БАСТЫ > МӘСЛИХАТ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ!
28.12.2016

 

2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 29 қарашасындағы «2017-2019 жылдардағы республикалық бюджеті туралы» Заңы және Алматы облысы Мәслихатының 2016 жылдың 9 желтоқсанында қабылданған «2017-2019 жылдардағы облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес анықталған.

Сонымен қатар бюджетті қалыптастыруда мемлекеттік, салалық  және 2017-2019 жылдарға арналған ауданның даму бағдарламасы есепке алынды.

  2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескеріледі:

    1. салық заңнамасында мөлшерлемелерді өзгерту, өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;

    2. жаңа обьектілерді енгізу есебінен  салық базасын арттыру;

    3. РБ-тен субвенция көлемінде берілген,тұрақты сипатқа ие ағымдағы нысаналы трансферттер.

    Аудан бюджетінде  РБ-тен бөлінетін  2017-2019 жылдарға арналған  нысаналы трансферттер 11млрд. 208 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:

 

 

Жылдар

Барлығы

Ағымдағы

трансферттер

Дамуға трансферттер

млрд.тенге

млрд.тенге

млрд.тенге

2016 бекіт.

8 341 656

253 743

2 087 913

2017

9 118 987

173 694

8 945 293

2018

1 949 939

164 086

1 785 853

2019

139 216

139 216

 

 

      Меншікті табыс бойынша 2017 жылға аудандық  66 млрд.542 млн.тенге, 2018 жылға - 71млрд. 151 млн.тенге, 2019 жылға - 76млрд. 037 млн.теңге анықталды.

 
Бюджеттің шығысы

 

  2017-2019 жылдары аудан бюджетінің шығындары  64 млрд. 201 млн.теңгені құрайды, оның ішінде 2017 жылға -  27 млрд. 150 млн.теңге, бюджеттік алып қоюлар  52 млрд.243 млн.теңге, 2018 жылға – 18 млрд. 499 млн.теңге, 2019 жылға – 18 млрд. 551 млн.теңге.

   2017 жылға арналған жоба 2016 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 98%-ға  немесе 13 млрд. 762 млн.теңгеге өсті,  оның ішінде ағымдағы бюджет өсімі  154 пайызды құраса, даму бюджеті 4,5 есе өсті.

    Ауданның 2017 жылғы бюджетінің жобасына тоқтайтын болсақ –                                   27 млрд. 150  млн. теңге, оның ішінде еңбек ақы қоры аударымдар есебімен –           9 млрд 166 млн.теңге, ағымдағы шығындар – 6 млрд.170 млн. теңге және күрделі шығындар - 18 млн. теңге, даму бюджеті 11 млрд.796 млн.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен -9 млрд. 356 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 2 млдр.440 млн. теңге.

   Нысандардың құрылысы мен қайта жаңғыртуы бюджеттің басымдық инвестициялық жобаларының  және дамуға бағытталған республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттердің көлемі негізінде анықталды.

 

«Жалпы сипаттағы  мемлекеттік қызметтер»

1-функционалдық топ бойынша

 

   Аталған функционалдық топ бойынша  мәслихат, аудандық және ауылдық округ әкімдері, қаржы органы және экономика  және бюджеттік жоспарлау,  органдарының аппаратын ұстауға, салық салу мақсатында мүлікті  бағалауды жүргізуге және коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша іс-шаралар жүргізуге шығындар көзделген.

    2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы аталған топ бойынша 1 млрд.447 млн.тенгені құрайды.

       2016 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда  басқару  органдары    бойынша күрделі шығындар 18,3 млн. теңгені құрайды.

  

«Қорғаныс»

2-функционалдық топ бойынша

 

        Бұл функционалдық топ бойынша  төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою бойынша іс-шараларалық шығындарға, аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға, өрттердің алдын алу және сөндіру шараларына шығындар көзделген.

       2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы 14,6 млн.теңгені құрайды, оның ішінде 2017 жылға - 4,5 млн.теңге.

    - Аумақтық қорғаныс  бойынша іс-шараларға -3,1 млн.теңге;

    -Дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға - 1,4 млн.теңге.

 

 

«Қоғамдық тәртіп  және қауіпсіздік»

3-функционалдық топ бойынша

 

      Бұл функционалдық топ бойынша  2017-2019 жылдарға тұрғылықты елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  -10,1 млн.тенге, оның ішінде 2017 жылға -3,2 млн.тенге бөлінді.

 

          «Білім беру» 4 функционалдық тобы бойынша

 

-Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін көбейту, жұмыс жасамайтын, босатылған балалақшалаға күрделі жөндеу жүргізу;

- Үш ауысымды және бейімделген мектептер мәселесін шешу;

 - Кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін дамыту, компьютер техникасын және тегін оқулықтарды сатып алу;

- Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;

- Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

- Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Білім беру мекемелерін бейне бақылау жүйелерімен қамтамасыз ету.

 Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2017-2019 жылдарға арналған бюджет көлемі  - 45млрд.737млн.теңге,2017 жылға 17млрд.755млн.теңге қарастылған.

 Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне барлығы 2 млрд. 334,4 млн. теңге қарастырылып отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен:

-«Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыруға – 2 млрд. 098,5 млн. теңге;

Жергілікті бюджет есебінен

  -Бала-бақшаларды қамтамасыз етуге облыс бюджетінен – 235,9 млн. теңге;

  - Аудандық музыкалық  мектепті қамтамасыз етуге – 37,3млн.тенге.

 

      Білім беру жүйесінде еңбек ақы қоры барлығы- 8 млрд. 496 млн. теңгені құрайды.

       Бұдан басқа білім беру объектілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы- 529,9 млн. теңге бөлінді:

- Өтеген батыр кентінің №13 ОМ-не күрделі жөндеуіне-399,9 млн.теңге;

-Мемлекеттік «Әдемі» бала бақшасына және Жетіген ауылының №11 ОМ  күрделі жөндеу ЖСҚ-на- 22,8млн.теңге;

-Қосөзен ауылының №14ОМ және Жетіген ауылының №3 ОМ мектептері шатырларына күрделі жөндеу ЖСҚ-на- 2,4млн.теңге;

-Өтеген батыр кентіндегі №7 ОМ шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына- 35,5млн.теңге;

-Жанадаур ауылының №5 ОМ және Боралдай кентінің № 15 ОМ-нің жылыту жүйелеріне күрделі жөндеуге -69,3млн.теңге.

 

Үш ауысымды мектептердің мәселерін шешу мақсатында білім беру объектілерін дамыту бойынша 2017 жылы 6 млрд. 387,2 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде  ұлттық қордан– 5 млрд. 154,5 млн.теңге (жергілікті бюджет есебінен -1млрд.232,7млн.теңге), (Түймебай ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысына- 635,6 млн. теңге; Көкқайнар ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысына- 641,6 млн. теңге; Казцик ауылындағы 900 орындық ОМ құрылысына- 785,7млн. теңге; Қоянқұс ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысына-  710,2 млн. теңге; Ынтымақ ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысына-  552,6 млн. теңге; Чапай ауылындағы 900 орындық ОМ құрылысына -  909,3 млн. теңге; Екпенді ауылындағы 900 орындық ОМ құрылысына – 987,4млн.тенге;Төле би ауылындағы 300 орындық ОМ құрылысына- 804,6млн.тенге;  Байсерке ауылының 300 орындық №12 ОМ мектебінің қосалқы құрылысына – 260,2млн,тенге және Жетіген ауылының 300 орындық мектебінің қосалқы құрылысына –100,0 млн.теңге.) бөлінді.

 

       Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен ағымдағы шығындарға  1 млрд.447,3 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде:

- сұйық отын сатып алуға – 80,0млн.теңге;

 - жағдайы төмен отбасындағы барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 145,9 млн. теңге;

- мектептерге шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға - 20,6 млн. теңге;

- білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға – 388,6 млн.теңге;

- ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыруға – 75,3млн.теңге;

- білім беру жүйесін ақпараттандыруға – 39,7 млн. теңге қарастырылған.

 Сондай-ақ білім беру объектілерінің басқа шығындарына (коммуналдық қызметтер, байланыс және интернет қызметтері, мектеп қазандықтарының жөндеу жұмыстарына)- барлығы 620,6 млн. теңге.

- Бала асырап алушыларға бір жолғы төлемақы - 3,2 млн. теңге;   

- Қамқоршыларға ай сайын – 72,7 млн. теңге; 

- Патронат тәрбиешілерге берілген баланы асырап бағуға-1,2 млн.теңге.

 

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру»

6-функционалдық топ бойынша

 

    Облыс аумағын дамыту бағдарламасында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін төмендегілер қарастырылады.

Осы мақсаттарға 2017-2019 жылдарға – 1 млрд.933,5 млн.теңге қарастырылса, ал 2017 жылға  656,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде  нысаналы трансферттер  есебінен:

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –                  74,7 млн. теңге;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 3,9млн. теңге;

- тұрғын үй көмегіне – 26,1 млн. теңге;   

- ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмекке – 49,9 млн. теңге;

- студенттерге гранттар – 8,6 млн. теңге;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету – 97,3 млн.теңге;

- үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге – 7,6 млн.теңге;

- мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 38,4 млн. теңге,

- туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға әлеуметтік пакет беруге –          3,8млн. теңге қарастырылды.

     Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы көмек ретінде- 20 млн. теңге бөлінді.

  Бюджет жобасында  жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шығындар 60,6 млн. теңге сомасында анықталды (қоғамдық жұмыстарды төлеуге –60,5 млн. теңге,әлеуметтік көмекке қосымша шара үшін- 121 мың теңге).

    2017 жылдан бастап мемлекеттік «Өрлеу» жобасы іске асырылады.

    «Өрлеу» жобасы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабылеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасыға (адамға)  шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.  Аудан бойынша бұл жобаға – 32,4 млн.теңге бөлінеді.

    «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 82,5млн. теңге бөлінді (жұмыспен қамту орталығы, еңбекақыны субсидиялау, жастар практикасы).

 

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»

7-функционалдық топ бойынша

 

 

  Бұл функционалдық тобы бойынша 2017-2019 жылдарға 12 млрд.111 млн.теңге қарастырылған.

2017 жылдың бюджет шығындарына 6 млрд.674,4 млн.теңге бөлінді.

"Gate City" қала-серіктесінің оңтүстік жобалау аумағына түсетін коммуникация дәлізін салуға бөлінген 71 жер учаскелерін сатып алуға – 838 млн.теңге;

        Алматы-Күрті жолдарына ЖСҚ даярлауға-2,1млн.тенге.

 Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұстауға-10,9 млн.теңге қарастырылған.

Даму бюджеті бойынша барлығы- 5млрд.346,6млн.теңге, оның ішінде ұлттық қордан:

- Өтеген батыр кентінде 50 пәтерлі тұрғын үй салуға- 410,9 млн. теңге;

- Қараой ауылындағы жеке тұрғын аймаққа инжинерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға (3 кезең)-750,0 млн.теңге;

- Междуреченск ауылындағы жеке тұрғын аймаққа инжинерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға  (4 кезең) – 799,4млн.теңге;

- Өтеген батыр кентінде 50 пәтерлі несие тұрғын үй салуға коммуналдық шаруашылықтың дамуына – 106,6 млн. теңге;

Республикалық бюджеттен:

-Байсерке ауылындағы жеке тұрғын аймаққа инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға (3 кезең)- 243,4 млн. теңге;

- Қараой ауылындағы жеке тұрғын аймаққа инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға (3 кезең) – 1млрд.142,2 млн.теңге;

-Междуречинск ауылындағы жеке тұрғын аймаққа инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға (4 кезең)-1млрд.016,7 млн.теңге;

 -Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлі несие тұрғын үй салуға коммуналдық шаруашылықтың дамуына облыс бюджетінен – 25 млн. теңге.

- Су жүйелерінің құрылысы мен жаңғыртуына 699,8 млн.теңге (Қоянқұс ауылында су құбырын салу, реконструкциялау және ұңғымаларды бұрғылауға -137,8млн.теңге, Казцик ауылына – 160,2 млн.теңге, Чапай ауылына – 174,6 млн.теңге, Боралдай кентіне – 227,2 млн.теңге) бөлінді.

- Боралдай кентінің электр беру желілерінің құрылысына  (2 кезең)- 152,4 млн.теңге бөлінді.

      

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру барысында оқушыларды тегін тасымалдауға – 75,3 млн. теңге, елді мекендерді  жарықтандыруға - 56,1 млн. теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге- 24,2 млн. теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеуге- 2,0 млн. теңге, елді мекендерді абаттандыруға – 97,0 млн. теңге.

 

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік»

8-функционалдық топ бойынша

 

        Осы аталған функционалдық топ бойынша 2017-2019 жылдарға 592,6млн. теңге қарастырылған.

2017 жылға 191,1 млн. теңге қарастылды, оның ішінде:

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 7,7 млн.теңге;

-     Аудандық мәдениет үйлеріне – 77,2 млн.теңге;

-     Ауданның кітапханаларына – 50,5 млн.теңге;

-     Тілдерді дамыту орталығына – 1,1 млн. теңге;

-     Ішкі саясат – 16,3 млн. теңге (спорт және дене шынықтыру бөліміне – 7,2 және аудандық спорттық іс-шараларды өткізуге – 4,6млн. теңге).

 

«Ауыл, орман, су шаруашылығы және жер қатынастары»

10-функционалдық топ бойынша

 

          Осы аталған функционалдық топ бойынша 2017-2019 жылдарға  840,3 млн. теңге қарастырылған, 2017жылға 250,5 млн. теңге, оның  ішінде:

-Ауылдық елді мекенде жұмыс жасауға және тұруға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және агроөнеркәсіп кешені мамандарын тарту жұмыстары бойынша 54 маманға 22,4 млн.теңге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 18 маманға 61,2 млн. теңге;

Аудандық ауылшаруашылық бөлімі аппаратын қамтамасыз етуге - 19,1 млн.тенге.

