БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле  аудандық  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің  ЖАРҒЫСЫ  

 

1. Жалпы ережелер

1. «Іле  аудандық  жұмыспен қамту Орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) коммерциялық емес ұйым болып табылады және Іле ауданының аумағында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушыларды жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу функцияларын іске асыруға арналған.

2. Орталықтың уәкілетті органы (құрылтайшысы) Іле ауданы әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшы) болып табылады.

Орталықтың құрылтайшысы Заңдарға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес Орталықты құру, оны қайта құру және тарату мәселелерін шешеді.

Құрылтайшының заңды мекенжайы: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, 8 үй.

3. Орталыққа қатысты мемлекеттік басқару органы «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) болып табылады.

4. Орталық заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.

5. Орталық өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

6. Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және де өзге нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

7. Орталықтың қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке балансы, қазынашылықта шоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері мен мөртабандары болады, сотта талапкер және жауапкер  бола алады.

Орталық басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Орталықтың ауылдық, кенттік округтарда штаттық бірліктері болады.

Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері болмайды.

8. Орталықтың құрылымы мен штаттық санын құрылтайшы бекітеді.

9. Орталықтың толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Іле аудандық жұмыспен қамту Орталығы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Центр занятости Илийского района».

10. Орталықтың орналасқан жерінің заңды мекенжайы: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, 7 үй.

 

2. Орталық қызметінің мәні мен мақсаты

 

11. Орталықтың негізгі мақсаты:

1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз халықты кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру болып табылады.

12. Орталық қызметінің мәні:

1) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету;

2) Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау;

3) Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді тіркеу;

4) Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларды санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;

5) Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету;

6) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасау, қатысушылар қабылдаған міндеттемелердің мониторингін жүргізу;

7) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

8) Бағдарламаның жекелеген қатысушыларын оқыту және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім жасасу;

9) оқуды аяқтаған немесе тиісті кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларды ұйымдардағы бос жұмыс орындарына, еңбекақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға ұзақтығы 9 айға дейінгі уақытша жұмыстарға орналастыруға жәрдемдесу;

10) жеке ісін ұйымдастыруға ниет еткен Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру және микрокредиттеу мүмкіндігін қарастыру үшін микрокредиттік ұйымдарға/кредиттік серіктестіктерге жіберу;

11) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына немесе қайта құруға өтінім тізбесін қалыптастыру және оны инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу;

12) экономикалық төмен әлеуетті елді мекендерден ерікті түрде көшуге ниет білдірген Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру;

13) экономикалық жоғары әлеуетті елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы ұйымдардың еңбек ресурстарына деген сұранысын және олардың жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігін айқындау;

14) Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде көшіп келуіне жәрдемдесу және оларға Бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету;

15) Бағдарламаға қатысушыларына Бағдарламаны іске асыру аясында құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдемдесу;

16) Бағдарламаға қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ басқа да аудандық (қалалық) деңгейде көзделген мемлекеттік қолдау түрлерін алуына жәрдемдесу;

17) ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдық жұмыс орындарының,  Бағдарламаға қатысушылардың, оларға қатысты қабылданған мемлекеттік көмек шараларының, әлеуметтік келісімшарттардың орындалу барысының жалпыұлттық дерек қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

18) аудандық комиссияның отырыстарында қарау үшін Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде материалдар даярлау;

19) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаны іске асыру мониторингі, жергілікті атқарушы органдарға талдау және статистикалық ақпарат даярлау және ұсыну;

20) азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау болып табылады.

 

3. Мүлікті қалыптастыру және Орталық қызметін қаржыландыру тәртібі

 

13. Орталық аудандық коммуналдық меншікке жататын  жекеленген мүлікті  жедел басқаруға құқығы бар.

Орталықтың мүлігі құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Орталықтың балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

14. Орталық өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен иелік етуіне құқығы жоқ.

Орталыққа заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

15. Орталық қызметін қаржыландыру:

бекітілген сметаға сәйкес республикалық, аудандық бюджет қаражаты және өзге де заңнамада тыйым салынбаған қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік басқару органының құзыреті

 

16. Мемлекеттік басқару органы:

1) Орталық қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

2) Жергілікті атқару органына Жарғыны бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады;

3) Орталыққа тиесілі мүліктің мақсаты бойынша қолданылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Орталықтың Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды;

5) Орталықты әдістемелік және ұйымдық басқаруды жүзеге асырады.

 

5. Орталықты басқару

 

17. Орталықты директор басқарады.

18. Орталық директорын мемлекеттік басқару органының ұсынымымен аудан әкімі лауазымға тағайындайды және босатады.

19. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және Орталыққа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

20. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның атынан мекемелер мен ұйымдарда өкілдік етеді, заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың мүлігі мен қаражатына иелік етеді, шарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.

21. Директор кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, персоналдың жұмысын басқаруды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

22. Директор Орталықтың қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, марапаттау шараларын қабылдайды, қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданады, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді және заңда белгіленген тәртіппен өз құзырлығы шегінде  шара қолданады. 

 

6. Орталықты тарату және қайта құру

 

23. Орталықтың қызметін тоқтату, қайта құру және тарату арқылы жүзеге асырылады.

Орталықты қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, ажырату, қайта құру) құрылтайшының шешімі бойынша, не сот органдарының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

24. Таратылатын Орталықтың кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкі қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады.