БАСТЫ > МӘСЛИХАТ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға
арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ЖОБАсы
12.06.2017

ЖОБА

 

 

 

Іле аудандық мәслихатының

2016 жылғы 12 желтоқсандағы

«Іле ауданының 2017-2019 жылдарға

арналған бюджеті туралы» № 9-39

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

        

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына және 106-бабының            4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген, 2017 жылдың 1 қаңтарында «Іле таңы» газетінде жарияланған), Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы «Іле аудандық маслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының                               2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 11-52 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4146 тіркелген, 2017 жылдың 25 наурызында «Іле таңы» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және                  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 82 104 098 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 66 392 870 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 150 000 мың теңге;

трансферттер түсімі 15 561 228 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 5 019 948 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 10 541 280 мың теңге;

2) шығындар 84 515 317 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 34 186 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 61 263 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 27 077 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (−) 2 445 405 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                               2 445 405 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Іле аудандық мәслихатының  сессия төрағасы

 

   Іле аудандық мәслихатының

   хатшысы

 ______________ С. Закиржанов

   ______________ Р. Абилова