ЖОБА
Іле ауданы бойынша
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына,12-1 бабының 8) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Іле ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
3. Іле ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы «Іле ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 11 шілдеде №2770 тіркелген, аудандық «Іле таңы» газетінде 2014 жылдың 25 шілдеде №31 (4562) жарияланған) № 6-676 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. «Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директорына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Медеуов
« КЕЛІСІЛДІ»
«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ж. Айтенова
«Аудандық жұмыспен қамту орталығы»
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Е. Жакашев
|