![]() |
![]() |
Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ЖОБАсы | 08.12.2017 |
![]() |
||
ЖОБА
Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 9-39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 тіркелген, 2017 жылдың 1 қаңтарында «Іле таңы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 89 063 675 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 75 659 004 мың теңге; салықтық емес түсімдер 31 700 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 426 100 мың теңге; трансферттер түсімі 12 946 871 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 3 149 818 мың теңге; нысаналы даму трансферттер 9 797 053 мың теңге; 2) шығындар 91 624 133,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 34 186 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 61 263 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 27 077 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (−) 2 621 721,3 теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 621 721,3 мың теңге.». 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін. 4. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
||||||
![]() |