БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
2016 жылдың қорытындысы бойынша мәдениет саласының атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
 
27.01.2017

 

Алматы облысы әкімдігінің «Облыстағы мәдениет мекемелерінің мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, оны көпшілікке танымал ету және тұрғындарға эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жүргізген жұмыстар туралы» 29.12.2010 жылғы қаулысын  орындау  мақсатында ауданда 2016 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылуда.  

Мәдениет саласы нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, көрсетілген қызмет сапасын жақсарту және қаржыландыру көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануда.

         Қазіргі  уақытта  ауданда  барлығы 19 мәдениет мекемелері қызмет көрсетуде, оның ішінде 7 мәдениет үйі, 12 кітапхана.

Ауданның әлеуметтік– экономикалық даму жоспарының негізгі көрсеткіші бойынша Өтеген батыр кентінде  аудандық  мәдениет  үйінің  құрылысын салуға жобалық  сметалық  құжаттарына  2018 жылғы болжалды шығыстарға 25 млн. қаржы бөлу туралы сұраныс енгізілді.       

Чапаев ауылындағы аудандық мәдениет үйі орталықтандырылған жылыту жүйесіне, Қараой және Междуреченск  ауылдық мәдениет үйлері газ жүйесіне қосылған. Ақши ауылдық мәдениет үйі сұйық отынмен жылытылады. Типтік ғимараты бар мәдениет үйлері қысқы от жағу маусымында тиісті температурада жылытылады.  

         Алдағы уақытта Междуреченск және Ақши ауылдық мәдениет үйлеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Типтік ғимараты бар 4 мәдениет үйінде қазіргі кезде заман талабына сай интернет желісімен толық жабдықталған.

         Ауданда халықтық атағы бар өнер ұжымдарының саны - 6. Олар: «Сарытауқұм»  халықтық  ән - би ансамбль,   «Әлібек Нұрқожа» атындағы халықтық ансамбль, «Ақши халық театры» , «Ақниет» халықтық әжелер ансамблі,  «Элегия» вокалдық үлгілі тобы,  «Іле толқындары»  ұлт - аспаптар ансамбльдері.

          Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден әншілер байқауы, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбыл жырлағанда» атты аудандық жыршы - термешілер байқауы, «Жетісу жұлдыздары – 2016» балалар шығармашылық байқауы, Жеңіс күні аясында патриоттық әндерден балалар шығармашылығы байқауы, «Ғасырлар үні» атты аудандық фольклорлы - этнографиялық ансамбльдер байқаулары  өткізілді. Сонымен қатар туған өлке таланттарын насихаттау бағытында Іле ауданының Құрметті азаматы ҚР Мәдениет қайраткері  Төрткен  Кененқызының – 80 жасқа толуына орай, «Әлібек   Нұрқожа» атындағы халықтық    ансамблі  ауданның  елді -  мекендердін аралап,  «Ән жырым саған  –  Тәуелсіздік»   атты концерттік бағдарламасын  халыққа ұсынса, Қараой ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Овация»  би тобы «Менің елім – Қазақстан»  атты тақырыпта гастрольдік бағдарламаларын өткізілді.

Сондай –ақ аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда аудан үміткерлері әрдайым жүлделі орындардан көрінуде.

Мысалы: Сан  Марино Республикасындағы  Қазақстан  Республикасының  Құрметті консулы Джованни Помпонидың  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Халықаралық мәдени – ұлттық шығармашылық  «Танысу – Алматы -2016 » фестивалі аясында Балтабаева Асель поп вокал бойынша 3 дәрежелі лауреат атанса, Боралдай ауылдық мәдениет үйінің директоры Курмангалиева Гульмира Жан Луй Пазоллинидің вокал бойынша шеберлік сынып сағатында арнайы  сертификатқа ие болды.

Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық әншілер байқауында Ғани Айнұр 2 дәрежелі дипломға ие болды.         

Алматы қаласында өткен халықаралық «Fiestalonia Almaty» байқауына  «Іле сазы»  балалар мен жасөспірімдер ансамблінің мүшесі  Балтабаева Әсел  ІІ орынды  иеленсе, Бейсен Ақниет  ІІІ орынға ие болды.

Республикалық  «Атадан мұра»  қоғамдық қоры өткізген байқауға  «Іле сазы» балалар мен жасөспірімдер ансамблінен Жанарбек Еркебұлан  және   Исабек  Нұртөре ІІІ орынды,   Жанарбек Бекзат  І орынды иеленсе,   «Бас жүлдені» «Тәуелсіз Қазақстаным!»  әнімен Балтабаева Әсел жеңіп алды.

         Сонымен  қатар  Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы облысы әкімінің «Үздік аудандық кітапхана» номинациясына  Ақши халық театры «Үздік  халық театры»  номинациясы бойынша марапатталып,  бірқатар мәдениет қызметкерлері арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Мәдениет мекемелерінде  961 мәдени іс-шаралар өткізсе, оған  589 620  көрермен қатысты. 7 мәдениет үйлеріндегі үйірмелер саны – 51  болса, оған қатысушылардың саны  935 - ға жетті.

Мәдениет қызметкерлерінің әдістемелік көмек, тәжірибе алмасу, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында облыс тарапынан ұйымдастырылатын семинар кеңестер мен конференцияларға мәдениет қызметкерлері қатысты.

Аудандағы  12  кітапханалардағы кітап қоры 164 222 дананы құрайды, оның 60294  данасы мемлекеттік  тілде. Ағымдағы жылы кітапхаларға 1587 дана келіп түсті, оның 1518 данасы мемлекеттік тілде. Өткен жылмен салыстырғанда түскен әдебиеттер саны 1587 данаға өсті.

