БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “25 жұлдызды күн” іс шара жоспарының орындалуы туралы
АҚПАРАТ
22.11.2016

 

 

Тақырыбы

Іс шараның бағыты (әдеби кеш,.концерт,.т.б)

Қатысқан адам саны

Уақыты

1

Іле аудандық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25жұлдызды күн» акциясы аясында«Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тарихи-әдеби кеш өтті.

        

Тарихи- әдеби кеш

35

22.11.2016 сағ 10.00

2

Боралдай ауылдық кітапханасында жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанымызды сүю, қадірлеу мақсатында «Тәуелсіз қазақ елінің жемісті жылдары» атты оқырман конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында Б.Нүсіпқожаева «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» атты қітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Көрмеге 20 кітап қойылып, 6 кітап қолға берілді.

Оқырман конференциясы

65

22.11.2016 сағ 11.00

 3

Чапаев ауылындағы аудандық мәдениет  Мәдениет үйінде ,  ҚР Еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер,  «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Құдайбергенов,  «Шабыт» халықаралық байқаулардың лауреаты Айбол, Еркін, Салтанат Құдайбергеновтер әулеті және ҚР мәдениет қайраткері Дархан Дайырбектің ән-кеші болып өтті. Ән кешіне ауыл тұрғындары, ардагерлер кеңесі, аудан жастары, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.  Кеш соңында қонақтар аудан әкімі Қ.Медеуовтың алғыс хатымен марапатталып, Құдайбергеновтер отбасын өнердегі 40 жыл мерейтойларымен құттықтады.

Шығармашылық кеш

250

22.11.2016

сағ 15.00