Ауданда 20 мәдениет нысаны қызмет етеді, оның ішінде: 12 - кітапхана, 7 - мәдениет үйі мен клубтар 1 архив.
Ауданда халықтық атағы бар өнер ұжымдарының саны - 6. Өткен жылға қарағанда 3 - ке өскен.
Олар: «Сарытауқұм» халықтық ән - би ансамбль, (штат саны: 2 адам), «Әлібек Нұрқожа» атындағы халықтық ансамбль (штат жоқ), «Ақши халық театры» (штат саны-2 адам) және ағымдағы жылдың наурыз айында Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «халықтық» және «үлгілі» атағы берілгендер: Ақши ауылындағы «Ақниет» халықтық әжелер ансамблі, Жетіген ауылындағы «Элегия» үлгілі ансамблі, Ащыбұлақ ауылындағы «Іле толқындары» ұлт-аспаптар ансамбльдері.
Аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда аудан үміткерлері әрдайым жүлделі орындардан көрінуде.
Мысалы: «Элегия» үлгілі ансамблі 4 - 7 қараша Астана қаласы оқушылар сарайында «Fiestalonia - Kazakhstan» атты Халықаралық байқауда «Үздік вокал» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды. Аталған байқау Еуропалық байқаулар «FiestaloniaMilenio» комитеті, Астана қаласы әкімшілігі, Испания Королдігінің Қазақстандағы Елшілігі, CID UNESCO, IFCM қолдауымен ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сан Марино Республикасындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Джованни Помпонидың арнайы аудан әкімі атына түскен шақыру хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Сан Марино Республикасында ұйымдастырылған Халықаралық мәдени – ұлттық шығармашылық «Танысу» фестиваліне «Элегия» вокалдық үлгілі ансамблі қатысып 1 орынды иеленді.
Қазіргі кезге дейін мәдениет мекемелерінде 940 мәдени іс-шаралар өткізсе, оған 572 700 көрермен қатысты.
Аудандағы 12 кітапханалардағы кітап қоры 164222 дананы құрайды, Кітапханаларға келушілер саны - 25528 болса, оқырман саны -16806 адам, кітап берілімі - 35105, жаңа кітаптар саны 5713 экз.
Барлық 12 кітапханаларда толық интернет желісіне қосылып, материалдық техникалық жағдайы жақсартылған.
2015 жылы кітапханаларда 30 дөңгелек үстел, 203 кітап көрмесі, 25, 9 конференция әдеби кеш, 450 - басқада шаралар өткізілді. Мың адамға шаққанда кітапханаға келушілер саны 872.
132 413 мың кітап электрондық база КАБИС бағдарламасына енгізілді.
Сонымен қатар «Өлкетану» базасы жаңартылуда.
Аудан кітапханасының электрондық ақпараттық сайты ашылды. Мекен - жайы ili.lib.kz.
Бүгінгі таңда ауданда жалпы саны - 83 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет, археологиялық ескерткіштері бар. Оның 29 қала құрылысы және сәулет, 54 археологиялық ескерткіштер (бейіттер, тас қоршаулар мен қорғандар) тіркелген.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандағы 10 елді мекендегі 10 ескерткішке жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы қайта жөндеуден өткен ескерткіштер мен монументтер 8 мамыр күні салтанатты жағдайда ашылды.
ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ауданның даму бағдарламасына үш нысаналы индикатор енгізіп отыр. Алдағы бес жылға әзірленген бағдарламаның көрсеткіштері мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дайындалды.
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2016 жылы 79, 2017 жылы 81, 2018 жылы 86, 2019 жылы 89, 2020 жылы 93 пайызға жеткізу көзделген:
- көрсеткіштерді есептеу барысында аудандағы ересек тұрғындардың саны, ұлттық құрамы, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мамандарының, арнайы орта білім білім беру мекемелерінің саны есепке алынды;
- ауданда 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығында мемелекттік тілді оқыту курсында оқитын тыңдаушылар саны артып келеді. 2012 жылы 84 тыңдаушы болса. 2014 жылы 104 тыңдаушы процент шығару болып артты. .
Ағылшын тілін меңгеру.
- 2012 жылы 14 адам, 2013 жылы 21 адам ағылшын тілін оқып куәлік алды. Ағылшын тілін мектептердің білім беру бағдарламасына сай ағылшын тілін меңгерген жоғары сынып оқушыларының саны қоса есептелінді. Себебі болашақта мектеп бітіруші түлектер ересек тұрғындардың қатарын толықтырады.
2014 жылы Іле ауданы бойынша ересек тұрғындардан 19 114 адамнан «Қазтест» жүйесі бойынша тест алынып, Республикалық Ұлттық тестілеу орталығы арқылы 300 адам диагностикалық тесттен өтті.
2015 жылдың 9 айында МТОО тарапынан «Қазтест» жүйесі негізінде 12 025 ересек тұрғындардан байқау сынағы алынып, Республикалық Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 154 адам диагностикалық тестпен қамтылды. Сертификаттық тесттен 64 адам қамтылып, нәтижесінде 55-сы сертификат алды.
Облыс әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №57 және Іле ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №7-252 қаулыларымен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары» бекітілген.
Жоспарға сәйкес жастар мен басқа ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау мақсатында әртүрлі шаралар өткізілуде.
Іс жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі де қолданылады. Сонымен қатар ағылшын тілін оқытуға да жағдайлар жасалынуда. «Болашақ» қоғамдық бірлестіктің аясында қазақ және ағылшын тілін оқыту курстары ашылды.
Соның нәтижесінде 96 сағаттық бағдарламамен 6 ай бойы 150 адамды сапалы оқытуға, ал жылына 210 адамды оқытуға мүмкіндік болды. 2013 жылы адам, 2014 жылы адам оқып шықты.
|