БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
АУДАННЫҢ МӘДЕНИ нысандары  
 

Ауданның мәдениет үйлері

Мекеме атауы

Құрылған жылы

Орналасқан жері,мекен жайы телефоны

Жөндеу жұмыстары жүргізілген күні

1

Іле ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі

1980 жылы құрылған

Алматы облысы,Іле ауданы,Чапаев ауылы 3 ықшам ауданы №13 үй
8/72752/77365
[email protected]

2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген

2

№1 филиалы Ақши ауылдық мәдениет үйі

1972 жылы салынған

Алматы облысы,Іле ауданы,Ақши ауылдық округі, Қонаев көшесі №31
8/72757/24797

[email protected]

2009 жылы мәдениет мекемесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген

3

№ 3 филиалы Қараой ауылдық мәдениет үйі

1954 жылы салынған

Алматы облысы,Іле ауданы,Қараой ауылдық округі Бейбітшілік көшесі №10 үйі 8/72752/48329
[email protected]

2008 жылы мәдениет мекемесі күрделі жөндеу жұмысынан өтті

4

№ 4 филиалы Междуреченск ауылдық мәдениет үйі

1970 жылы салынған

Алматы облысы,Іле ауданы, Междуреченск ауылдық округі, Ленин көшесі №12 үй.
872752/47837

2012 жылы мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

5

№ 5 филиалы Ащыбұлақ ауылдық  мәдениет үйі

Мәдениет мекемесінің ғимараты жоқ

Ащыбұлақ а/о, №19 мектеп жанынан ашылған

 

6

№6 флиалы Жетіген ауылдық мәдениет үйі

Мәдениет мекемесінің ғимараты жоқ

Жетіген а/о, №34 орта мектеп

 

7

№7 филиалы Боралдай кенттік мәдениет үйі

Мәдениет мекемесінің ғимараты жоқ

Боралдай кенті, №39 орта мектеп

 

 

 Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы
тарихы туралы қысқаша
А Қ П А Р А Т