-                Арналар жүйелерін паспортизациялауға - 28,6млн.теңге;      

-                Қаңғыбас иттерді аулау және жоюды ұйымдастыруға – 5,0 млн.теңге;

-                Жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық шараларын жүргізуге – 235 мың.теңге;

-                Ауру жануарларды санитарлық сою және құнын өтеуді ұйымдастыруға – 1,5 млн.теңге;

-                Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге – 95,3 млн. теңге; 

-                Ауыл шаруашылық  малдарын бірегейлендіруге – 3,7 млн. теңге;

-                Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге-10,2млн.теңге;

Жер қатынастары бөлімін қамтамасыз етуге – 12,4млн.теңге.

 

«Сәулет және құрылыс қызметі»

11-функционалдық топ бойынша

 

Бюджет жобасында аталған функционалдық топ бойынша 2017-2019 жылдарға 69,6 млн. теңге, 2017 жылға – 22,1 млн. теңге көзделді, оның ішінде:

            - сәулет және қала құрылысы бөлімін қамтамасыз етуге  – 10,3 млн. теңге және құрылыс бөлімін ұстауға – 11,8 млн. теңге.

 

«Көлік және коммуникация»

12-функционалдық топ бойынша

 

        Аудандық автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, елді мекендердің көшелерін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ұстау үшін 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетінде 829,2 млн. теңге сомасында қаражат көзделді.

       Осы функционалдық топ бойынша 2017 жылға – 811,8млн. теңге  елді мекендердің көшелерін күрделі жөндеуге- 400 млн.теңге және ағымдағы жөндеуге -378,2 млн.теңге. Сондай-ақ  жолдардың қысқы күтіміне – 15 млн.теңге, аудан аумағындағы жолдарды паспорттизациялау және тексеру жұмыстарына-10,5 млн.теңге. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аппаратын қамтасыз етуге- 8,1 млн.теңге бөлінді.

 

«Басқалары»

13-функционалдық топ бойынша

 

      Осы топ бойынша 2017-2019 жылдарға араналған бюджетінің жобасында  616,3 млн. теңге қарастырылса, 2017 жылға 203,1 млн. теңге:

 Кәсіпкерлік бөлімін ұстауға – 10,4 млн. теңге;

 Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 18 нысанға  166,1млн. теңге;

-                Көкқайнар ауылының Новостройка және Строительная көшелері бойындағы су жабдықтау  жүйесін жөндеуге -19,8 млн. теңге;

-                Жаңадәуір  ауылындағы су жабдықтау жүйесін жөндеуге – 12,9 млн. теңге;

-                Жаңаталап  ауылындағы су жабдықтау жүйесін жөндеуге – 13,5млн.теңге;

-                Қосозен  ауылындағы су құбыры жүйесін жөндеуге- 20,0млн.теңге;

-                Жетыген ауылындағы Балдырған бала бақшасына аббаттандыру жұмыстарын жүргізуге -11,8млн.теңге;

-                Жетыген ауылының №11 орта мектебінің спорт алаңына металл қоршауын  орнатуға-19,3млн.теңге;

-                Чапай ауылының Құлагер, Жамбыл, Өркен көшелерін жарықтандыруына –8 млн. теңге;

-                Өтеген батыр кентінің №38 ОМ спорт алаңына жөндеу жұмыстарына-19,3млн.теңге;

-                Ақши ауылында балалар алаңын орнатуға-1,8млн.теңге;

-                Казцик ауылының көшелеріне жаяужолдар орнатуға-5,2млн.теңге;

-                Комсомол ауылының көшелеріне жаяужолдар орнатуға- 8,3млн.теңге;

-                Боралдай кенті Черемушки шағын ауданының спорт алаңына қоршау орнатуға-1,5млн.теңге;

-                Боралдай кенті №17 орта мектебінің стадион аумағын қоршауға-1,2млн.теңге;

-                Боралдай кенті Космановтов және Чапаева көшерлеріндегі Жигитовка өзен суларын тазалауға-3 млн.теңге;

-                Боралдай кенті Бурундайская көшелерінің  жер асты арналар жүйесін жандандыруға-20,6 млн.теңге;

-                Жетыген, Қараой,Ақши ауылдарындағы мал қорымын қайта қалпына келтіру және қоршау орнату жұмыстарына- 5,5 млн.теңге.

 

Аудан Әкімінің резерві үшін  2017 жылға  - 26,6  млн.теңге қарастырылған.

 

  

 Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы                                       Г.Естеусизова