БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле аудандық жұмыспен қамту орталығының 2015 жылдағы атқарған жұмысы және 2016 жылға арналған жоспары туралы АҚПАРАТ  

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әзірленіп, үш бағыт аясында жұмыстар жүргізуге бағытталды.

Бағдарлама жол картасы бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарламаның басты мақсаты - еліміздегі жұмыссыздық санының азаюына бағытталғандықтан тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

        Аудан бойынша  халық саны 190,3 мың. адамды  құрады, экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  102,1 мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны  97,9 адам.          Оның ішінде  өздігінші  жұмыспен қамтығандардың саны 27,6 мың. адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі 27 пайызды құрады. 2016 жылдың 1 қантарына жұмыссыз  халықтың саны 4200 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,1% пайызды құрады

         2016 жылдың 1 қантарына жұмыспен қамту орталығына 2 700 адам жұмыс іздеп тіркелдi, тiркелген жұмыссыздардың iшiнен  жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны 2217 адам немесе жұмысқа орналастыру деңгейi  82,1%   құрады.

       Бағдарламаның бірінші  бағыты  бойынша  2015 жылы инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге  6 жобаға 125,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

    Жобалардың атауы:

        - Акши  ауылдық елді мекендере  көшелерге жарық жүргізу.

      - Жетіген ауылдық елді мекенде көшелерге жарық жүргізу;

      - Боралдай ауылдық елді мекенде көшелерге жарық жүргізу;

      - Өтеген батыр кенті және Ынтымақ  ауылдық елді мекендердің  көшелеріне жарық жүргізу;

      - Междуреченск және Жауғашты  ауылдық елді мекендердің  көшелеріне жарық жүргізу;

        - Коккайнар және Жапек батыр ауылдық елді мекендердің  көшелеріне жарық жүргізу.

          Бірінші бағыт бойынша жоспарланған 48  жұмыс орындары ашылып,  оның ішінде бағдарламаға қатысушылар есебінен 27 адам жұмысқа орналасты.

      Бағдарламаның екінші  бағыты ауылда кәсіпкерлікті ынталантыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. 

        Шағын несие – жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге 5 жыл мерзімге, 3 млн тенгеге дейін жылдық 6 пайызбен берілуде.

        2015 жылға  республикалық бюджеттен жоспар бойынша 32 адамға 95,0 млн, теңге шағын несие беру жоспарланған.

       Есептік кезеңге 53 адамға жалпы сомасы  124,4 млн.теңге шағын  несие берілді, оның ішінде 10 адам  29,4 млн. теңге қайтарылымдағы қаржы есебінен алды. Олардың екеуі ІІ,ІІІ топтығы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

       Шағын несие алу нәтижесінде: 1 адам - Байсерке ауылында орналасқан «Ниет-Ай» балабақшасын кеңейтуге  5,0 млн. тенге шағын несие алып, қосымша 40 орындық қосымша 2 топ  ашты. Негізінде «Ниет-Ай» балабақшасы 2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы ашылған. Караой ауылында  280 орындық  бала бақша ашылды. 

       2012-2015 жылдар аралығында бағдарлама арқылы 6 бала бақша 500 орынға ашылды.

       Сонымен қатар 4 адам - бетон шығаратын цех,  тігін цехы,   жылыжай  және  сән салонын ашуға алды.

       Қалған 47 адам мал шаруашылығы және ара  шаруашылығын  дамытып  507  ірі-қара  мал басы,  9 бас түйе және 50 дана бал- ара ұяларын  сатып алу үшін алынды. 223 жаңа жұмыс орындары ашылды.

       Сонымен қатар  19 адам кәсіпкерлік негіздерін игеру курстарын оқып сертификаттарын алды.     

        Бөлінген қаржы толығымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау фонды» акционерлік қоғамы арқылы берілуде.

        Бағдарламаның үшінші бағыты - өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды,  табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

       Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші компоненті - бойынша жұмыспен қамтуға 260 жоспарланған, орындалуы  312 адам.

       80 адам қайта даярлау курстарын оқып 100 пайыз жұмысқа орналасты, зейнетақы аударылымдары 100 пайызды құрады.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 70 адамды   9 айлық мерзімге ай сайын 17500 теңге көлемінде еңбек ақымен субсидиялауға  республикалық бюджеттен 11,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

12 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарында 74 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қатынасып тұрақты жұмыспен қамтылды.

       Жастар практикасын  ұйымдастырып  110  жұмыс орнын құруға бөлінген 25,6 млн. теңге қаржы толығымен игерілді.

      158 жас түлек 61 мекемеге жастар практикасына қатысты, оның ішінде 128 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

      Жастар практикасы арқылы жас мамандар өздерінің мамандықтары бойынша тәжрибе алу мүмкіндігіне ие болуда.

       Үшінші бағыттың екінші компоненті аумақты ұтқырлықты арттыру                бойынша   3 отбасы  Рейдер қаласына  қоныс аударды.  Бағдарламаға қатысушылар жаңа тұрғылықты жерінде  жұмысқа орналасып, көшуге байланысты шығыстарға субсидия төленді.                             

       Сонымен қатар қоныс аударған отбасыларына жалдамалы тұрғын-үй беріліп  мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

«Мүгедектерге арналған жұмыс орнына үлесі», мүгедектерді жұмысқа орналастыру туралы 05.08.2013 жылы аудан әкімдіктің қаулысы қабылданды.

Ауданда  мүгедеклерді жұмысқа орналастыру және олардың үлесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Аудан бойынша  мүгедектер саны 4380 адам  немесе жалпы халық санының 2,3 пайызын құрайды. Есептік кезеңге 40 мүгедек жүгінді, оның ішінде 12-сі тұрақты жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмысқа 15 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, 3 айлық қайта даярлау курстарына 1 адам, жастар практикасына 2 адам және 2 адам шағын несие алды.

2016 жылға жоспар:

         Жоспар бойынша экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  -100,6 мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны  -96,4 адам, өздігінші  жұмыспен қамтығандардың саны -25,5 мың. адам, өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі -26,5 пайызды құрау керек, жұмыссыз  халықтың саны -4,2 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi -4,2% пайыз. 

         1550 жаңа жұмыс орындары құрылады (мемлекеттік бағдарламалар бойынша  оның ішінде  «Нұрлы жол»-150, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»-147,  «Агробизнес-2020»-130,  «Өңірлерді дамыту бағдарламасы»-432,  «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған» бағдарлама бойынша-153, және басқа жеке  ұсыныстар бойынша-538)

         2070 адам (қоғамдық жұмысқа 500 адам, үшінші бағытқа 275 адам, екінші бағытқа 37 адам, бірінші бағытқа 22 адам). Кешенді жоспар бойынша жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру 1236 адам жоспарланған; оның ішінде өзін өзі жұмыспен қамтылғандар - 950 адам, жұмыссыздар саны -1120 адам, аз қамтылғандар -46 адам.

         Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша  1 жоба (Ащибулақ ауылында № 19 орта мектепте 43 жұмыс орнын ашу арқылы  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі,оның ішінде ішінде 21 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы).

         Бағдарламаның екінші  бағыты  бойынша  37 адамға 111,0 млн, теңге шағын несие беру жоспарланған.

         Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыспен қамтуға 275 адам жоспарланған, оның ішінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру 110 адам, жастар практикасына -95 адам және 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі.