1
|
КазЦИК округі, №31 орта мектептің акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Сарытауқұм» халықтық ән-би ансамблінің 35 жылдығына орай, «Тәуелсіздік таңы – ән күйімен арайлы» атты шығармашылық кеш болып өтті. Бұл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов аудан тұрғындарын 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отырған «Сарытауқұм» ән-би ансамблінің 35 жылдығымен құттықтау сөз сөйлеп, еңбек ұжымын алғыс хаттармен марапаттады.
|
Шығармашылық кеш
|
250
|
21.11.2016 сағ 15.00
|
2
|
Қараой ауылдық Мәдениет үйінде ҚР Еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Құдайбергенов, «Шабыт» халықаралық байқаулардың лауреаты Айбол, Еркін, Салтанат Құдайбергеновтер әулеті және ҚР мәдениет қайраткері Дархан Дайырбектің ән-кеші болып өтті. Ән кешіне о\Қараой ауылдық округінің әкімі В.Поротиков, Ардагерлер кеңесі, аудан жастары, әскери бөлім қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, «Кеңдала» әжелер ансамблі қатысты. Кеш соңында ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Мұхамеджанова Құдайбергеновтер отбасын өнердегі 40 жыл мерейтойларымен құттықтады.
|
шығармашылық концерті
|
200
|
21.11.2016 сағ 15.00
|