БАСТЫ >

 
 
 
2009-2019 жылдың жартыжылдығы бойынша «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет 08.08.2019

 

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 2005  жылғы   8 шілдедегі  7 баптың 4 бөлігі 8 тармағына, (бұдан әрі - Заң), Қазақстан  Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, сонымен қатар 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6-шы қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидасының» негізінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы «6» қарашадағы № 72 бұйрығына 2017 жылдың 17 желтоқсанындағы №395 бұйрығы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан бастау алып, бүгінгі күні ауыл-аймақтарды, шалғай орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді. Кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда. Жобаның талаптары мен шарттары: «Дипломмен ауылға» жобасы жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік  қолдау  шаралары  ұсынылған  маман  ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.   

2009 – 2018 жылдар аралығында   575 маманға 71 586,9 мың теңге көтерме жәрдемақы тағайындалды. Оның ішінде 370 немесе 64,3 % - білім саласынан, 186 маман немесе 32,3%  - денсаулық сақтау саласынан, 3 маман немесе 0,5% - әлеуметтік саласынан, 6 маман немесе 0,1% - мәдениет саласынан, 1 маман немесе 0,1% - спорт саласынан, 9 маман немесе 1,5% - агроөнеркәсіп саласынан мамандарға тағайындалды.

Бағдарлама  басталғалы  бері  ауданымызға   әлеуметтік сала  бойынша   жастар көптеп   тартылған.   Бүгінде  осы   бағдарламаны  тиімді   пайдаланып, жұмысқа  орналасып,  баспаналы  болған    жас  мамандарға   мемлекеттік бағдарлама   стимул    болып   келеді.  

2011-2018 жылдар аралығында тұрғын - үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған 204 маманға 593 528,2 мың теңге бюджеттік кредит тағайындалды. Оның ішінде 134 немесе 65,7 % - білім саласынан, 64 маман немесе 31,3%  - денсаулық сақтау саласынан, 1 маман немесе 0,5% - әлеуметтік саласынан, 3 маман немесе 1,5% - мәдениет саласынан, 1 маман немесе 0,5% - спорт саласынан, 1 маман немесе 1,5% - агроөнеркәсіп саласынан мамандарға тағайындалды.

Ал 2019 жылдың жартыжылдығында 55 маманға 9 721,3 мың теңге көтерме жәрдемақы тағайындалды. Оның ішінде 43 немесе 78,2 % - білім саласынан, 12 маман немесе 21,8%  - денсаулық сақтау саласының мамандарына тағайындалды. Ал тұрғын - үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған 21 маманға 79 537,5 мың теңге бюджеттік кредит тағайындалды. Оның ішінде 15 немесе 71,4 % - білім саласынан, 5 маман немесе 28,8%  - денсаулық сақтау саласынан, 1 маман немесе 4,7% - спорт саласының мамандарға тағайындалды.

2009-2018 жылдар және 2019 жылдың жартыжылдығы аралығындағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» жоспары толық игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалды.  

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге орай, жоғарғы оқу орнын жаңа бітіріп, дипломы бар жастар үшін бірінші кезекте «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының көрсетер көмегі зор екені анық.

      Іле ауданынының экономика  және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы                       Г. Естеусізова