 Кітапханаларға келушілер саны  -  89138 болса, оқырман саны -11061 адам. Кітапханалардың барлығы толық интернет желісіне қосылып, материалдық техникалық жағдайы жақсартылған.

Қазіргі кезде барлық кітапханалар компьютермен қамтамасыз етілген.

2016 жылы аудандық кітапханада 101 кітап көрмесі,   5 конференция, 13 дөңгелек үстел, 10 әдеби, 9 поэзия кеші, 7 байқаулар жалпы әр түрлі бағытта  258  іс – шаралар ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта аудандық кітапханада «Іле ауданы», «Өлкетану» мәліметтер қорын жинақтау жұмысы жалғастырылуда. Күнделікті мәліметтер  базасын толықтыра отырып, оқырмандарға іздестірудің электронды каталогы мен  интернет жүйесі ұсынылады. Аудандық кітапхананың  жеке блогы www.ilelib.wordpress.com арқылы      оқырмандардың  оқылған кітаптары туралы талқылама жасауға, және оларға ұнаған басылымдарды ұсынып, ұнамағандарын сынға салуларына мүмкіндік беріліп, кітапхана жаңалықтары туралы әртүрлі оқиғалар мен бағдарламалар орналастырылған. Кітапхананың жеке блогына 186 пайдаланушы тіркелген. Жаһандану үрдісіне сай электронды  кітап пен кітапхана күн артып дамып келе жатыр.  Кітап қорымен қатар   электронды тасымалдағышты құрайтын және электронды кітаптар саны  885 дананы құрайды.                                                         

Жаңа  түскен әдебиеттер       КАБИС  бағдарламасы  арқылы кітапханалық өңдеуден өткізіліп, каталогтарға, картотекаларға құйылып, кітапхана каталогтарымен  жұмыс істеуді жалғастыруда.

 Сонымен қатар негізгі сипаттама  арқылы көркем әдебиеттің тақырыптық  картотекасын толықтырып отыру, қазақ тіліндегі өлкелік каталогты  редакциялау, оқырман залының, ауылшаруашылық, техникалық әдебиеттер  бөлімін, кітап қорын тексеру, жаңа түскен әдебиеттерді  ауылдық кітапханаларға  тарату, фактурасын жазу, бухгалтерияға қажетті  құжаттарды өткізіп отыру, қазақ тіліндегі  кітаптарды компьютерге енгізу РАБИС. КАБИС  бағдарламасымен жұмыс істеу жалғастырылуда.

КАБИС  бағдарламасы  бойынша  124878  дана  электронды  кітаптар енгізілді.

         Ауданның  тарихи – мәдени мұраларын қорғау, сақтау, жаңғырту, қазіргі ұрпаққа таныту  мақсатында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» жөніндегі аудандық комиссия құрылып,  кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштер есепке алынып,  жергілікті әкімдіктер тарапынан қамқорлыққа алынды.

Бүгінгі таңда ауданда  жалпы саны - 83 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет, археологиялық  ескерткіштері бар. Оның 29 қала құрылысы және сәулет, 54 археологиялық ескерткіштер (бейіттер, тас қоршаулар мен қорғандар) тіркелген.

  29 ескерткіштің 10 - ны тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы Мемлекеттік сараптамасынан өткізілген мемлекеттік тізімде, 7 ескерткіш  - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы № 363 шешіміне сәйкес алдын - ала тізімге  алынды. Қалғаны алдын  -  ала тізімге енгізу бойынша  ағымдағы жылдың  13 ақпан  облыстық тарихи және мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталыққа тапсырылды.

       Ауданның мәдени - тарихи ескерткіштерін жаңғырту мен қайта жаңарту жұмыстарын одан әрі жақсарту мақсатында аудан әкімі жанындағы «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия» тұрақты жұмыстар атқарып келеді. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында қазіргі кезде округтерде 29 ескерткіштер маңында қоғамдық саяси маңызы бар іс - шаралар өткізілуде.

        18  Сәуір  Халықаралық ескерткіштерді  қорғау күніне орай, «Мәңгілік елдің тарихи – мәдени мұрасы»  атты акция ұйымдастырылып, арнайы бекітілген жоспарға сәйкес  аудандағы барлық деңгейдегі білім беру мекемелері мен ауыл тұрғындары, жастар мен қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуымен ескерткіштер маңын тазарту, көркейту, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

        Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығы қарсаңында қазан айында Чапаев ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» атты Іле ауданының мәдениет күндері өткізілді. Шараның өтуіне 528 өнер ұжымдары қатысып, этно мәдени бірлестіктер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

         21 қарашадан-16 желтоқсанға дейін  Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «25 жұлдызды күн» медиа жоспары бекітіліп, әр күн сайын мәдени шаралар өткізілді. 10 округте 48 мәдени шаралар өткізіліп, тиісті мекемелерге күн сайын фотосуретімен ақпараттар берілді.

           14 желтоқсан күні Чапаев ауылындағы аудандық мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан әкімінің салтанатты шарасы мен театрландырылған көрініс, мерекелік гала концерт қойылды. Тәуелсіздік жылдары ауданның дамуына үлестерін қосқан түрлі сала мамандары марапатталды.

    Алматы облысы әкімдігінің «Облыстағы мәдениет мекемелерінің мәдени құндылықтарды,  дәстүрлерді сақтау, оны көпшілікке танымал ету және тұрғындарға эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жүргізген жұмыстар туралы» 29.12.2010  жылғы №218 қаулысының  жүзеге асырылуы үнемі бақылауда тұр.