БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > БЮДЖЕТТӘК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы I жартыжылдығының
қорытындылары және IIІ тоқсанның міндеттері туралы А Н Ы Қ Т А М А
 

 

2012 жылдың 1 жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп. Өндірілген өнеркәсіп өнімдері 79,1 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 11,5 млрд. теңгеге артып, ңақты көлем индексі 112,3% болды. Облыстың өнеркәсіп өндірісінде ауданның үлесі 35,3% құрады.  

Жалпы өндірілген өнімнің 93,2 пайызы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде (2011 ж- 94,7%), 73,7 млрд.теңгеге өнім шығарылып, нақты көлем индексі 112,2%  құрады.

2011 жылмен салыстырғанда сүт өндіру, темекі өнімдері, құс еті, бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдардың көлемі өсті.

Есепті кезеңде 4 өнеркәсіп объектілері ашылып, 216 жаңа жұмыс орындары ашылды: олар Өтеген батыр кентіндегі балалар және жасөспірімдер киімін тігетін «Сириус Студио» ЖШС-і, Түймебаев ауылындағы «1-ші сыра зауыты» ЖШС, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында Боралдай кентінде медициналық препараттар шығаратын «ПФК Элеас» ЖШС-і және Байсерке ауылында автомобиль фильтрін шығаратын «Казфильтр» ЖШС.

ИСО сапа бағдарламасымен 29 кәсіпорын жұмыс істейді, ағымдағы жылы 3 кәсіпорын халықаралық ИСО сапа стандартын енгізу жұмыстарын жүргізуде.    

Сонымен қатар құм және қиыршық тас өндіруі - 29,9%ға,  бөтелке, шиша және басқа да әйнектен жасалған құтылар – 5,6%-ға, тауарлы бетон 3,1% азайған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1% болды.

         Дәндік дақылдарды, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, көкөністерді, бақша дақылдарын және картопты егу жұмыстары 100 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылығы өнімдерін интенсивті технологиямен өсіру көлемі 500 гектарға ұлғайып, 5,0 мың гектар болды, тамшылатып суару әдісімен егу былтырғы жылдың көлемінде қалып, 35 гектарды құрады. Ылғал сақтау технологиясы 5,4 мың гектар жерде қолданылады (2011 жылы 5,0 мың гектар болған).

Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдерін жинау жұмыстары жүргізілуде. 12176 гектар жерден масақты дәнді дақылдар жиналды. Өнім көлемі 16316 тонна, орташа өнімділігі әр гектардан 13,4 ц өнім алынды, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көлемінде.

Жұмыртқадан басқа барлық мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі және мал басы мен құстың басы артты.

Ауданның 19 шаруашылығы ірі қара мал етінің экспорттық потенциалын арттыру жобасына қатысады. Бұл шаруашылықтарда 2145 аналық бас ірі қара мал бар, оның 1274-і бүгінгі күнге ұрықтандырылған. «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2011 жылы ірі қара малдың аналық басы мен бұқаларды сатып алуға 4 шаруашылық 32,2 млн.теңге несие алып, 216 ірі қара мал сатып алды. Биылғы жылға тағы да 54 бас ірі қара мал алуға өтініш берілді.  

Сонымен қатар жұмыртқа өндіру 6,1 пайызға төмендеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында сібір жарасына қарсы 25000 бас ірі қара, 80000 бас ұсақ мал, 4000 бас жылқы, 23000 бас шошқа және 2376 бас түйе егілді. Сонымен қатар аусыл ауруына қарсы 37000 бас ірі қара, 28000 бас ұсақ мал, обаға қарсы 3900 бас түйе егілді. 30500 бас ірі қара туберкулезге қарсы тексеріліп, оң нәтиже берген мал анықталмады. Бруцеллез ауруына 31005 бас ірі және 102000 ұсақ мал тексеріліп, тексеру нәтижесінде 116 бас ірі қара және 226 бас ұсақ мал оң нәтиже берді.  Аса қауіпті ауруларға қарсы диагностикалық тексеру және егу жұмыстары 100 пайызға орындалды.  

Ауданда 5 мал сою пункті, 13 мал сою алаңдары, 11 мал қорымдары бар, олардың 6 типтік, ал 5-уі қарапайым үлгіде салынған. Байсерке, Ащыбұлақ және Междуреченск округтерінде типтік үлгідегі мал қорымдарын салу жоспарлануда, қазіргі кезде олардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайын.

Сонымен қатар ауданда адамдардың арасында иттер мен кеміргіштердің тістеуінен зақым алу жағдайлары 19,4 % өскен, ветеринариялық пунктерде берілген 82 штаттық бірліктен 43 адам ғана жұмысқа алынған.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1087 кіші кәсіпорын, 1855 шаруа қожалықтары, 4632 жеке кәсіпкерлер бар. Бұл салада барлығы  25876 адам жұмыспен қамтылған.    

Өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтің көлемі 81,1 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,1%, түскен барлық салықтар түсімі – 3,8 млрд. теңге, өсу қарқыны – 0,2%.

Жыл басынан бері 8 кіші кәсіпкерлік нысандары іске қосылып, 35 жаңа жұмыс орындары құрылды.  

Сонымен қатар, ауданда 834 кәсіпорын жұмыс істемей тұр, оның көбі немесе 308-і Өтеген батыр кентінде және 160–ы Боралдай кентінде орналасқан..       

Аудан экономикасының дамуына 17,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 97,5% . Инвестициялардың негізгі көлемі – 8,6 млрд. теңге немесе 50,4 пайызы кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың қаражаты есебінен игерілді. Республикалық бюджеттен 2,7 млрд.теңге немесе 15,8 %, жергілікті бюджеттен 762,9 млн.теңге немесе 4,5 %,  шетел инвесторларының қаражаты 762,9 млн. теңгені құрады немесе – 2,3 %, басқа да несие қаражаттары – 4,6 млрд.теңге немесе 27,1 % құрады.     

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 16,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда – 62,9 пайыз болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,7 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылға қарағанда – 72,7 пайыз.

 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында Жетіген ауылында 25 арендалық тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, бөлінген 123,3 млн.теңге игерілді.

Ауданымыздағы былтырғы жылы басталған Жаңа-Арна ауылындағы 180 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып қалды, Түймебаев ауылындағы 900 орындық, Жетіген ауылындағы 220 орындық орта мектептердің, Междуреченск ауылындағы №16 мектептің спорт залының құрылысы жалғасуда.  Түймебаев және Комсомол ауылдарындағы мектептерге газбен жылынатын қазандықтар салынды.

Энергетик округінің әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып қалды, Чапай ауылындағы 20 пәтерлік коммуналдық және 20 пәтерлік арендалық, Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлік несие үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары және Қосөзен ауылының тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Н.Тлендиев ауылындағы 600 орындық мектептің, Өтеген батыр кентіндегі 1200 орындық мектептің, Байсерке ауылындағы 600 орындық мектептің, Али ауылындағы 300 орындық мектептің, Комсомол ауылындағы 450 орындық мектептің, Құйған ауылындағы № 32 , Жауғашты ауылындағы №27 мектептердің спортзалының, мәжіліс залының және асханаларының құрылысына, аудандық әкімшілік ғимаратын қайта жаңғыртуға және Қосөзен ауылындағы бала бақшасының құрылысын аяқтауға, Өтеген батыр кентіндегі 320 орындық балабақшаның, Өтеген батыр кентіндегі 64 пәтерлік несиелік үйдің және Боралдай кентіндегі 30 пәтерлік коммуналдық үйдің құрылысына  ЖСҚ дайындалуда.

 «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2012 жылға Өтеген батыр және Первомай кенттеріндегі 5 көп қабатты тұрғын үйлер енгізілген.    

Жыл басынан бері «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 24,7 млн.теңгеге Еңбек және Қосөзен ауылдарында  рұқсат етілмеген қоқысты тастайтын жерлерді жою бойынша жұмыстар, ал Жетіген және Ақши ауылдарында иесіз қалған объектілерді бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күнде 7,4 млн.теңгесі игерілді.

