БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
2012 жылдың  3 тоқсанында жүргізілген жұмыстар туралы ЕСЕБІ  

 

«Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, оны жүзеге асыру бойынша және жоспарланған шараларды жүргізу мерзімдері мен толықтылығына тұрақты түрде бақылау жасау анықталды. 2012 жылдан бастап Жаңаталап, Қосөзен, Құйған ауылдарына нақты жоспарлау жобасымен бірлескен бас жоспар әзірлеу жүргізіліп жатыр. Аталаған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бөліммен қала құрылысы құжаттарын әзірлеу үшін бастапқы мәліметтер  қалыпқа келтіруде.

Қала құрылысы құжаттары әзірленбеген (бас жоспарлар, нақты жоспарлау жобасы) басқа да елді мекендерге қатысты, келесі 5 жылдыққа қала құрылысы құжаттарын әзірлеу жоспарланып отырған әсіресе Қарасу, Көктерек, Әли, Еңбек, Қайрат, Жаңа Арна, Ақши, Күрті, Жауғашты, Комсомол, Төле би ауылдары бойынша бөліммен Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген қаржылау кестесі құрылды.   

Сонымен қатар 2012 жылдан бастап Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша «ГРАДО» Жобалау фирмасы» ЖШС Алматы облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысын құру мақсатында Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеуге кірісті,аталған жобаны жүзеге асыру аясында бөлім Өтеген батыр кенті мемлекеттік қала құрылысын толықтыру мақсатында мәліметтерді жинақтаумен айналысып жатыр.

2012 жылдың 3 тоқсанында сәулет және қала құрылысы бөліміне  барлығы 250 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың 146 өтінішіне түсіндірме берілді және 40 өтініш қанағаттандырылды, 64 өтінішке тиым салынды.

Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық сипаттағы маңызды мақсат болып табылатын Қазақстанның  2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі бағыты болып қалады. Осыған байланысты 2012  жылы   жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 22,482 мың шаршы метр құрылыс жүргізілді және пайдалануға қабылданды.

Бөліммен 2012 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету жүргізілді, барлығы 32  сәулеттік – жоспарлау тапсырмасы, жылжымайтын мүлік нысандарын анықтау бойынша 44 анықтама берілді.

 «Қолайлы тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үйі құрылысын дамыту тек қана 2012 жылдан бастап қарастырыла бастады. Аталған бағдарлама бойынша жеке тұрғын үйі құрылысына алаңдар келесі округтерде сақталған:

- Қараой ауылдық округі, Тлендиев ауылында жалпы аумағы 20,0 га жер телімі сақталған, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген, әзірленген нақты жоспарлау жобасы бар.

 - Междуреченск ауылында Шабыт ықшамауданында жалпы аумағы 250,0 га жер телімі бөлінген, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген.

- Өтеген батыр кентінде 64 пәтерлік жалға алу тұрғын үйі құрылысы және 20 пәтерлік тұрғын, үйі құрылысына  жалпы аумағы 2,7 га жер телімі сақталған, жер телімдеріне коммуникациялар жүргізілмеген, нақты жоспарлау жобасы бар.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде және жер телімінің мақсатты тағайындауы бойынша жер телімдерін пайдалану, өз бетінше жүргізілген құрылысты бақылауды күшейту жүргізіліп жатыр, кемшіліктерді анықталған жағдайда материалдар әкімшілік сипаттағы шара қолдану үшін уәкілетті оганға жолданады.2012 жылдың 3 тоқсанында 11 материал «Алматы облысы бойынша сәулет және қала құрылысын мемлекеттік бақылау және лицензиялау басқармасы Департаменті» мемлекеттік мекемесіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық жер инспекциясына жолданды.

Көп жағдайда әкімшілік шара қолдану ұзақ мерзімге созылып кетеді, сол себепті бөлім жұмысының сапасы күшін жояды. Сонымен қатар, әкімшілік сипаттағы қолданған шара қорытындысыз.

Бөлім «Геосәулет» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен республикалық және облыстық маңыздағы жол бойы сервисі нысандарына тексеру жүргізді. Іле ауданы аумағындағы Алматы - Өскемен тас жолының бойындағы Алматы қаласына кіреберіс жерде 37 билборд, 23 жол бойы нгысаны, оның ішінде 10 жанар – жағар май құю станциясы және 9 сауда және тамақтану нысандары, басқа да жол бойы сервисі нысандары, Алматы – Жетіген көлік жолының бойында 78 жол бойы сервисі нысандары,оның ішінде  10 жанар – жағар май құю станциясы, 68 сауда және тамақтану орындары.

