БАСТЫ > МӘСЛИХАТ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға
арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
01.04.2016

ЖОБА

  

Іле аудандық мәслихатының

2015 жылғы 22 желтоқсандағы

«Іле ауданының 2016-2018 жылдарға

арналған бюджеті туралы» № 52-243

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы               23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының            1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың                                            30 желтоқсанында № 3654 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың                    8 қаңтарында № 2-3 (4638) жарияланған) № 52-243 шешіміне, Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 ақпандағы «Іле аудандық маслихатының                   2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 54-252 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 16 ақпанында № 3716 тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2016 жылдың 26 ақпанында № 11 (4646) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және                  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 81 270 065 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 67 341 813 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 50 700 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 126 200 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 13 751 352 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 5 706 967 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 8 044 385 мың теңге;

2) шығындар 81 982 128 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 48 011 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 69 993 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 21 982 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5 910 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (−) 765 984 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  765 984 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына (келісім бойынша Естеусизова Гүльнар Таутаевна) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Іле аудандық мәслихатының  сессия төрағасы

 

   Іле аудандық мәслихатының

   хатшысы

 ______________ А. Исаев

   ______________ Р. Абилева

        

  

Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі «Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 2-8 шешіміне келісім

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

  

«Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау                                                 Естеусизова Гүльнар Таутаевна

бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысы                                                                               1 сәуір 2016 жыл