 «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Еңбек ауылының сумен қамту жүйесінің қайта жөндеу жұмыстары басталып, бөлінген 47,5 млн.теңгенің 43,9 млн.теңгесі игерілді. 324,9 млн.теңгеге Боралдай кентінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі басталды. Байсерке ауылының сумен қамту жүйесінің құрылысына және қайта жаңғыртуға ЖСҚ дайындауға 9,5 млн.теңге бөлінді.    

Байсерке, Жетіген, Қараой, Междуреченск, Түймебаев, Ақши, Чапаево, КазЦИК ауылдарының, Боралдай кентінің  және Энергетик округының жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, бұл мақсатқа бюджеттен 396,6 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 262,6 млн.теңге игерілді.

Елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстары 287,9 млн.теңгеге, 267,4 млн.теңгеге көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.  

Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 109,4 пайызға орындалып, 32,6 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет 14,3 млрд. теңгеге немесе болжам 102,4 пайызға орындалды, ал жергілікті бюджетке – 16,5 млрд. теңге түсті (болжамға -115,7%). Көлік салығы бойынша жоспар 7,1 пайызға  орындалмай, бюджетке нақты 14,7 млн. теңге түспеді.

Аудан бюджетінің шығыстары 16,3  млрд. теңгені құрап, 99,6 пайызға орындалды.

2012 жылдың 1 шілдесіне бюджетке төленбеген салық пен басқа да міндетті төлемдер сомасы 1200,8 мың. теңгені құрады, жылдың басымен салыстырғанда 590,1 мың. теңгеге немесе 96,6% көбейген  (1.01.2012ж – 610,7 мың.теңге).

Кенттік және ауылдық округтердің әкімдерінің салық берешектерін жинау жұмысымен толық айналыспау себебінен, жеке тұлғалардан түсетін жер және мүлік салығының берешектері 67,4 пайыз ғана жиналды, қарызды жинау кестесі бойынша толығымен 2012 жылдың 1-ші шілдесіне дейін жинап біту керек еді.

Бірінші жартыжылдықта ауданда 600 тұрақты, 233 уақытша және маусымдық жұмыс орындары құрылды. Орташа айлық жалақы 18,3 пайызға көтеріліп, 113300 теңгені құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайыздан 0,2 пайызға, тұрмысы кедейлік деңгейінен төмен адамдардың үлесі 0,13 пайыздан 0,12 пайызға төмендеді. .

Жыл басынан бері жалақы бойынша уақыты өткен қарыз «Специализированное гравиометрическое предприятие» мемлекеттік кәсіпорынында  дебиторлардың атқарылған жұмыстар бойынша қарызынан туындап, 9,6 млн. теңгені құрады .

Сонымен қатар Боралдай қант зауытында 22 адам толық емес жұмыс уақытымен жұмыс жасайды немесе жалақысы сақталмайтын  мәжбүрлі демалыста.

 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіби оқуға 50 адам, қайта даярлауға – 80 адам, біліктілігін арттыруға- 10 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына – 87 адам, жастар тәжірібиесін ұйымдастыруға – 130 адам жолдама алды.

«Несие Мекен» мекемесінен 16 адам 25,5 млн.теңге шағын несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша шілде айының соңында Күрті ауылынан 5 отбасы және Ақши ауылынан 20 отбасы, жалпы жанұя саны 112 адам,  Жетіген ауылындағы  25 тұрғын үйге қоныс аударады. Еңбекке жарамды жанұя мүшелері «Жетіген-Харгос» темір жол желісіне, «Жетісу өнімдері» ЖШС-не, «РСУ-1» ЖШС-не, «Жол жөндеуші» ЖШС-не тұрақты жұмыс орындарына орналасады.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша, өткізілген тендерлерге орай, «РСУ-1» ЖШС-і Жетіген, Жаңа Арна, Қараой, Қосөзен, Жәпек батыр, Қоянқұс, Түймебаев, Жаңа Дәуір, Байсерке ауылдарында және Өтеген батыр кентінде жолдарды ағымды жөндеу жұмыстарын және «Данияр –СЕК» ЖШС-і Өтеген батыр кентінің кәріз жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруда.

