БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > БЮДЖЕТТӘК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауданның 2014 жылдың қантар-сәуір айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
А Н Ы Қ Т А М А
 
 
 

Аудан әкімдігінің қызметі ауданның экономикалық әлеуетін ұлғайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға және Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған.
Қолданған шаралардың нәтижесінде 2014 жылдың қантар-сәуір айларында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдері 53,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 92% болды.
Тауарлы бетон өндірісі 42%-ға, шыныдан жасалған бұйымдар 18,6%-ға, қиыршық тас және құм 9,3%-ға, құс еті 3,3 %-ға, табиғи су 6 %-ға және электр қуаты 2,9%-ға артты.
Есепті кезеңде 3 өнеркәсіп объектісі – Первомай кентінде бетоннан жасалған бұйымдар шығаратын өндірісі «МаксДорСтройСервис ХХI» ЖШСі, Қараой ауылында нан бұйымдарын шығаратын «UPBZ» ЖШС-і және Байсерке ауылында жеке кәсіпкер Менаяқов Е. іске қосылып, 53 жаңа жұмыс орындары ашылды.Жұмыс істеп тұрған 2 кәсіпорындарда - Байсерке ауылындағы сусындар және шырындар шығаратын зауыты «Галанз Ботлерс» акционерлік қоғамы, Өтеген батыр кентіндегі шатыр шығаратын өндіріс «Полпан КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - өндіріс орны кеңейтіліп, 40 қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ауданда Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Төрт жыл ішінде 10,1 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылып, 680 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ағымдағы жылы Алматы облысының Өңірлік индустрияландыру картасына 2 инвестициялық жоба енгізіледі, олар – «Компания Сарыбұлақ» ЖШС-і (4,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 300 жаңа жұмыс орны ашылады) және «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық зауыт құрылысы (3,7 млрд.теңге инвестиция тартылып, 120 жаңа жұмыс орны ашылады).
ИСО сапа бағдарламасымен 29 кәсіпорын жұмыс істейді, тағы да 2 кәсіпорында сапа жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 109,6 % болды. Облыстың негізгі капиталға тартылған инвестиция көлеміндегі ауданның үлесі 13,3% құрады.
Инвестицияның жалпы көлемінің – 8,4 млрд. теңгесі немесе 66,8% кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты. Несие қаражаты – 351,3 млн. теңге немесе 2,8%.Республикалық бюджеттің қаржысы 907,0 млн. теңге немесе 7,2%, жергілікті бюджеттің қаржысы – 324,1 млн. теңге немесе 2,6%. Банк несиелері 2,5 млрд.теңге немесе 20,6 %, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қаржысы – 450,6 млн. теңге немесе 3,6% құрады.
Ауыл шаруашылығында жалпы 9,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге артты, нақты көлем индексі 109,5%. Облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі ауданның үлесі 15,5%.
21066 тонна ет өндіріліп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 131%, сүт – 15930 тонна немесе 98,4%, жұмыртқа -93,7 млн.дана немесе 88,7% болды.
2014 жылдың 1 мамырына ауданда 58120 бас ІҚМ, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,7%, 175279 бас қой мен ешкі немесе 101,3%, жылқы – 6085 бас немесе 108,7 %, шошқа – 41348 бас немесе 58,6%, түйе - 5713 бас немесе 103,3%, құс – 3,3 млн.бас немесе 105,9% болды.
Аудан бойынша жалпы егістік алқабының көлемі 67267 гектарды құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар егістігі 27318 га, майлы дақылдар – 10170 га, көкөніс – 3777 га, картоп – 1515 га, бақша – 720 га және азықтық дақылдар – 23767 га.
Ауданда көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай аяқталды, 9000 га бидай, 13240 га арпа, 5078 га дәнді жүгері, 1230 га сүрлем жүгері, 2175 га майбұршақ, 7640 га мақсары, 360 га күнбағыс егілді және 1515 га картоп, 3777 га көкөніс, 720 га бақша отырғызылды.
Ауданға арзандатылған бағамен 1240 тонна жанар-жағар май бөлініп, оның 200 тоннасы алынды.
Сонымен қатар 3640 тонна минералдық тыңайтқыштар қажет, оның бүгінгі күнге 2550 тоннасы немесе 70% алынды.
Ауданда жалпы аумағы 2,2 гектар болатын 31 жылыжай бар, есепті кезеңде 135 тонна көкөніс өсіріліп, жиналды.
25,7 млн. теңгеге 9 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.
Ауданда қайта өңдейтін 39 кәсіпорын бар, есепті кезеңде өңдеу көлемі 19,9 млрд. теңге болды, бұл былтырғы жылғы деңгейде қалды.
«Сыбаға» бағдарламасы ойдағыдай іске асуда. 2011 жылдан бастап 6 шаруашылық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алынған 61,6 млн.теңге несиеге 480 бас аналық мал сатып алды.
