БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі > Құрметті аудан тұрғындары!
 

 
Құрметті аудан тұрғындары!
 
20.04.2017

 

        «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ 2017 жылдың сәуір-маусым аралығында облыс көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілетінін жариялаған.

Осы орайда Іле ауданында да  акция жарияланғанын хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты: облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларын Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру болып табылады.

         Акция аясында келесі шараларды өткізу көзделеді:

         -«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын халыққа түсіндіру;

         -деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдарының тіл нормаларына сәйкес рәсімделуін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен рейдтік зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру;

         -акцияның барысы жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына материялдар жариялау.

         Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілінің тағдыры толғандыратын әрбір азамат акция барысында бұл шарадан тыс қалмайды деп ойлаймыз. Кәсіпкерлердің өткізіліп отырған шараға барынша түсіністікпен қарап, деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерін тәртіпке келтіретініне кәміл сенеміз!

         Өздеріңіз көріп жүрген, байқаған маңдайша жазулары мен көрнекіліктердегі заң бұзушылықтар жүзінде нысанның нақты мекен- жайын, атауын көрсете отырып, Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне телефон шалып төмендегі берілген байланыс телефондар мен мекен-жайға хабарласуыңызды  сұраймыз.

         Ендеше, Сізде ауданымызға көрік берер жарнамалардың сауатты  болуына өз үлесіңізді қосыңыз!

         Тел: 8(72752) 2 21-38