Жыл басынан бері 3984 адамға барлығы 41,9 млн. теңгеге әр түрлі әлеуметтік көмек төленді. Одан басқа ауданның мекемелері мен кәсіпорындары 15 мың зейнеткерлерге, мүгедектерге және Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына 16,4 млн.теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті, оның ішінде 1599 аз қамтылған отбасыларға - 2,0 млн.теңгеге.

Ауданда 24 әлеуметтік бұрыштар ашылған, оған 230 аз қамтылған адамдар бекітілген. Сонымен қатар 2 әлеуметтік дәріхана ашылды.

Денсаулық сақтау саласында былтырғы жылы басталған Ынтымақ ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталды. Қосымша 73 штаттық бірлік бөлінді. 10,6 млн.теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен балалар, 46,9 млн.теңгеге аяғы ауыр әйелдер және басқа да санаттағы адамдар 96,5 млн.теңгеге қамтамасыз етілді. Осы шаралардың нәтижесінде ауданда ана өлімі болған жоқ, балалар өлімі 1,5 пайызға (12,7 –12,9 2011 ж болған), туберкулезбен ауыру 1,7 пайызға (46,7 – 47,5 2011 ж), қатерлі ісік аурулары 3,2 пайызға азайған, бруцеллезбен ауыру өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ауданның орташа көрсеткішіне қарағанда балалар өлімінің деңгейі Ақши және Жетіген ауылдық ауруханаларында, Жәпек батыр, КазЦИК және Қараой ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларында жоғары болды.

Ағымдағы жылы 4 білім беру нысандарында 200 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жаңа оқу жылының басына Первомай кентіндегі №24 ОМ ғимаратын күрделі жөндеу аяқталады, ал Көктерек ауылындағы №21 ОМ ғимаратын күрделі жөндеу, Екпінді ауылындағы № 2 ОМ шатырын және  Жетіген ауылындағы «Балдырған» бала бақшасының   күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады.           

 1191 мектеп бітіруші немесе жалпы оқушылар санының 80,2 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ орташа баллы 66,3 болды, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 80,1 болған. Аудан бойынша «Алтын белгі» төс белгісіне 52 үміткердің 10-ы тиісті білім талабын дәлелдеді (2011 ж – 15), үздік аттестатқа – 2 бітіруші, былтырғы жылы 17 бітіруші болған.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін ауданда 474 демалу орындары құрылды. Барлық шаралармен 21471 бала қамтылды немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 81,3 пайызы.

Биылғы жыл басынан бері балабақшаларда қосымша топтар ашылған жоқ. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 46,1 пайызды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 590 баланы қамтитын жаңа 22 топтың ашылуына байланысты қамту деңгейі 48,3 пайызға жетеді.

Аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде 84 мектеп оқушылары тіркелген.

Есепті кезеңде 1498 қылмыс жасалған, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда  942 қылмысқа немесе 2,7 есеге өсті.

Негізінен қылмыстың өсуі басқаның мүлкін ұрлау 306-дан 984-ке немесе 221,6 пайызға өсуіне байланысты болды, 769 қылмыс ашылмай қалды, қылмыстың ашылуы 7,5 пайыз (46,8 пайыз) және мал ұрлау 23-тен 99-ға өсті, 79 фактісі ашылған жоқ, қылмыстың ашылуы 14,3 пайыз (31,8 пайыз) болды.

Қылмыстың барлық түрлері бойынша өсуі Боралдай және Өтеген батыр кенттерінде орын алды.

Междуреченск ауылындағы Мәдениет үйін 130 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері 269 мәдени шаралар өткізіліп, оған 153 мың халық қатысты.

 

 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы                                                А.Кәдір