2014 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» Алматы филиалына «Сыбаға» бағдарламасымен мал алуға ауданның 19 шаруашылығы сұраныс берді.
Бүгінгі күнге 1 шаруашылық 10 млн.тенге несие алып, 46 бас аналық мал сатып алды.
Ветеринарияда ағымдағы жылдың 4 айында 5862 бас ірі қара малдан қан алынып бруцеллезге тексерілді, тексеру нәтижесінде 11 бас оң нәтиже берді немесе тексерілгендердің 0,2 %., ал 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 7869 бас ірі қара мал тексеріліп 47 бас немесе 0,6%-ы оң нәтиже берген. Тексерілген 2699 бас ұсақ малдан 14 бас немесе 0,6% оң нәтиже берді, ал былтырғы жылы осы уақытта 1472 бастан 20 бас бруцеллезбен ауыруы анықталған. Сонымен қатар 1478 бас түйелерден ауру мал болған жоқ, ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде тексерілген 116 бастан 6 бас ауру мал анықталған.
Аудан бойынша 11 мал қорымы, 4 мал соятын пунктер және 11 мал соятын алаңдар бар.
Кәсіпкерлік саласында 1166 кіші кәсіпорын, 1875 шаруа қожалықтары, 4711 жеке кәсіпкерлер бар. Бұл салада барлығы 26,4 мың адам жұмыспен қамтылған.
Өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтің көлемі 40,0 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108%, түскен барлық салықтар түсімі – 3,6 млрд. теңге, өсу қарқыны – 12,5% болды.
Ағымдағы жылдың 4 айында ауданда 15 кіші кәсіпкерлік нысандары іске қосылып, 56 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Бөлшек сауда тауар айналымы 8,6 млрд.теңге болып, 2013 жылдың 4 айымен салыстырғанда 146,2% құрады.
2014 жылдың 4 айында бюджетке 53,2 млрд. теңге салық түсті, болжам 52,9 млрд. теңге болса, орындалуы 100,7% болды, оның ішінде кеден салығынсыз 28,4 млрд.теңге түсіп, болжам 100,1% орындалды. Республикалық бюджет болжамы 97,4%-ға орындалды, болжам 38,2 млрд. теңге болса, түскені 37,2 млрд. теңге болды. Жергілікті бюджет 109,2% орындалды, немесе болжам 14,7 млрд. теңге болса, нақты 16,0 млрд. теңге түсті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 млрд.теңгеге өсті немесе өсу қарқыны 150% құрады.
Бюджеттің шығысы 3,0 млрд. теңге немесе орындалуы – 97,7% болды.
Есепті кезеңде 28,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе былтырғы жылдың осы мерзіміне қарағанда 91 % болды.
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3,7 млрд. теңге немесе 93,3% құрады.
«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентінде 50 пәтерлі несиелі тұрғын үй құрылысы аяқталу аясында.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Боралдай кентінің 3 кезеңдегі сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, Тлендиев ауылында жұмыстар басталды. Жетіген ауылдарының сумен қамту жүйелерінің қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Ауданның елді мекендеріне электржелілерін тартуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
Ауданның елді мекендерінің жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары наурыз айынан бастап жүргізілуде, оған бюджеттен 755,3 млн.теңге бөлінді.
Ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. 2012 жылдан бастап Еңбек және Қосөзен ауылдарында рұқсат етілмеген қоқысты тастайтын жерлерді жою бойынша және Жетіген, Ақши ауылдарында иесіз қалған объектілерді бұзу жұмыстары жүргізілді, 2013 жылы аталған бағдарлама аясында ауданның елді мекендерінің көше жолдары және 8 мектептің спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы 165,1 млн.теңгеге 6 жоба жүзеге асырылады - Жаңа Талап пен Чапай ауылдарында екі су каналын қайта қалпына келтіріп, күрделі жөндеуден өткізу, Ынтымақ ауылындағы құлағалы тұрған мектеп ғимаратын бұзу, Өтеген батыр кентіндегі № 38 мектеп гимназиясының кәріз жүйесін күрделі жөндеуден өткізу, Жетіген ауылындағы №11 орта мектептің спорт алаңын жөндеуден өткізу және елді мекендердің көше жолдарын ағымдағы жөндеу.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 4 айында ауданда 262 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Орташа айлық жалақы 6,9 пайызға көтеріліп, 110392 теңгені құрады. 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4%-дан 3,8%-ға азайды.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі 5121 адам тұрады, оның ішінде 1636-сы жұмысқа жарамды. Қазіргі уақытта 1033 мүгедек жұмыс істейді, 218-і өзін-өзі қамтылғандар. Мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жылы 144 мүгедекті жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2013 жылы 472 жаңа жұмыс орындарын ашып 13 жоба жүзеге асырылды, ал ағымдағы жылы 8 жоба іске асырылып 143 жұмыс орындары ашылады. Қазіргі уақытта Жапек батыр мен Екпінді ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша оқуға 70 жұмыссыздар жіберілді, оның ішінде 60 адамы қайта даярлауға және 10 - кәсіби біліктілігін көтеруге. Сонымен қатар жастар практикасына 33 жас маманы жіберілді.
Жұмыс сұрап 536 адам тіркелсе (1.04.2013 жылы - 395 адам), оның 227-ы жұмысқа орналастырылды (2013 жылы – 210 адам). Қоғамдық жұмысқа 243 адам (2013 жылы - 170 адам), кәсіби оқуға, біліктілікті көтеруге және қайта дайындауға 35 адам (2013 жылы –35 адам) және жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 18 жас түлектер жұмысқа жіберілді (2013ж-12).
Жыл басынан бері 3969 адамға 38,5 млн. теңге әр түрлі әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар 3326 мүгедектерге, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жалпы сомасы 4,4 млн.теңге, оның ішінде 109 жағдайы төмен адамдарға 193 мың.теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша Іле ауданына қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстары атқарылуда. 2009-2013 жылдар аралығында 81 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит, оның ішінде 56 (69,1%) – мүғалімдерге, 22 (27,2%) – денсаулық сақтау саласының мамандарына, 2 (2,4%) – мәдениет саласының маманына, 1 (1,2%) – әлеуметтік қорғау саласының маманына төленді. Сонымен қатар 319 маманға көтерме жәрдем ақы төленді, оның ішінде 199 (62,4%) мүгалімдер, 113 (35,5%) денсаулық сақтау саласының мамандары, 4 (1,2%) - мәдениет саласының қызметкерлері, 3 (0,9%) әлеуметтік қорғау саласынын мамандары. Ағымдағы жылдың 4 айында 16 маманға көтерме жәрдем ақы төленді.
Денсаулық сақтау саласында жалпы ауру көрсеткіші 3,2%-ға, жұқпалы ішек инфекциясымен ауыру 60,3%-ға, туберкулез ауруымен алғаш ауыру 45,3%, жалпы туберкулезбен ауыру 3,7%-ға төмендеді, жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың деңгейінде қалды.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2011-2013 жылдарда Ынтымақ, КазЦИК және Покровка ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салынды.
«Балапан»бағдарламасы аясында 2014 жылдың 4 айында 735 орындық 9 жеке бала бақшалар ашылу арқылы мектепке дейінгі мекемелермен 4426 бала қамтылып, қамту көрсеткіші 49,5% жетті. Жылдың аяғына дейін 3 мемлекеттік, 6 жеке бала бақша, 1 мемлекеттік шағын орталық, 4 балабақшаларда қосымша 17 топ ашылуы жоспарлануда.
Ауданда 34199 баламен қамтылған 38 мектеп бар. 22 мектепте 4089 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылды, оның 3059-ы ауданның мектептеріне, ал 1030-ы Қапшағай қаласына және Талғар, Қарасай аудандары мектептеріне тасымалданады.
37 мектептің 32 мектебінде ыстық тамақ және буфеттік тамақтандырумен қамтылған оқушылар саны – 23316 немесе барлық оқушылардың 68,2%, (2013 жылы 82,3 %), оның ішінде 3006 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды немесе 12,9%. 17389 оқушы буфеттік тамақтандырумен қамтылған немесе 50,8 % (2013 ж. – 48%).
Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық 35 мектепте былтырғы жылдың қыркүйек айынан басталды. Әр апта сайын сынақ тест алынады.
Қазіргі таңда аудан мектептері 2393 компьютермен, 98 интерактивті тақтамен, 16 лингофон-мультимедиалык, 14 физика, 14 химия және 19 биология кабинеттермен жабдықталған. Барлық мектептер 2011 жылдан бастап кең ауқымдық желілік жүеге қосылды. Қазіргі кезде 1 компьютерге 14,2 оқушы келеді.
Байсерке ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы және Қосөзен ауылындағы балабақшаны қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Өтеген батыр кентінде 1200 орындық, Комсомол ауылында 450 орындық және Тлендиев ауылында 600 орындық орта мектеп құрылыстары басталды.
Ауданда 18 мәдениет мекемелері, оның 8-і мәдениет үйлері және 10 кітапхана, одан басқа 11 көркемөнерпаздар тобы, 11 көңілді және тапқырлар клубы, 11 ауылдық клубтар, 3 халықтық ансамбль, «Наз», «Эллегия» балалар ансамблі жұмыс істеуде, олар ауданның мәдени өміріне, облыстық конкурстарға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Жылдың басынан бері 220 мәдени іс-шара өткізілді.
Ауданда дене шынықтыру және спорт шараларын өткізуге арналған 284 спорт құрылғылары жұмыс жасайды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтар 22,8% құрады, ол былтырғы жылғы көрсеткіштен 0,8 % артты. Есепті мерзімде ауданда спорт түрлері бойынша 16 спорттық іс-шаралар өткізілді.