БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > БЮДЖЕТТӘК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың 8 айындағы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы  

 

  Өнеркәсіп. Өндірілген өнеркәсіп өнімдері 113,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 113,7%, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 14,6 млрд. теңгеге немесе 114,8% артты.

   2011 жылмен салыстырғанда сүт өндіру (135,2%),  бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдардың (134,6%), темекі өнімдерінің (110%)  көлемі өсті.

Есепті кезеңде 4 өнеркәсіп объектілері ашылып, 216 жаңа жұмыс орындары құрылды: олар Өтеген батыр кентіндегі балалар және жасөспірімдер киімін тігетін «Сириус Студио» ЖШС-і, Түймебаев ауылындағы « 1-ші сыра зауыты» ЖШС, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында Боралдай кентінде медициналық препараттар шығаратын «ПФК Элеас» ЖШС-і және Байсерке ауылында автомобиль фильтрін шығаратын «Казфильтр» ЖШС.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17,2 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7%, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері – 13,2 млрд.теңге (102,6%), өсімдік шаруашылығының өнімдері – 3,9 млрд.теңге (98,7%).

33539 тонна сүт өнімдері өндірілді, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 130,8%ға, сүт – 43659 тонна немесе 100,1%, жұмыртқа – 243701 мың дана немесе 95,1 % орындалды.  

Ірі қара малдың саны 62088 бас, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 893 басқа артты,  қойдың саны 4536 басқа артып 155 623 басты, шошқаның саны 579 басқа артып 79405 басты, жылқы саны 330 басқа артып 5637 басты, түйенің саны 448 басқа артып 4500 басты, құстың саны 1033,6 мың басқа артып 3829,4 мың басты  құрады.  

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтің көлемі 73,1 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7% орындалды. Бұл салада барлығы  25,9 мың адам жұмыспен қамтылған, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 % артты.   

Аудан экономикасының дамуына 28,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 млрд.теңгеге артып 122,3%ға орындалды.

Құрылыс.  2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 16,8 млрд. теңгені құрады (72,7 пайыз).

 42,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5 пайызға орындалды.

  Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 107,2 пайызға орындалып, 44,9 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет 22,7 млрд. теңгеге немесе болжам 107 пайызға орындалды, ал жергілікті бюджетке – 22,2 млрд. теңге түсті (болжамға -107,4%).

Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыс сұрап 1000  адам тіркелді,  жұмысқа орналасқандары 531 адам. Қоғамдық жұмысқа 348 адам жіберілді,  кәсіби оқуға, біліктілікті көтеруге және қайта дайындауға 135 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 110 жұмыссыз адам  жіберілді.

Ағымдағы жылдың 8 айында экономиканың барлық саласында 979 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде - 705 тұрақты жұмыс орындары. 

Денсаулық сақтау. Ауданда денсаулық сақтау саласында 1-аудандық орталық аурухана, 1 аймақтық балалар аурухана, 3 ауылдық аурухана,  12 – ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 18 медициналық пункттер бар.

Салауатты Қазақстан» атты денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Ынтымақ ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Білім беру. Ауданда 38 орта білім беретін мектеп бар, жалпы оқушылар саны – 30425. 17 шағын орталығы бар, оның 13 мемлекеттік, 4 жеке меншік, ондағы бала саны 1033,  13 мектепке дейінгі мекемелер бар, олардағы балалардың жалпы саны – 2525 бала, оның 6 мемлекеттік мекеме, 7 жеке меншік, оның 4-уі «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейді. 2 колледж бар.

Мектептердің 81 пайызы кең жолақты интернет жүйесіне қосылған, дистанциялық оқыту каналына 9 мектеп қосылған, 28 мектепте 78 интерактивті тақталар орналасқан, 14 мектеп лингафонды кабинеттермен, 11 физика және 15 биология кабинеттерімен жабдықталған. Барлық компьютерлер саны 1723, немесе 1 компьютерге 18,1 баладан айналады.

2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асуда. 2012 жылдың 8 айында 44 маман 4983,2 мың.теңге көтерме жәрдемақы алды, оның 28-і білім беру саласының маманы, 15-і – денсаулық сақтау саласының, 1-уі әлеуметтік сала маманы. 12 маман 29102,2 мың.теңгеге тұрғын үй алуға несие алды, оның 9-ы – білім беру саласының маманы, 2-і – денсаулық сақтау саласының, 1-уі әлеуметтік сала маманы.