1920-1924 жылдары Түркістан Республикасындағы Семиреченск 7 уезден тұрса, соның бірі Верный уезі 1921 жылдың 5 ақпанында Алматы болып өзгереді. Ал 1922 жылдың 21 сәуірінде Семиреченск облысы Жетісу облысы болып құрылады.
1924 жылдың 27 қазанында Мойынқұм және Сарықұм уездерінен Іле болыстығы құрылып, оның орталығы Іле станциясына көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу губерниясы таратылып, уездер мен болыстықтардан Алматы және Семей (бір бөлігінен) округтарынан аудандар құрылады.
Іле ауданы аудандық кітапханасы 1928 жылғы 19 қыркүйек айында «Қызыл отау» болып құрылып, оқырмандарды желтоқсан айынан бастап қабылдады. Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты кітапхана:– 19 қазанда округтік; 1930 ж. – 17 ақпанда аудандық;
1933 ж. 1 шілдеде қайтадан округтік ауылдық кітапханалар құрыла бастады. 1948 ж. – 1 аудандық кітапхана және мектептерде кітапхана болды. Осы жылы тағы да 7 кітапхана ашылды. ҚР Ұлттық кітапханамен байланыс орнады. Оның мақсаты – аудандық,ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжрибелерді тарату. Әдістемелік және библиография бөлімдері құрылғаннан бастап ауыл кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетумен қатар, кітапханашылардың кәсіби мамандықтарын арттыру және білімін жетілдіру мақсатында курстар, стажировка-практикумдар, зерделі кеңестер өткізе бастады.1980 жылы аудандық орталыктандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Ауданда -1 аудандық орталық кітапхана,1- аудандық балалар кітапханасы, 1- №26 Энеркетикалық қалалық кітапхана болды. 1982-1995 жж. аралығында аудандық орталық кітапханаларда әртүрлі тақырыптарда зерделі кеңестер ұйымдастырылды.1996 жылы-49 кітапхана болса,1998 жылы қысқартылып-15 кітапхана қалды, оның ішінде 3-балалар кітапханасы, оқырман саны-27,3 мың, Кітап қоры- -197 000 дана болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарияланған «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Халық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Денсаулық сақтау» жылдары кітапханалар осы бағытта әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар өткізді.
1999 жылы - 12 кітапхана жабылып, 3 кітапхана халыққа қызмет көрсетті.
1999 жылдың наурыз айынан Іле ауданы аудандық кітапханасы болып құрылды.
2001 жылы Тәуелсіздіктің 10-жылдығына «Тіл мен тарих» атты ғылыми – тәжиірбелік конференция өткізілді.
2002 жылы «Артық ғылым – кітапта, ерінбей оқып көруге» ғылыми – тәжиірбелік конференция өткізілді.
2002 жылы «Еуразиялық- мәдениет және кітапхана ресурстарыының интеграциясы» атты Орал қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2003 жылы ҚР Ұлттық кітапханада Іле ауданымен бірлесе «Библиотека как информационный и культурный центр села» дөңгелек үстел өтті
2003 жылы «Жаңа қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілі ауыл кітапханасы» Павлодар қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2003 жылы – Кітапхана процестерін автоматтандыру жұмысы басталды.
2003 жылдан Алматы облысында алғашқылардың бірі ретінде «Жаңа қоғамның – жаңа Модельдік кітапханасы» болып ашылды. Кітап қоры-107441дана, оқырман саны-13058, кітап берілімі-221965 дана, жаңа түскен кітаптар-550 дана.
2003 жылы Кітапханада “РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог жасақтала бастады. Интернетке модем арқылы қосылды.2004 жылы « Ауыл жылы »бағдарламасы аясында «Ең үздік ауыл кітапханасы»,
2004 жылы Павлодар қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2005 жылы Іле аудандық, Боралдай ауылдық кітапханаға КАБИС бағдарламасы енгізілді.
2005 жыл қортындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2006 жылы Астана қаласында «Қазақстан еңбекші әйелдері» Конгресіне іскер әйелдермен тәжірбие алмасып, Мәдениет Министірлігі Е.Ертісбаевпен кездесу,2006 жыл қортындысы бойынша «Үздік мекеме»атағы берілді.
2007 жылы облыс әкімі С.Үмбетов кітапханадағы жетістіктер үшін «НИВА» автокөлігін сыйлады.
2008 жылы - 6 кітапхана қайта ашылды.
2008 жылдан бес кітапханаға (Аудандық, Боралдай балалар, Чапай, Қараой, Ақши) КАБИС бағдарламасы енгізілді.
2009 жылдан жаңа технологиялық бағытта пайдаланушыларға қызмет көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуде. Іле аудандық кітапханасында 7 Модельді ауылдық кітапхана жұмыс істейді: (Аудандық, Боралдай балалар, Боралдай ауылдық, Чапай, Қараой, Ақши ауылдық, Ақши балалар кітапханалары).
2009 жылы 14 тамыз – «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. 2009 жылы 15-16 қазан С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы «Жаныңа нәр беретін кітапхана және отбасылық оқу» Халықаралық конференцияға қатысты.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Үздік заманауи кітап қоры» байқауының Бас жүлдесімен марапатталды.
2011 жылы Кітапхана ҚР Ұлттық және Астана қаласындағы академиялық Ұлттық және облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда және облыстық Зертханалық орталық болып табылады.
2011 жылы қаңтар айында - 1 Жетіген ауылдық кітапханасы ашылды.
2012 жылы Кітапхана веб-сайты жасақталды.
2012 жылы 10-12 шілдеде - Астана қаласында ҚР Академиялық кітапханасында» Қазақстанда және АҚШ-та азаматтық қоғамнының құрылуы» форм-тренингке қатысты.
2014жылы ақпан айында - 2 кітапхана ашылды. (Аудандық балалар кітапханасы және Междуречинск ауылдық кітапханасы).
Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына 12 кітапхана қызмет көрсетеді. 1 - Іле аудандық, 1- аудандық балалар кітапханасы, 2 - ауылдық балалар кітапханасы: Боралдай ауылдық балалар кітапханасы, Ақши ауылдық балалар кітапханасы, 8- ауылдық кітапхана: Жетіген, Қараой, Чапай, КазЦИК, Ащыбұлақ, Ақши, Боралдай, Междуречинск.
Кітапханада оқырмандарға уақыт талабына сай сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктері мол. Әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне – 5 кітапхана модем арқылы қосылған. Интернет желісі арқылы сұраныспен келген әрбір оқырманның сұранысын толық қанағаттандырып отырмыз.Кітапханада толық мәтіннің негізі жазылған мәліметтер – CD-ROM–дар бар. Электрондық пошта: [email protected]" (арқылы , республика , аудан , мектеп кітапханаларымен байланысқа шығып, олардан келіп түскен сұраныстарына жауап беру, электронды жіберу арқылы іске асады. Кітапханаларда деректер базаларын қалыптастыру, қашықтағы пайдаланушылардың әр алуан ақпарат ресурстарына еркін, жедел енуді ұсыну, сервис сапасын дамыту және инновациялық ақпараттық технологиялар негізінде ақпараттық қызметтің тізбесін кеңейту, кітапханалардың бейіні бойынша тақырыптық деректер базаларын жасау жұмыстарын жүргізу міндеттеледі.Заман талабына сай жастарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды жастардың кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамда қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру басты мақсатымыз
Кітапханалық қызмет көрсетудегі негізгі принципіміз- тегін қызмет көрсету. Оқырмандар кітапханалық-ақпараттық қызметтерінің негізгі түрлерін тегін алуға құқылы. Олар:кітапхана қоры туралы каталогтар және картотекалар арқылы және кітапханалық ақпараттандырудың басқа да формалары арқылы толық ақпараттандыру;ақпарат дереккөздерін таңдау және іздеу кезінде кеңестік көмек;уақытша пайдалануға (оқу залдарында және абонементте - үйге) кітап қорынан сирек басылымдардан басқа құжаттарды алуға; Интернет желісі бойынша қызмет көрсетуді;Электронды каталогты;«Іле таңы» атты мерзімдік басылымдар дерекқорларының толық мәтінін; «Зерде,Өлкетану,Ауылым –алтын бесігім» мәліметтер базасын пайдаланады.

