ГЛАВНАЯ > ОТДЕЛЫ РАЙОНА > ЦЕНТР ЗАНЯТОСТИ > ДОКУМЕНТ

 
 
 
2016 жылы Іле ауданында тұратын нысаналы топтарды
анықтау туралы ЖОБАСЫ
06.04.2016

ЖОБА

  

2016 жылы Іле ауданында тұратын

нысаналы топтарды

анықтау туралы

             «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңының  7- бабы 2) тармағының негізінде Іле ауданының   әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

            1.2016 жылы Іле ауданында тұратын нысаналы топтар:

             табысы аз адамдар;

             жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

             балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;

             кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

            Қазахстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

            зейнеткерлік жас  алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

            мүгедектер;

             Қазахстан Республикасының  Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

            бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

           оралмандар;

           жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

           жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

           қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

          терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар анықталсын.

            2. «Iле  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Айтенова Жумакул Смайлқызы) және    «Iле  ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (Джақашев Еркін Абилханұлы) осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазахстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет- ресурсында, сондай-ақ, аудан әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларын және аудан әкімінің мерзімді баспа басылымды «Iле таңы» газетiнде  жүзеге асырылсын.   

             3.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің  орынбасарына  жүктелсін.

           4. Осы қаулы  әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми  жарияланған күннен кейін күнтізбелік он   күн  өткен соң  қолданысқа  енгізіледі.

          

          Аудан әкімі                                                                           Қ. Медеуов

  

« КЕЛІСІЛДІ»

 «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар                                

бөлiмi»  мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы                                                                Ж. Айтенова

 
 

«Аудандық жұмыспен қамту орталығы»  мемлекеттiк мекемесiнiң                                                               

басшысы                                                                                                                  Е. Жакашев