БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы  
 
 

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалуы туралы

 

  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында  Қазақстандықтарды жұмыспен қамту және оқутыдың, қайта даярлаудың тиімді жүйесін арттыруды аттап өтті. Сонымен қатар жұмысқа орналастыру, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтырында жұмысқа орналастыру басымдылықтары көзделді.

Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» жаңа Бағдарламасы қабылданып, Іле ауданында «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырылып, жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан  80 азамат іріктелініп  алынды.

Қайта даярлауға  “Альтернатива” Кәсiптiк Лицеймен   келiсiм-шарт жасалды. Барлығы  оқуға 50 азамат келесі мамандықтар бойынша жіберілді: ағаш ұстасы-10 адам, сылақшы-10 адам, электргазбен дәнекерлеуші-10 адам, арматуршы-10 адам, құрылыстың кебу әдісі бойынша маман – 10 адам.

Біліктілігін арттыруда 10 адам «Алтернатива» Кәсіптік лицейде, 10 адам Талғар қалалық агробизнес және менеджмент колледжінде электргазбен дәнекерлеуші мамандық бойынша оқыды.  Қазіргі танда оқуды аяқтағандардың ішінен 56 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Кәсіби оқуға Іле ауданы бойынша 2011 жылы 10 адам (3 жыл оқу мерзімімен) жіберілді. Оның ішінде 2 адам Алматы экономика колледжінде, 6 адам Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде, 2 адам Жетісу Мемлекеттік университет жанындағы колледжде оқиды.

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруда ауданның 5 мекемесiмен келiсiм-шарт жасалды, жалпы 5,434 млн.тенге жұмсалды. Әлеуметтік келісім-шарт бойынша 52 адам 5 мекемеге әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде 24 адам «Жетіген Агро», 6 адам «ТасАгроСервис», 5 адам «КХ Тойшыбеков», 15 адам «EVVA» және 2 адам «КХ Кашагановқа» жіберілді. Олардың ішінен тұрақты жұмысқа 25 адам орналастырылды.

  Екінші  бағыт бойынша  шағын несие алуға 24 адам өтініш берді.  Өтініштерді «Несие Мекен» мекемесі қарастырды. Шағын несие алуға ниет білдірген азаматтардан 11 адам 2011 жылы, жалпы соммасы 22,4 млн.тенгеге несие алды. Қалған 12 адам 2012 жылы несие алуға өтініш білдірсе, ал 1 адам құжаттары толық болмау себебінен несие алудан бас тартты.

           

          Жұмыспен қамту орталығына 2012 жыл басынан бойынша бағдарлама аясында  бірінші бағытына сәйкес  жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан  90 азамат іріктелініп  алынып, оқуға жіберілді.

    Кәсіби даярлауға 80 адам жіберілді. Оның ішінде:

-5 есепші;

-10 тігінші;

-5 тас қалаушы;

-10 шаштараз;

-10 ПЭВМ операторы;

-5 көлік жөндеуші ұста;

-10 электргазбендәнекерлеуші;

-5 көлік электригі;

-5 сантехник;

-5 кеңсе іс жүргізуші.

-5 слесарь КИПиА;

-5 маникюр.

 

Біліктілігін арттыруға 10 адам:

- 5 аспасшы;

- 5 есепші.

          Қазіргі таңда біліктілігін арттыруға жіберілген бағдарлама қатысушылар қатарынан 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

         Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруда ауданның 10  мекемесiмен келiсiм-шарт жасалды. Әлеуметтік келісім-шарт бойынша  77 адам   әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде 27 адам 2011 жылдан бері әлеуметтік жұмыс орындарын жалғастырушылар болса, 50 адам биылғы жылы өтініш бергендер тізімінен.

         Жастар тәжірібиесін ұйымдастыру  шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы 2012 жылы - 22 адам жолдама алып жұмыс істеп жатыр.

         Екінші  бағыт бойынша  шағын несие алуға 100 адам өтініш беріп отыр. Оның ішінде 13 адам  2011 жылы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жіберіліп, кәсіпкерлік негіздерін оқуын бітіруіне байланысты куәліктері берілді. Сондай-ақ 2012 жылы үміткерлердің ішінен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 20 адам өтініш беріп отыр.  Қазіргі таңда барлық үміткерлер құжаттарын толықтырып, жинауда.