 

Кітапхананың аталуы

Басшының Т.А.Ә.

Телефон

1

 

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

Жабиева Мейрамгүл Түйебайқызы

8-727-52-20179
8-727-52-22220
87012844714

 

 Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Энергетический ауылдық округі, Өтеген батыр кенті, Әжімұрат к-сі №12.
№13 М.Мақатаев атындағы орта мектепте орналасқан.

Халық саны – 22548
Салынған жылы – 1961жылы
Ашылған жылы – 1928жылы
Көлемі – 753 ш.м.
Штат бірлігі – 12
Қызметкерлер саны - 12, оның ішінде кітапханашылар – 10
Кітап қоры – 52117, оның ішінде мемлекеттік тілде – 15670
Оқырмандар саны – 3442
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 20
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 89
Кафедра – 2
Каталог - 2
Үстел – 21
Орындық – 42
Байланыс телефоны 8/72752/ 2-22-20


 Іле аудандық балалар кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Энергетический ауылдық округі, Өтеген батыр кенті, Әжімұрат к-сі №12.
№13 М.Мақатаев атындағы мектепте орналасқан.

Халық саны – 22548
Салынған жылы – 1961жылы
Ашылған жылы – 2014жылы
Көлемі – 100 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры – 7404, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3370
Оқырмандар саны – 1578
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 2
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 28
Кафедра – 1
Каталог – жоқ
Үстел – 10
Орындық – 22
Байланыс телефоны – 8(72752) 2-43-04
Кітапхана меңгерушісі – М.Ахмедиева


 Ақши ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Күрті ауылдық округі, Ақши ауылы, Қонаев к-сі №31. Мәдениет үйінде орналасқан.

Халық саны – 5989
Салынған жылы – 1972
Ашылған жылы - 1941
Көлемі – 100 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры – 34488, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13361
Оқырмандар саны – 2321
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 3
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 21
Кафедра – 1
Каталог – 2
Үстел – 6
Орындық – 12
Кітапхана меңгерушісі – Ж.Мұңайтпасова


 Ақши ауылдық балалар кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Күрті ауылдық округі, Ақши ауылы, Қонаев к-сі №31. Мәдениет үйінде орналасқан.

Халық саны – 5989
Салынған жылы –1972
Ашылған жылы - 1973
Көлемі – 70 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры – 6112, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3951
Оқырмандар саны – 1228
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – жоқ
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 8
Кафедра – жоқ
Каталог – жоқ
Үстел – 6
Орындық – 10
Байланыс телефоны – 8(72752) 2-43-04
Кітапхана меңгерушісі – Б.Шамиева


 Боралдай ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Боралдай ауылдық округі, Боралдай кенті, Ломоносов к-сі №8/2. Жеке ғимаратта орналасқан.

