ГЛАВНАЯ > ОТДЕЛЫ РАЙОНА > ЦЕНТР ЗАНЯТОСТИ > ДОКУМЕНТ

 
 
 
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2017 жылдың 9 айға орындалу барысы туралы
АНЫҚТАМА
26.10.2016

 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу  кешенді жоспарына» сәйкес  жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және халықтың нысаналы топтарына кіретін 3051 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Есептік кезеңге 2664 адам қамтылды немесе жоспарланған  көрсеткіштің  87,3 пайызын құрады.
Оның ішінде: «Нұрлы жол» бағдарламасымен - 217, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен – 982,  «Өңірлерді дамыту-2020» - 26, «Аумақты дамыту бағдарламасы» -705 және  жеке ұсыныстар бойынша – 734  адам.            

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен 383,1 млн.теңге қаражат қарастырылған, орындалуы 339,7 млн.теңге немесе 88,7 пайызды құрады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (әрі қарай Бағдарлама) (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге) 582 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде:

- өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ (техникалық және кәсіптік даярлау) бар кадрлар даярлау бойынша 15-24 жас аралығындағы жастар. Аудандық білім беру бөлімімен біргелесіп 92 адам 4 мамандық бойынша оқуға жолданды және олардың барлығы жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйеге енгізілді.

- қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға қайта даярлау курстарына жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 24 мамандық бойынша 490 адам «Прогресс» политехникалық колледжіне жіберілді, оның ішінде 133 адам бітірді, 133 адам жұмысқа орналасты немесе 100%.

Бағдарламаның екінші бағыты (жаппай кәсіпкерлікті дамыту). Аталған бағытта ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Несиенің ең жоғарғы сомасы 18 млн.теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайды.

36 адамға  шағын несие беру жоспарланған, нақты 40 адам 190,0 млн. теңгеге шағын несие алды. Оның ішінде 180,0 млн.теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-ы арқылы  және 10,0 млн.теңге «Бақ-Даулет» кредиттік серіктестігі арқылы берілді.

Оның ішінде - 29 адам ІҚМ  мал бордақылауға(ет-сүт өнімдерін өндіруге), 1 адам - бал-ара шаруашылығына, 2 адам  жылыжай ашуға,  1 адам - балмұздақ цехына,  1 адам - мөр және мөртаңба шығаруға, 1 адам -кірпіш шығарауға, 1 адам - тігін цехын ашуға және 1 адам - сабын шығаратын цех ашуға.

Қызмет көрсету саласында  Байсерке а., 60 орындық 1 бала бақша, 1 – сұлулуқ салонын және 1 – шаштараз  ашуға алды.

Кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін "Бастау Бизнес" жобасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен  жүзеге асырылуда.

2017 жылы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік оқыту негіздеріне бір айлық мерзімге 154 адамды оқыту жоспарланған, 162 адам оқуға жолданды, оның ішінде 116 адам бітірді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бюджеттен 110,5 млн.теңге бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 90 адамға 15,1 млн.теңге қарастырылғын, нақты орындалуы 77 адам, оның ішінде 5 адам жұмысқа орналасуына байланысты жұмысын тоқтатты. Жастар практикасына 34,9 млн. теңге – 95 түлекті жұмыспен қамту жоспарланған, нақты 121 адам жолданып, оның ішінде 69 адам бітірді, 63 адам жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 60,5 млн.теңге 500 адамды жұмысқа жіберу жоспарланған, орындалуы 407 адам, оның ішінде 185 бітірді.

Ауданда  мүгедеклерді жұмысқа орналастыру және олардың үлесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Есептік кезеңге халықты жұмыспен қамту орталығына 75 мүгедек жүгінді, оның ішінде 27-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 10 адам қайта даярлау курстарына оқыды, кәсіпкерлік оқыту негіздеріне 5 адам, қоғамдық жұмысқа 27 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам,  жастар практикасына 1 адам және 2 адам шағын несие алды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар бос жұмыс орындары бар мекеме өкілдерімен тікелей әңгімелесу арқылы ұсынылатын жұмыс түрімен, қызметкерге қойылатын жұмыс берушінің талаптарымен танысып, еңбек заңнамасы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері, жұмыспен қамтудың белсенді түрлері бойынша кеңестер берілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 120 астам адам қатысып, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 25 адам, 29 жұмыс берушілер  155 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер қызықтырған сұрақтарына жұмыс берушілерден тікелей түсініктеме алуға  мүмкіншілік алды. Сонымен қатар жәрмеңкеде  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасы және басқа салалардағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы ауданның жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтары үшін 4 рет  бос жұмыс орындарының  жәрменкелері  өткізілді.

 

Іле ауданы әкімдігінің ХЖҚО директоры м.а.                                             А.Рахимбаев