзгерту мәселелері бойынша округ әкімдіктері жұмыстарын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, кеңестік дәуір мен мағынасыз атауларды өзгерту бағытындағы жұмыстар жергілікті ауылдық және кент әкімдіктерінде тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Қазан айында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Ардақ Сеңгірбаева Боралдай кенті мен ауылдық округтердегі ақсақалдар мен ауыл тарихын білетін зиялы қауым өкілдерімен жеке кездесіп, ауыл атауларының тарихын зеределді. Нәтижесінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың аудан елді-мекендерінің шығу тарихы жайлы арнайы кітапқа енгізу үшін ауданның барлық елді- мекенедерінің шығу тарихы сарапталды. Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша этимологиялық жинақ шығару үшін тарихи ауылдардың шығу тарихын зерттеу мақсатында Боралдай кенті мен ауылдық округтердегі жергілікті тұрғындар мен ауыл тарихын білетін көнекөз қариялардың қатысуымен аудандық кітапханада үш күндік сараптау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар бойынша елді мекендердің тарихи атауы жинақталып, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына тапсырылды.
Қазіргі кезде мемлекеттік органдарда әзірленетін іс-қағаздарының қазақ тіліндегі үлес салмағы бірте-бірте жүйелі түрде артып келеді. Мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдарда бөлімдер мен ауылдық округ және кент әкімі аппараттарында 100 пайызға, денсаулық сақтау органдарда 81, білім беру мекемелерінде 100 пайызға жетті.
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Іле ауданының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» №10-946 қаулысымен мекеме басшыларына өзара хат алмасу мен құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізуді 100 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
Қаңтар айында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қатысуымен ҚР «Тіл туралы» Заңының орындалуы, аудандағы ономастиканың жағдайы туралы Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдіктерінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша кемшіліктер түзетілді.
ҚР «Тіл туралы» Заңының, осы заңнан туындайтын мемлекеттік бағдарламалар мен «Іле ауданында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының» орындалуы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар толық бар.
Алматы облысы әкімдігінің 26.08.2014ж. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы облысының 2014-2016 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын бекіту туралы» №57 қаулысының жүзеге асырылуы аудан әкімдігінің үнемі бақылауында тұр.
|