Халық саны – 32050
Салынған жылы – 1979жылы
Ашылған жылы – 1979жылы
Көлемі – 134,3 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры – 17950, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4883
Оқырмандар саны – 1700
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 3
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 23
Кафедра – жоқ
Каталог – 2
Үстел – 17
Орындық – 32
Байланыс телефоны – 8(72752) 3-38-02
Кітапхана меңгерушісі – Хамитова Анар


 Боралдай ауылдық балалар кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Боралдай ауылдық округі, Боралдай кенті, Ломоносов к-сі №8/2. Мектепте орналасқан.

Халық саны – 32050
Салынған жылы –2008
Ашылған жылы – 1979
Көлемі – 78,2 ш.м.
Штат бірлігі – 1
Кітап қоры – 10353, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2070
Оқырмандар саны – 841
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – жоқ
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 20
Кафедра – жоқ
Каталог – 2
Үстел – 4
Орындық – 8
Кітапхана меңгерушісі – С.Ғалиева


 Түймебаев ауылдық кітапханасы

Кітапхананың мекен-жайы: Ащыбұлақ ауылдық округі, Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік к-сі №68. Әкімшілікте орналасқан

Халық саны – 12102
Салынған жылы – 1958
Ашылған жылы – 2008
Көлемі – 30,6 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры – 6662, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2656
Оқырмандар саны – 1222
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 23
Кафедра – жоқ
Каталог – 2
Үстел – 17
Орындық – 20
Байланыс телефоны – 8(72752) 7-15-84
Кітапхана меңгерушісі – М.Манапбаева


 Қараой ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Қараой ауылдық округі, Қарой ауылы, Бейбітшілік к-сі №10. Мәдениет үйінде орналасқан.


Халық саны – 5100
Салынған жылы – 1961
Ашылған жылы – 2008
Көлемі – 52 ш.м.
Штат бірлігі – 1
Кітап қоры – 5568, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2733
Оқырмандар саны – 808
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 12
Кафедра – жоқ
Каталог – жоқ
Үстел – 10
Орындық – 14
Байланыс телефон – 8(72752) 4-84-42
Кітапхана меңгерушісі - А.Нұрбекова


 Жетіген ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Жетіген ауылдық округі, Жетіген ауылы, Шымырбек к-сі №34. Мектепте орналасқан.

Халық саны – 19150
Салынған жылы –2013
Ашылған жылы – 2011
Көлемі – 40 ш.м.
Штат бірлігі – 1
Кітап қоры – 4780, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2627
Оқырмандар саны – 771
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 2
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 4
Кафедра – жоқ
Каталог – жоқ
Үстел – 6
Орындық – 11
Кітапхана меңгерушісі - Г.Қармысова


 Междуреченск ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Междуреченск ауылдық округі, Междуреченск ауылы. Мәдениет үйінде орналасқан.

Халық саны – 8055
Салынған жылы –1970
Ашылған жылы – 2014
Көлемі – 57 ш.м.
Штат бірлігі – 1
Кітап қоры –4203, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1492
Оқырмандар саны – 640
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 2
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 21
Кафедра – жоқ
Каталог – жоқ
Үстел – 9
Орындық – 28
Кітапханашы - Қ.Байбосынова


 Чапай ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: Чапаев ауылдық округі, Чапаев ауылы. Мәдениет үйінде орналасқан.

Халық саны – 8886
Салынған жылы –1981
Ашылған жылы – 2008
Көлемі – 91,5 ш.м.
Штат бірлігі – 2
Кітап қоры –7577, оның ішінде мемлекеттік тілде –
2946
Оқырмандар саны –1526
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 20
Кафедра – 1
Каталог – 2
Үстел – 15
Орындық – 25
Байланыс телефоны – 8(72752) 7-77-20
Кітапхана меңгерушісі - О.Мамбетова


 КазЦИК ауылдық кітапханасы
Кітапхананың мекен-жайы: ҚазЦИК ауылдық округі, КазЦИК ауылы, Айтова №37. Әкімшілікте орналасқан.

Халық саны – 12072
Салынған жылы – 1970
Ашылған жылы – 2008
Көлемі – 40 ш.м.
Штат бірлігі – 1
Кітап қоры –7008, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3017
Оқырмандар саны –729
Материалдық-техникалық базасы:
Интернет – жоқ
КАБИС – бар
Компьютер саны – 1
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 17
Кафедра – жоқ
Каталог – жоқ
Үстел – 7
Орындық – 14
Байланыс телефоны – 8(72752) 4-12-42
Кітапхана меңгерушісі - М.Мағзумова