«Алматы қаласына кіреберіс жерде жол қозғалысына кедергі келтіретін көтерме сауда орындары мен логистикалық нысандар, өндірістік нысандарды орналастыру бойынша шаралар қолдану туралы» жол бойы сервисі нысандарын анықтау мақсатында бөліммен жол бойы сервисі нысандары бойынша альбомдар жасалынды және жол бойы сервисі нысандарына топографиялық түсірілім түсірілді, түсірілім түсіру барысында кейбір жер телімдерінің нақты орналастыру орны бойынша сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Қазіргі уақытта бұрынғы жол бойы сервисі нысандары үшін бөлінген жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру қиын жағдайды тудырып тұр, себебі заңға енгізілген өзгерістер күрделі құрылыс үшін бұрын бөлінген жер телімдерін пайдалануға тиым салады. Республикалық маңыздағы көлік жолдарының қасындағы жол бойы сервисі нысандарына берілген нысандар Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасынан құрылған қала құрылысы қоғамымен келісілетін, осыған байланысты нысандар эстетикалық келбетке сай болатын, сол себепті ары қарай аталған ұйыммен  жер телімін пайдалануды келіскенін қалар едік.

Соңғы кездері көлік жолдарына бөлінген жерлерде көмір, май сату,ағаш сату және басқа сауда үшін жер телімдері пайдаланылып отыр, ол жол сапасының транспорттық пайдалануын төмендетеді, апаттық жағдайды тудырады. Осыған байланысты аталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту құзіреті жол қызметі службасына жүктелген, алайда аталған кемшілікті жою бойынша ешқандай шара қолданылмай отыр.  

2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес Алматы облысы әкімдігімен 2011 жылы 14 қарашада № 243 «Жарнаманың кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды, аталған қаулыны орындау барысында «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММекемесіне елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру туралы міндеті жүктелді. Осыған орай бөлімде өз бетінше сыртқы жарнама нысандарын орналастырғандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.2012 жылдың 3 тоқсанында жарнама объектілерін орналастыруға 8 рұқсат қағазы берілді. Көп жағдайда көлік жолы қасындағы     жарнама объектілері  заңсыз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 164-1 бабына сәйкес  қосымша уақытша орналасқан сауда орындарын құрту мақсатында, белгілі тәртіппен бөлінбеген жер телімдерінде контейнер орналастырған жер телімдерін өз бетінше мемлекеттің меншігіндегі жер телімдерін босатуды талап ету жер телімінің орналасқан орны бойынша жергілікті атқарушы органдар бойынша жүзеге асады.

  Заңды емес меншік иесі 30 күнтізбелік күн ішінде өз бетінше жер телімін босатуға және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңында қарастырылған жер телімінде тұрғызылған нысанды өз қаржы есебінен бұзып тастауға міндетті.

Егерде заңсыз меншік иесінің тұлғасын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бір ай мерзім ішінде жер телімін өз бетінше басып алу фактісін анықтағаннан бастап жергілікті атқарушы орган жылжымайтын меншік құқығын болмауы туралы мәлімет расталғаннан кейін  және сот шешімі бойынша осындай жер теліміндегі тұрғызылған құрылысты алып тастай алады.

 «Мекен – жай тіркелімі» АЖ толықтыру мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жылжымайтын мүлік орталығы арасында нысандарды салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2012 жылдың 3 тоқсанында «Іле ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жылжымайтын мүлік орталығынан келіп түскен мәліметттерді базасындағы түзету жұмыстарын аяқтады, қазіргі уақытта  «Мекен – жай тіркелімі» АЖ мәліметтер базасындағы геонимдерді салыстыру жұмыстары аяқсыз қалып отыр.

        Сәулет бөлімі заңды түрде құрылыс жүргізушілерге әкімшілік сипаттағы шара қолдану түрінде жазалай алмайды, берілетін ескерту хаттары көп жағдайда ұсыныс жасау ретінде қолданылады және жиі орындалмай қалады.  Сонымен бірге, бөлімде көлік жолы жолағында орналасқан жарнама объектілеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылмаған, бұл заңсыз жарнама объектілерін құрту бойынша шара қолдануға кедергі келтіреді.