Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырылып, жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан 140 азамат іріктелініп алынып, оқуға жіберілді.
Жұмыспен қамту орталығының 2012 жылды бағдарлама аясында бірінші бағытына сәйкес жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан 140 азамат іріктелініп
-кәсіби даярлауға 50 адам;
-біліктілігін арттыруға 10 адам;
-қайта даярлауға 80адам;
Қазіргі таңда Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруда ауданның 52 мекемесiмен келiсiм-шарт жасалды. Оның ішінде ШҚ «Жетіген Агро», ЖШС «Тас АгроСервис», ЖСШ «ЕVVA», ШҚ «Қашаганов» және ШҚ «Тойчыбеков».
2012жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 50адамға жалпы 11,559 млн тенге жұмсалды.
Әлеуметтік келісім-шарт бойынша 88 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Жастар тәжірібиесін ұйымдастыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы 2012 жылы жоспарланған 136 адамнан - 130 адам жолдама алып Іле ауданының мекемелерінде жұмыс істеп жатыр.
2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2012 жылы бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша 100 адам өтініш беріп, оның ішінде 42 адамның құжаттары мақұлданып, 20 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуын бітіруіне байланысты куәліктері берілді. Қазіргі таңда ЖШС МКО «Несие Мекен»-нен 14 адамға 33,2 млн тенгеге шағын несие берілді. Оның ішінде 11 адам ауыл шаруашығын көркейтуге 3 адам қызмет көрсету саласына.
ЖШС МКО «Инвест»-нен 11 адамға қортынды алынып 36,0 млн тенгеге шағын несие берілу қыркүйек айында көзделуде.
Несие серіктестігін ашу туралы ауданда жеке шаруашылықтар және ауыл шаруашылықтар арасында жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен жиындар өткізілді. Жетіген тұрғыны кәсіпкер Абинева Лаураның басшылығымен, құрамында 5 кәсіпкерден тұратын КТ «ИЛИ» атаулы несие серіктестігін ашты.
Бағдарламаның үшінші бағыты өз қалауымен экономикалық жағдайы төмен аймақтардан экономикалық белсенді орталықтарға көшуге ықпал етуге бағытталған. Бағдарламаға қатысуға басымдылық мүмкіндігі ауыл жастарына беріледі.Осыған орай қазіргі таңда белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. «Жетіген-харгос» темір жол желісі салынуына байланысты экономикалық өсу деңгейі жоғары Жетіген ауылына республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 25 жалгерлік тұрғын үй салынды. Экономикалық әлеуеті төмен Күрті аулынан 4 және Ақши аулынан 21 отбасы, жанұя саны 108 адам қоныс аударуға ықылас білдірушілер тізімі анықталды.
Еңбекке қабілетті отбасы мүшелері 34 адам келесі мекемелерге жолдама алды. «Жол жөндеуші» ЖШС-не 12 адам оның ішінде 10 адам жол монтері, 1 адам жүргізуші және 1 адам бульдозерші; «РСУ-1» ЖШС-не - 12 адам оның ішінде 11 адам жол жөндеуші және 1 адам электрик; «Медиатекс» ЖШС-не 9 адам тігінші; «Мадиев» жеке кәсіпкерге -1 адам нанбайшы.
Оның ішінде 30 адам келкесі мекемелерге:
«Жол жөндеуші» ЖШС-не 10 адам жол монтері, 1 адам жүргізуші және 1 адам бульдозерші; «РСУ-1» ЖШС-не - 11 адам жол жөндеуші және 1 адам электрик; «Медиатекс» ЖШС-не 5 адам тігінші; «Мадиев» жеке кәсіпкерге -1 адам нанбайшы ретінде тұрақтылы жұмысқа орналасты.
Экономикалық өсу деңгейі жоғары Жетіген ауылына Акши және Күрті ауылдарынан қоныс аударатын азаматтарға берілітін 1014,0 млн тенге субсидий тамыз айында отбасыларының арнайы шоттарына аударылды.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша «Данияр СЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «РСУ-1» ЖШС-мен шартнама түзілді .
№2 Лот бойынша Жетіген, Жаңа-Арна, Қараой, Косөзен, Жапек батыр, Қоян-Құс, Туймебаева,Тлендиева, Жана-Дәуір, Байсерке ауылдары және Өтеген батыр кенті бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуге «Ремонтно-строительное управления-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 27 адамға әлеуметтік келісім шарт түзілді.
№1 Лот бойынша Өтеген батыр IV кезең кентінің канализация жүйелерін күрделі жөндеуге «Данияр СЕК» ЖШС –гіне 20 адамға әлеуметтік келісім шарт түзілді.
|