Бағдарламаның үшінші бағыты өз қалауымен экономикалық жағдайы төмен аймақтардан  экономикалық белсенді орталықтарға көшуге ықпал етуге бағытталған. Бағдарламаға қатысуға басымдылық мүмкіндігі ауыл жастарына беріледі.Осыған орай қазіргі таңда белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. «Жетіген-харгос» темір жол желісі салынуына байланысты экономикалық өсу деңгейі жоғары Жетіген ауылына  25 тұрғын үй салынды. Экономикалық әлеуеті  төмен Күрті және Ақши аулдарынан  25  отбасы,  жанұя саны 111 адам қоныс аударуға ықылас білдірушілер тізімі анықталды. Қоныс аударуға ықылас білдіргендер ішінен 13 адам кәсіптік оқуға жіберілетін болады.

          Еңбекке қабілетті отбасы мүшелері АҚ ҰК КТЖ Алматы теміржол бөлімшесіне  және Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер «Жетісу өнімдері», «РСУ-1», «Жол жөндеуші», «Полпан Изоляция», «Геокен», АҚ «Алматыоблтяжстрой» кәсіпорындар мен мекемелерге тұрақты жұмысқа трактор машинисті, электргазбендәнекерлеуші, жол монтері, энерго бөлімше монтері, пойыздардың құрастырушысы, жүк қабылдаушы, жол жөндеуші және тағы басқа мамандықтар бойынша  орналастырылатын болады.

   Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен әр апта сайын ауылдық (кенттік) окруктерде жиналыстар, семинарлар өткізіліп тұрады. Әр ауылдық (кенттік) округ әкімдіктерінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асыру барысы жайлы арнай тақталар орнатылған. Онда бос жұмыс орындары туралы, жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы хабарламалар iлiнiп, үнемi жаңадан өзгертiлiп тұрады. Аудандық «Іле таңы» және «Без проблем» газеттеріне бос жұмыс орындары жайлы хабарландырулар апта сайын беріліп тұрады. Аудандық «Илийские Зори» №45 газетінде 21 қазанда «Реализация программы занятости» атты мақала, облыстық «Жетісу» №123 газетіне «Халыққа қажет орталық» атты 2011 жылдың 3 қарашасында мақала, «Іле таңы» газетінде 2012 жылдың 16 наурызында «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының орындалуы туралы анықтама» атты мақала берілді.

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының негізгі
аспектілері бойынша ақпараттық материал

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

 

Мемлекет басшысы өз жолдауында Халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеді.

Ағымдағы жылғы 15 ақпанда өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының жобасы мақұлданды. Бағдарламаны және бағдарлама міндеттерінен туындайтын барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді 2011 жылғы 1 мамырға дейін қабылдау жоспарланған. Бағдарлама 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.

Бағдарламаның мақсаты- жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Міндеттері:

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту;

2. Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

3. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылатын болады:

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Бағдарламаны үш кезеңде іске асыру ұсынылады:

2011 жыл пилоттық жыл болады, бұл Бағдарламаны іске асыру механизмдері мен оны құқықтық қамтамасыз етуді пысықтауға мүмкіндік туғызады.

Екінші кезең: 2012-2015 жылдар және үшінші кезең 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері әлеуметтік келісімшарттармен бекітіледі.

Индустрияландыру картасы жобалары мен Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасында бар және құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істейді.

Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.

Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.

Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- тегін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жолдау;

- оқу және тұру орнына дейін жолақысын төлеуге субсидия беру;

- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;

- психологиялық бейімдеу.

Іске асыру механизмі:

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіреді.

Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады.

Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтер аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жіберіледі.

Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелеріөтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу не өтініш беруші Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі.

Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын анықтау мен өтініш иесін Бағдарламаға қосу жөнінде шешім аудандық (қалалық) деңгейде қабылданатын болады.

Бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.

Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріледі.

Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- консультациялық қызмет көрсету;

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

- Шағын несие беру;

- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.

Шағын несие беру– ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі механизмі болады.

Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Шағын несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі, бұл ретте, ол тұтынушылық мақсаттарға, басқа кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді.

Соңғы қарыз алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Микроқаржы ұйымдарын іріктеуді конкурстық негізде нақты жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

Соңғы қарыз алушы үшін Шағын несие бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.

Шағын несие беру механизмі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.

2) Жергілікті атқарушы орган Шағын несие беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.

3) Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген ережесіне сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микроқаржы ұйымдарын іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.

4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

5) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы жергілікті жұмыспен қамту органының жолдауы бойынша Шағын несие беру туралы өтініммен Бағдарламаға қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді.

6) Микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды.

7) Оң баға алған жобалар бойынша қаржыландыру осы Бағдарламада көзделген шарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен микроқаржы ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ауылдағы кәсіпкерлік объектілеріне қолданылып жүрген инфрақұрылымдарына (яғни, телефон және электр жүйелерінің құбырлары, жылу және сумен жабдықтау) қосымша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қажет болған жағдайда, бұл шығыстарды егер ол елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.

Оның құны бизнес жобаның құнынан аспауы керек.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамытылуын қамтамасыз ету механизмі:

1) Жергілікті атқарушы орган инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органды өзі айқындайды.

2) Бағдарламаға қатысушылар жергілікті жұмыспен қамту органына қажеттілігі негіздемесімен қоса, жобаны инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен өтініш береді.

3) Жергілікті жұмыспен қамту органы қалыптастырған өтінімдердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына енгізеді (болған жағдайда).

4) Аудандық (қалалық) комиссия (немесе инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды және оны жергілікті жұмыспен қамту органдарына және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

5) Оң қорытынды алған жобалар бойынша өтініш беруші мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.

6) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

7) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.

Үшінші бағыт Бағдарламағақатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.

Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу:

бір ауданның ішінде;

бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.

Басым құқықты ауыл жастары иеленетін болады.

Қоныс аударуға қатысуға мынадай критерийлер белгіленеді:

- қатысушы өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар қатарынан болуы тиіс;

экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;

айлық жиынтық табысы бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.

Мұндай жағдайда мынадай қолдау түрлері ұсынылады:

қоныс аударуға субсидия беру;

сатып алу мүмкіндігімен, үлгілік жалға берілетін тұрғын үй беру;

осы бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғылықты жерінде қайта даярлау курстарынан өту;

психологиялық бейімдеу.

Барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау түрлерін ұсыну тәртібі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатқан Ережеде толық бейнеленетін болады.

Жалға берілетін үлгілік тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысымен тікелей жергілікті атқарушы органдар айналысатын болады.

Өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, ертеректе басталған немесе бос тұрған нысандардарды жөндеуді аяқтау мүмкіндігі қарастырылды.

Нақты көшкеннен кейін аталған бағыттың қатысушысы Бағдарламаның бірінші немесе екінші бағыттарына қатыса алады.

Іске асыру механизмі:

1. Егер адамдар экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұратын болса немесе Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол жергілікті жұмыспен қамту органына Ережеде белгіленген құжаттар тізбесін қоса отырып, қоныс аударуға өтініш бере алады.

2. Жергілікті жұмыспен қамту органы Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға берілген құжаттарды іріктеу өлшеміне сәйкес қарайды, қоныс аударудың ықтимал жолдарын өтініш берушімен келіседі және көшетін жеріне байланысты құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.

3. Өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды не енгізуден бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына жібереді.

4. Қоныс аудару бір облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық комиссия әлеуетті қатысушылардың тізімін Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін келісу және қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды.

Өңірлік комиссия азаматтар мен оралмандарды бағдарламаның аталған бағыттарына қатысушылар қатарына қосу жөнінде түпкілікті шешім шығарады және тиісті ақпаратты аудандық комиссиялары мен жергілікті жұмыспен қамту органдарына жібереді.

Бағдарламаны іске асыруды басқару жоғарыдан төмен басқару құрылымына ие болады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссия мен облыстық және аудандық деңгейдегі комиссиялар кіреді.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін аудандық (қалалық) деңгейде Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.